Реферат тақырыбы: Жүйке жүйесі



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата18.12.2023
өлшемі377,03 Kb.
#140423
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
анатомия (6)



М.КАНАПИЯНОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ «ППУ» КЕАҚ 
НАО «ППУ» ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ М.КАНАПИЯНОВА 
РЕФЕРАТ 
Тақырыбы: Жүйке жүйесі 
Пәні: Анатомия,физиология және гигиена негіздері 
Орындаған: БББ-21/9 тобының студенті Алтыкей А.Б 
Тексерген: оқытушы Макратова Д.М 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар 
 


I. Кіріспе 
1.Жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік 
2.Жүйке жүйесінің маңызы 
II. Негізгі бөлім
3.Жүйке жүйесінің құрылымы мен қызметі 
4.Жүйке жүйесінің бөлімдері 
5.Жүйке жүйесінің физиологиясы 
6.Жүйке жүйесінің филогенезді және онтогенезді дамуы 
7.Сомалық және Вегетативтік жүйке жүйелері 
8.Рефлекс,рефлекстік доға 
III. Қорытынды 
 Дереккөздер 
 
 
 
I. Кіріспе 
1.Жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік 


Жүйке жүйесі — адам мен жануарлар ағзаларының қоршаған ортаға бейімделуін 
реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін нейрология 
(гр. neurologia; neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. 
Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. 
Жалпы сипаттамасы: 
Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін 
біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз 
қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. 
Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, 
өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш 
және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке 
жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған. 
2.Жүйке жүйесінің маңызы 

Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек 
пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, 
сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы 
да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. 

Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы 
үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ 
бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды 
жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, 
асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды. 

Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. 
Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның 
жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті 
(машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп 
тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға 
жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке 
жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты). 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет