1.2. Жүйелік блоктың құрылымы
Компьютерлердің барлық алдыңғы буындарының болашақ бесінші буыннан басты және маңызды айырмашылығы неде?
Компьютерлер өте жылдам дамыды. Лампалық ЭЕМ-де жұмыс істей бастаған программалаушылардың біразы әлі күнге дейін пайдаланылуда. Бұл тіпті 1980 жылдардағы және 2010 жылдардағы ІV буын компьютерлері өздерінің бір біріне ұқсамайтындығына қарамастан орын алып отырған құбылыс.
Ендеше, жүйелік блоктың да сыртқы құрылысы мен ішкі құрылысы да дамып отырады деген сөз. Жалпы жүйелік блок дегеніміз не?
Жүйелік блок – енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын компьютердің негізгі бөлігі. Осы өңдеуші құрылғыларға жүйелік тақта, ішкі дискіенгізгілер және әр түрлі жүйелік жабдық, соның ішінде бейне тақта мен дыбыстауыш тақталар кіреді.Жүйелік блок (Системный блок; system block) - дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары (процессор, жедел жад, дискілер жөне контроллерлер) мен қоректендіру блогы орналасқан блок. Бұның құрамында сыртқы мәлімет жинақтауыш, кейде дисплей мен пернетақта да орналастырылады; компьютердің орталық құрауыштары (процессор, жедел жад, көмекші схемалар, қоректендіру көздері және қуыс-орындар) қондырылған аналық тақша орналасқан қорап. Артқы жағында әр түрлі шалғай құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар (порттар), ал алдыңғы бетінде жарық диодтық индикаторлар бар.
Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.
Процессор (ағылш. central processing unit, CPU - Орталық есептеуіш бөлім)
1) программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған компьютердің негізгі құрылғысы, қызметтік бөлігі. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өндеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді;
2) мәліметтерді өңдеу кезінде кейбір алдын ала есептеу жұмыстарын немесе ұйымдастыру қызметін атқаратын машиналық программа.
Процессорды компьютердің жүрегі десекте болады. Компьютеріңіздің есептеу жылдамадығы осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады. Intel-дің екі ядролық процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore деп аталады. Процессордың жиілігін жоғарлатудан жарыс бітті. Процессордың жиілігі жоғарлаған сайын оның жылу бөлуі де жоғарылайды. Бұл әрине тиімсіз болды. Бұны бір корпусқа екі процессор орнату арқылы жеңді. Процессорлар такталық жиілігі, кэш жадысының көлемімен, платаға орналасатын ұяшықтарының түрімен әр түрге бөлінеді.
Қорытынды
Өз басым осы компьютердің құрылысымен таныса отырып, оның әрбір құрылысын жеке дара зерттеп қарағандықтан, ақпараттық технология туралы көзқарасым түбегейлі өзгерді. Себебі, қазіргі заман технологиясын пайдаланбайтын, ноутбукты пайдалана алмайтын адам жоқ деп есептеймін. Ноутбуктың өз артықшылығы болғанымен, ескі болсада үй үстелінде тұратын компьютердің де өз артықшылығы бар. Себебі, компьютердің «миы» жүйелік блок компьютермен бірге дамып отыр. Бірақ қазіргі уақытта біздің қолданып жүрген жүйелік блогымыз сенімді құрал болғанымен көлемі жағына үлкен, артқы жағына шығып тұратын шұбатылған сымдар қолайсыз. Балаларғада қауіпті, қауіпсіз техника ережелеріне сәйкес болмаған деп ойлаймын.
Сондықтанда «болашақ жүйелік блок» сымсыз, көлемі шағын, сыйымдылығы үлкен, мониторға тікелей жалғанған болса, қазіргі заман талабына сай және техникалық қауіпсіздік ережелерін сай болар еді. Осыған орай «болашақ жүйелік блок» атауын «миркоблок» деген атаумен ауыстырғым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |