Реферат тақырыбы: Жүйке жүйесі



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата18.12.2023
өлшемі377,03 Kb.
#140423
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
анатомия (6)

 
 
 

II. Негізгі бөлім
3.Жүйке жүйесінің құрылымы мен қызметі 


Адам денесінде болатын жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы 
құрайды. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке 
жасушалары – нейрондық денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны 
сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро 
болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен 
байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен 
қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның 
тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша 
болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. 
Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон 
болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді. 
Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді: 

сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді); 

байланыстырғыш - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға 
өткізеді; 

қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі 
мүшелерге өткізеді.
Жүйке жүйесіне ми, жұлын және жүйкелер жатады. Жүйкелер жүйке 
жасушаларының (нейрондардың) өсінділерінен түзіледі. Жүйкелер адам 
денесінің барлық жеріне таралған, барлық мүшелерді ми және жұлынмен 
байланыстырады. Егер қозғалтқыш нейронның ұзын өсіндісінен 
(аксондарынан) тұрса, ол қозғалтқыш жүйке. Сезгіш нейронның қысқа 
өсінділерінен (дендриттерінен) тұрса, ол сезгіш жүйке деп аталады. Бұл 
жүйкелерден басқа аралас жүйкелер де болады, ол нейронның аксоны мен 
дендриттерінен түзіледі. Аралас жүйкелер арқылы қозу орталық жүйке 
жүйесіне және одан мүшелерге беріледі.
4.Жүйке жүйесінің бөлімдері 
Жүйке жүйесін орталық және шеткі деп үлкен екі топқа бөледі. Орталық жүйке 
жұлын жатады. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйке 
жүйесіне – ми мен жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады. 


Жүйке жүйесі 1-ми; 2-жұлын; 3-4- жүйкелер 
Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлімі сомалы 
(грекше «soma» – дене), ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлім вегетативті 
(«vegeto» – қоздырамын) жүйке жүйесі деп атайды.Жүйке жүйесінің сомалы 
бөлімі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырады, 
тітіркендіргіштерді қабылдайды. Адам еркіне байланысты қозғалыстарды 
басқарады. 
Жұлын – орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа 
жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42–45 см, салмағы 34–38 г. 
Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға 
дейін созылып жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан 
созылған тік сайшалары (борозды) болады. Ол жұлынды оң және сол жақ 
жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы 
жұлын өзегі бар. өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр 
заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың 
сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. 
Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық 
жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан 
тарайтын жүйкелердіңқұрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке 
талшықтары болады. Жұлын жүйкелеріқолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа 
бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек 
артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін қозу жұлынның тек алдыңғы түбірі 
арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бір-бірімен 
қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, 
қозғалтқыштық әрекеті де жойылады. 


Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да 
болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын 
айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару 
орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығының ұлғаю орталығы арқа бөлімінде 
және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және 
мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары – дене, аяқ-қол 
бұлшықеттері, тынысалу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның 
қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тынысалу, ішкі мүшелер 
жұмысында өзгерістер болады. 
5.Жүйке жүйесінің физиологиясы 
Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық 
тыныштық және физиологиялық белсенділік. 
Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені 
ойламай, тындамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл 
кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан 
тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады. Бүл 
кезде ұлпалардың клеткаларыңда белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. 
Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір 
жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық 
белсенділікке ауысады. Организмнің қаңдай да болмасын жеке мүшесі немесе 
мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын 
физиологиялық белсенділік дейді. 
Физиологиялық белсенділік — кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, 
мүшелер жүйелері қызметін күшейтеді.Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту 
мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-қан тамырлар, 
тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді.Мүндай жағдайда сыртқы 
ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді.Адам денесіндегі 
көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. 
Тітіркену деп — сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру 
қабілетін айтады.Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін тііркендіргіш деп 
атайды.Олардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық 
тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштер төртке бөледі: 
физикалық, химиялық, физикалық — химиялық және биологиялық 
тітіркендіргіштер. Физикалық 
тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, , қысым т. б.) және электрлік 
әсерлерді айтады. 

Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамыңдағы органикалық және 
бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, тұздар 
және олардың ертінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері 
жатады. 



Физикалық-химиялықтітіркендіргіштерге 
ертінділердегі 
заттардың 
парциалдық қысымы, осмостық қысымы, иондардың (аниондар мен 
катиондар) және түрлі заттардың концентрация айырмашылықтарының 
әсері (айталық, 5% және 7% тұз қышқылының ертінділерінің әсерінің 
айырмашылығы) жатады. 

Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі макро және микро организмдердің 
әсерін жатқызуға болады. 
6.Жүйке жүйесінің филогенезді және онтогенезді дамуы 
Жүйке жүйесінің филогенезді дамуы 
Эволюция барысында жүйке жүйесінің күрделенуі жүрді. Жүйке жүйесінің 
филогенетикалық дамуында негізгі үш сатыны ажыратуға болады. Дамудың бұл 
сатылары қазір өмір сүріп жатқан омыртқалылардың жүйке жүйесінің 
құрылысында өз көрінісін тапқан. 
1 саты — диффузды жүйке жүйесімен анықталады. Жүйенің бұл құрылысын 
ішекқуыстыларда көруге болады. Жасушалар бір-бірімен тұтас тор құрай 
байланысқандықтан жүйке жүйесінің бұл құралуын торлы жүйке жүйесі деп 
атайды. Жоғары омыртқалыларда аталған жүйенің элементтерін жүйке 
өрімдерінде байқауға болады. 
2 саты — ганглионарлық немесе түйінді жүйке жүйесінің түзелуі. Жүйке 
жүйесінің бұл түрі жазық құрттарда анықталады. Жүйке жасушаларының бір 
жерге жиналуының нәтижесінде жүйке орталықтарының – ганглийлердің пайда 
болуымен сипатталады. Кейбір құрттарда түйіндердің жұп құрауы бұл жүйенің 
күрделі түрі болып табылады, оны жүйке жүйесінің сатылық (баспалдақтық) 
түріне жатқызады. 
3 саты — хордалыларда анықталатын түтікшелі жүйке жүйесінің пайда болуы. 
Жүйкелік түтікшенің қалыптасуымен сипатталады. Омыртқалыларда түтікшенің 
алдыңғы бөлігі қарқынды өсіп бас миына айналады. Балықтарда жоғарғы 
біріктіруші орталық сопақша ми, ал қосмекенділерде жақсы дамыған қыртысы 
бар аралық ми болып табылады. Балықтар мен қосмекенділерде үлкен жарты 
шарларда тек йіс сезу ғана іске асырылады. 
Құстар мен сүтқоректілерде мидың жарты шарлары жақсы дамыған, бірақ 
құстарда ми қыртысы аз жетілген. Ол үлкен жарты шарлардың жоғарғы бетінің 
жуандаған аймағы болып анықталады, үстінде жүлгелер болмайды, оның көп 
бөлігін жолақты дене құрайды. Бірақ құстардың орталық миының қыртысы өте 
жақсы жетілген, ол негізгі көру орталығы болып табылады. Сүтқоректілерде 
көру орталығы үлкен жарты шарлардың қыртысында орналасқан, ол аймақта 
қыртыс өте жақсы дамып жетілген. Жолақты денеден қыртыстың мөлшері 
көбірек болады, қыртыс екінші реттік немесе жаңа жамылғыны құрайды. 
Жүйке жүйесі эволюциясының принциптеріне жатады: 



Жүйке жүйесінің өзгеруі оның ежелгі құрамының тұтасынан қайта 
құралуының есебінен көрі, жаңа элементтердің бұрыннан бар 
құрылымдардың үстінен түзілуі және жаңадан пайда болған бөлігіне 
ежелден бар бөліктің бағынышты болып қалыптасуы арқылы жүреді. 

Екінші жол жүйке жасушаларының, оның ішінде рефлекторлық 
доғалардың 
ендірме 
жасушалардың 
санының 
және 
олардың 
байланыстарының артуы арқылы жүзеге асыру. Бұл принципті интенсивті 
деп атайды, ол омыртқалылардың жүйке жүйесінің дамуында орын алған, 
ең оңтайлы болып табылады. 

Үшінші - экстенсивті принцип жасушалардың жалпы саны өзгермей, 
олардың көлемі мен өсінділерінің тармақталуының өсуіне негізделген. 
Жүйке жүйесі дамуының төменгі сатыларында кездеседі, оңтайлылығы 
төмен болады. 
Жүйке жүйесінің онтогенезді дамуы 
Жүйке жүйесінің даму негізі нейроэктодерма болып табылады. Ол 1) жүйкелік 
түтікшеге және 2) жүйкелік айдаршаға дифференцияланады. Жүйкелік айдарша 
екі ганглиоздық табақшаға бөлінеді. Жүйке жүйесінің морфогенезінің негізгі 
компоненттеріне жатады: 1).эмбрионалдық индукция; 2).радиалды глияның 
және хемотропизмге негізделе бағытталған аксондардың нақты орын 
ауыстыруы; 3).байланысушы жасушалардың фенотипін тұрақтандыру 
мақсатындағы нейрондардың арасындағы нейро-трофикалық арақатынас; 
4).жасушалардың бағдарланған физиологиялық өлімі (апоптоз). 
Жүйкелік түтікше бес қабаттан тұрады: ішкі шекаралық мембрана, эпендималық, 
мантиялық (плащтық) қабаттардан, шеткі пердеден және сыртқы шекаралық 
мембранадан. Эпендималық қабат қарқынды түрде митозбен бөлінетін 
вентрикулярлық 
жасушалардан 
құралған. 
Пролиферациясын 
аяқтаған 
жасушалар мантиялық қабатқа орын ауыстырады, бірақ олардың біраз бөлігі 
орнында қалып эпендималық глияға негіз болады. Мантиялық қабатқа орын 
ауыстырған жасушалардан детерминацияның нәтижесінде екі түрлі жасушалық 
дифферон түзеледі: нейрогендік және глиогендік (спонгиогендік). Нейрогенді 
негізден нейроциттер, ал глиогендіктен, эпиндималықтан басқа, бүкіл макроглия 
жасушалары туындайды. Шеткі перде алғашқы екі қабаттың жасушаларының 
өсінділерінен тұрады. 
Орталық жүйке жүйесінің барлық жасушаларының пайда болу көзі митозбен 
бөліну қабілеті бар вентрикулярлық жасушалар болып табылады. Эпендималық 
қабаттың ішінде орын ауыстыру барысында олар пішіндерін өзгертеді. Бөлінуін 
аяқтаған нейробластылар, және бөлінуге қабілетті глиобластылар мантиялық 
қабатқа ауысады. 
Вентрикулярлық жасушалардың біразы эпиндималық қабатта қалып, 
эпендималық глияға және оның бір түрі радиалды глияға айналады. Бұл глияның 
өсінділерінің бойыменен нейробластылар эпендималық қабаттан жүйкелік 
түтікшенің сыртқы қабаттарына ауысады. Бас миының үлкен жарты 
жарларының және мишықтың қыртысының түзелуі кезінде нейробластылар 


мантиялық қабатқа ғана емес, шеткі пердеге де орын ауыстырғандықтан сұр зат 
бұл мүшелерде шеттеп орнығады. Мишықта нейробластылар алмұрт тәрізді 
жасушалардан тұратын ганлионарлық қабатты түзейді. Біраздан кейін олардың 
бір бөлігі кері қайтып түйіршікті қабатты береді. 
Нейробластылардың эмбриогенезде орын ауыстыруының бұзылуы агирияға - 
жарты жарлардың қатпарларының аз дамуына әкеледі. 
Жұлынның дамуы кезінде нейробластылардың шеткі пердеге ауысуы жүрмейді, 
сондықтан сұр зат мантиялық қабаттан түзеліп, шеткі пердеден ақ зат пайда 
болады. Жұлын жүйкелік түтікшенің кеуделік бөлігінен дамиды. Жүйкелік 
түтікшенің ішінде ликвор ерте пайда болады. Ликвордың кұрамында ақуыз 
ересек адамдардікінен көрі 20 есе көп. Ликвор дамып келе жатқан 
медуллобластылардың қоректенуін қамтамасыз етеді, әрі оның құрамында 
мүшенің дамуында керекті реттеуші факторлар болады. Көбейген 
медуллобластылар эпендималық қабаттан мантиялық қабатқа орын ауыстырады. 
Мантиялық қабаттан кейін сұр зат, ал шеткі пердеден ақ зат пайда болады. Сұр 
заттың алдыңғы бағанында орналасқан нейробластылар қимылдатқыш 
нейрондарға айналып моторлық ядроларды түзейді. Олардың аксондары тез өсіп 
жұлыннан алдыңғы түбіршік түрінде шығады. Осымен қатар жұлын ганглиінің 
нейробластылары сезімтал нейроциттерге айналады, олардың аксондары 
жұлынның артқы түбіршігін құрай мантиялық қабатқа кіреді де 
мотонейрондармен немесе артқы бағанның интернейрондарымен синапс 
құрайды. 
Бас миының дамуында бірнеше сатыны ажыратады. 

Үш ми көпіршігінің сатысы. Бұл сатыда бас түтікшесінің алдыңғы бөлігі 
үш кеңейме түзейді (эмбриогенездің 4 аптасы) алдыңғы ми 
(прозенцефалон), ортаңғы ми (мезенцефалон) және ромб тәрізді ми 
(ромбэнцефалон). 

Бес ми көпіршігінің сатысы. Эмбриогенездің 5 аптасында алдыңғы ми 2 
бөлікке бөлінеді: ақырғы (телэнцефалон) және көз көпіршіктерімен аралық 
ми (диэнцефалон). Ромб тәрізді ми артқы миға және миелэнцефалонға 
бөлінеді. Ақырғы мидан көпір және мишық пайда болады. 
Миелэнцефалоннан сопақша ми түзеледі. 

Орын ауыстыру сатысы. Эмбриогенездің 5-10 апталарында өтеді. Бұл 
мезгілде ақырғы мидың тез өсуі және дифференциялануы басталады, 
қыртыстық және қыртыс асты орталықтар түзеледі. 

Ми құрылымдарының ішкі дифференцировка сатысы. Эмбриогенездің 10-
20 апталарында жүреді. Бас миында жартышарлар оның ең үлкен бөлігіне 
айналады, негізгі бөлімдердің; йірімдер мен жалдардың түзелуі жүреді. 
Мишықтың құрылысы дефинитивті сипатқа енеді. Бас миының қарқынды 
миелинденуі, тікенекті аппараттың қалыптасуы өтеді. Олардың 
құрылысының қалыптасуы нәресте туғаннан кейін аяқталады. Бір 
пирамидалық нейронның үстінде 6000-ға дейін тікенектер пайда болады. 


7.Сомалық және Вегетативтік жүйке жүйелері 
Анатомиялық тұрғыдан жүйке жүйесінің екі бөлігін ажыратады: 

орталық (ОЖЖ): бас миы және жұлын 

шеткері (ШЖЖ): жүйке түйіндері, жүйке бағандары (жүйкелер немесе 
жүйкетер) және жүйкелік аяқтамалар 

Қызметтік тұрғыдан жүйке жүйесінің екі бөлігін анықтайды. 

сомалық (соматикалық) 

вегетативтік (автономды) 
Сомалық және вегетативтік жүйке жүйелерінің айырмашылығы қызметтік 
көрсеткіштерімен ғана шектелмейді. Олардың құрылысы, құрамына кіретін 
құрылымдық элементтері де, атап айтсақ жүйкелік ядролары, түйіндері, 
бағандары, әрқилы болып келеді. Осыған сәйкес бұл жүйенің құрамындағы 
рефлекторлық доғалар да өзгеше болады. 
Сомалық жүйке жүйесі сомиттерден дамыған мүшелерді – теріні, қаңқалық 
бұлшық еттерді, байламдар мен сіңірлерді жүйкелендіруге қатысады. Бұл 
мүшелердің қызметін адам өз қалауынша өзгерте алады. 
Вегетативті (немесе автономды) жүйке жүйесі келесі мүшелерді жүйкелендіре 
отырып, ағзаның вегетативті қызметтерін қадағалайды: 1) тамырлардың тонусын 
және жүректің жұмысын; 2) бронхтардың тонусын; 3) жылуды өндіру мен 
сыртқа шығаруды (мысалы тер арқылы); 4) ас қорыту мүшелерінің моторикасын 
және сөл бөлуін, сонымен бірге зәр шығару жолдарының моторикасын; 5) көздің 
жазық бұлшық еттерінің тонусын. Бұл қызметтерді адам өз қалауынша өзгерте 
алмайды, сондықтан да оны автономды дейді. 
Вегетативті жүйке жүйесі, өз кезегінде, екіге бөлінеді: симпатикалық және 
парасимпатикалық. 
Әдетте мүшеге бұл екі жүйенің де эффекторлық талшықтары келіп, тітіркену 
кезінде бір - біріне қарама - қарсы ықпал көрсетеді. 
Симпатикалық жүйке жүйесі ағзаны шұғыл өзгеріске бейімдеуге қатысады. 
Мысалы, терінің және ішкі мүшелердің тамырларының қысылуының, жүрек 
соғуының артуының әсерінен қанның қысымы көтеріледі; бронхтардың 
кеңеюіне байланысты тыныс алу белсенділігі жоғарылайды; энергия өндіру, 
онымен қатар дене қызуы және жылу бөлу артады; ас қорыту мүшелерінің 
моторикасы мен өнім өндіру қабілеті төмендейді, зәр шығару азаяды; көз 
қарашығы кеңейеді. 
Парасимпатикалық жүйке жүйесі қалпына келу үрдістерін қамтамасыз етеді: 
тамырлардың тонусы мен жүректің жұмысы төмендейді; бронхтардың 
кішіреюіне байланысты тыныс алу әлсірейді; энергияны өндіру баяулайды (тер 
бөлуге парасимпатикалық жүйке жүйесі ықпал жасамайды); ас қорыту жүйесі 


мүшелерінің қызметі артады, зәр бөлу белсенді түрде жүреді; көз қарашығы 
кішірейіп, цилиарлық бұлшық еттер жиырылады. 
Орталық және шеткері жүйке жүйелерінің морфологиялық құрылымының 
негізінде нейрондардың өздерінің қызметін атқару үшін ансамбльдерге бірігуі 
немесе интеграциясы жатады. Нейрондардың интеграциясы нәтижесінде 
рефлекторлық доғалар түзеледі. 
Рефлекторлық доға дегеніміз ағзаның белгілі сыртқы немесе ішкі тітіркендіруге 
жауап беруін қамтамасыз ететін сезімтал, ассоциативті (ендірме) және 
қимылдатқыш нейрондардың тізбегі. Сомалық жүйеге тән рефлекторлық доға 
(1сурет) келесі нейрондардан құралады. 
Сезімтал нейрондардың денесі үнемі жүйке түйіндерінде, яғни жүйке жүйесінің 
шеткері бөлігінде орналасады. Мысалы, жұлынның артқы түбіршектерінің 
бойында орналасқан жұлын түйіндері, немесе бассүйек-ми жүйкелерінің 
бойында орналасқан бастың сезімтал түйіндері (жұлын түйіндерінің 
аналогтары). Ганглийлердің екеуінде де анықталатын нейрондар жалған 
униполярлы, өйткені олардың денесінен шығатын дендрит және аксон бір-біріне 
өте жақын орналасқан. 
Рецепторлық нейрондардың сезімтал аяқтамалары сомалық мүшелерде 
орналасады. Ал дендриттері аяқтамалардан аралас жүйкелерінің құрамында 
шығып, жұлынның артқы түбіршектерімен бірге нейронның денесіне барады. 
Сезімтал нейрондардың аксоны жұлынға кіреді. Кейбір жағдайда олар 
жұлынның сол аймағында ассоциативті нейрондарда аяқталады, кейде сезімтал 
нейронның аксоны жұлынның артқы бағандарының құрамында сопақша мидың 
ядроларына дейін көтеріледі. 
Ассоциативті жасушалардың денелері сомалық рефлекторлық доғаларда 
орталық жүйке жүйесінің сұр затында анықталады. Бірінші ассоциативті 
нейронның денесі жұлынның алдыңғы немесе артқы мүйіздерінің бірінде немесе 
сопақша мидың ядроларында орналасады. Доғаның құрамына кіретін келесі 
ассоциативті нейрондардың денелері орталық жүйке жүйесінің басқа 
бөлімдерінде болуы мүмкін.
8.Рефлекс,рефлекстік доға 
Ағзалар тіршілігіндегі барлық ерекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Оны 
рефлекстік реттелу дейді. 
Рефлекс (латынша - жауап қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге 
орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару әрекеті. Рефлекстер 
рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады. Рефлекстік доға 5 
бөлімнен тұрады: 

жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабыл-даймын, қабылдаушы); 

сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді); 



жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі); 

қозғалтқыш нейрондар; 

тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.). 
Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жүйке ұштары) әр түрлі 
тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды. 
Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу 
орталық жүйке жүйесінде талданып, одан қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс 
атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауға болады. 
Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса ғана рефлекс 
болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады 
(болмайды). 
Жүйке жүйесінің құрылымын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым неврология 
деп аталады. 
Адам организміндегі жүйкенің сезімталдығы мен қызметінің бұзылуы –жүйке 
жүйесінің ауруларын тудырады. Оларға орталық және шеткі жүйке жүйесі 
құрылымдарының өзгерістері, жүйке-психика аурулары (нервоз) жатады. Жүйке 
жүйесінің белгілі бір жеріндегі рефлекс процесіне қатысты организмнің белгілі 
бір тіршілік әрекетін реттейтін нейрондар тобы – жүйке орталығы болады. 
Жүйке орталығын құратын нейрондар қозу және тежелу синапстері арқылы 
өзара байланысып, нейрон торлары деп аталатын күрделі жүйе құрайды. 
Невралгия (грек тілінен neuron – жүйке және algos – сырқырау, ауырсыну) –шеткі 
жүйкенің ұстамалы ауруы. Невралгияның пайда болуына жүйкенің қабынуы, 
жүйкенің шоғырланған жері мен омыртқа жотасының аурулары немесе тіндер 
мен органдардың жарақаттануы, инфекция түсуі (тұмау), қатты суық тию, т.б. 
әсер етеді. Невралгияға үш тармақты, желке және қабырға аралық жүйкелер жиі 
шалдығады. Үш тармақты жүйкенің Невралгиясы сәбидің алғаш тісі шыққан 
кезде қиындықтар туғызса, жұлған тістің орны қабынып, қатты суық тисе не 
инфекция түссе, сондай-ақ пульпит (тіс тінінің қабынуы) және периодонтиттің 
(тіс түбінің сыртқы қабығының қабынуы) асқынуынан болады. Бұл кезде беттің 
бұлшық еті тітіркеніп, адамның аузын ашуы, жұтынуы, жөтелуі қиындайды, ауру 
ұстамасы кенеттен болып, бірнеше минуттан бірер сағатқа созылуы мүмкін. 
Желке Невралгиясы кезінде негізінен мойын ауырады. Ал қабырға аралық 
жүйкенің Невралгиясы омыртқа жотасының ауруынан, әсіресе адамға қатты 
суық тиюден болады. Емі: Невралгияны туғызған ауруларды емдеу, 
поливитаминдер егу, физиотерапия, т.б. қолдану. Көп жағдайда үш тармақты 
жүйкенің Невралгиясына хирургиялық операция жасалады. 
Шизофрения, биполярлық аурулар мен қояншық ауруы (эпилепсия) кеңінен 
мәлім және көбінесе невролог дәрігердің немесе психиатрдың іс тәжірибесінде
жиірек кездеседі. 
Қояншық (эпилепсия) — (грек. epіlambano – шап беріп ұстаймын, шабуыл 
жасаймын), қояншық – жиі кездесетін ұстамалы аурулардың бір түрі. 
Эпилепсияны белгілеріне қарай ұзақ уақыт идиопат. (генуинді) және симптомат. 


деп бөлген. Эпилепсия туралы алғашқы деректер Гиппократ еңбектерінде 
“қасиетті ауру” деген атпен, әр түрлі себептермен туындайтын бас миының 
ауруы ретінде айтылған. Әбу Әли ибн Сина ұстамалы аурудың клиник. 
көріністері мен емін толық сипаттап жазған. Эпилепсия белгілі бір мерзімде 
қайталанып, науқас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті 
төмендейді. Эпилепсия ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Көбінесе, сәби 
құрсақта жатқанда не туылғаннан кейін миында ісік болуынан, ми шайқалғаннан 
немесе қабынуынан, мидың әр түрлі ауруларынан (менингит, арахноидит, 
арахноэнцефалит), т.б. жағдайлардан болады. Сондай-ақ әке-шешесі маскүнем 
болса, олардың балаларының да Эпилепсияға шалдығуы мүмкін. Кейде бұл ауру 
тұқым қуалайды. Эпилепсия 10 – 15 жастағы балаларда байқалады. Ауру ұстар 
алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дірілдеп, көзі қарауытады, 
бір жерді шыр айналып, айқайлап, есінен танып құлайды. Аузынан көбігі ағады, 
басын соғып, тілін шайнайды. Денесі сіресіп, көгеріп қатып қалады да, бірнеше 
секундтан кейін басын соққылап, селкілдей бастайды. Бұдан кейін науқас адам 
біразға дейін есін жия алмай, ұйықтап кетеді. Оянғанда не істеп, не қойғанын 
білмейді. Кейде ауру жеңіл ұстап, селкілдемей-ақ есінен танып құлайды, ұстама 
тез басылады. Эпилепсияның қайталап ұстауы көбіне ешбір себепсіз болады. 
Кейде қорыққанда, бір нәрсеге ашуланғанда, шаршағанда жиілеуі мүмкін. 
Эпилепсияның ұзақ уақыт ұстайтын түрі де болады. Мұндай кезде науқас адам 
селкілдеп құламайды. Бірақ псих. әрекеті өзгеріп, мінез-құлқы бұзылады. Науқас 
тұнжырап, айналасында болып жатқан жағдайға көңіл бөлмей, өзіне қойылған 
сұраққа жауап бермейді. Оның көз алдына әр түрлі зат елестейді, дыбыс естіледі, 
әр жерден бірдеңе іздеп әуреге түседі. Қасындағы адамға ретсіз тиісіп, ұрысады, 
үйден шығып кетуі де мүмкін. Кейде өзін-өзі жұлып, бетін тырнайды, қолына 
түскен затты сындырады, айқайлап, жылап, қатты күйзеледі. Ұстама біткеннен 
кейін осы істегендерінің біреуін де есіне ала алмайды. Эпилепсия асқынған 
сайын жиі ұстап, науқас адамның мінезі, жүріс-тұрысы, ой-өрісі өзгеріп, ойын 
дұрыстап жеткізе алмайтын болады. Ұмытшақ болып, сәл нәрсеге ренжіп 
қалады. Өзін ренжіткен адамға өшігіп, ол адамды ешқашан ұмытпайды. Емі 
аурудың түрі, себебі және ағымына қарай тағайындалады. Аурудың белгісі 
білінісімен емдеуді ерте бастаған тиімді болады. Ең алдымен Эпилепсияға не 
себеп болғанын анықтап алады. Ауру ұстаған кезде оны тарқататын 
препараттармен қатар, науқасқа организмін әлдендіріп, иммунитетін көтеретін 
дәрі-дәрмек беріледі. Ауру адамға дұрыс тамақтану, мезгілімен ұйықтау, диета 
сақтау, отбасындағы және еңбек ұжымдағы жағымды жайлардың маңызы зор. 
o




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет