Реферат Тақырыбы: «Жүйке жүйесінің физиологиясы»



бет2/5
Дата25.05.2023
өлшемі28,4 Kb.
#97474
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
ОФД Реферат1

Тақырып өзектілігі : Жүйке жүйе физиология тек оқушыларға ғана емес, жалпы адамзат баласының барлық жүйелерін қамти отырып, адам ағзасындағы әрекеттер, жүйке жүйесінің қызметі, жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы, сонымен қатар эффекторлық нейрон жүйелерін, жүйке жүйесінің қозу өткізу заңдарын қамти, тәжірибелерге сүйене отырып, сол тәжірибе негізінен туған жүйке жүйесінің физиологиясын берілген объектіні қамту.

Негізгі бөлім


1. Жүйке жүйесінің дамуы. Жүйке жүйесі тұтас ағзаны байланыстырып, тіршілік қызметін реттеп отырады. Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі дегеніміз - нейрондардың жиынтығын айтады. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен, физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Ми мен жұлынды кескенде, оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге болады. Сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қабығымен қапталған жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі (перифериялық) дәнекер қабықпен қапталған жүйке талшықтарының шоғырынан түзілген. Оған жүйке түйіндері мен гангли жатады. Нейрон - ол жүйке жасушасы. Нейрон арасын нейороглия толтырады. Нейрондар пішіні мен көлемі жағынан әр түрлі. Ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады. Нейронның ұзын өсіндісін аксон деп, ал қысқа тармақталған талшығын дендрит дейді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жерін аксон төмпешігі дейді. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор (қабылдауыш) болады. Ал орталық жүйке жүйесіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір-бірімен түйісіп синапс құрайды. Қозу серпінісін рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы сезімтал (афференттік), ал орталықтан қозуды шеткі мүшелерге жеткізуші талшықты қозғалтқыш (эфференттік), сезімтал жүйке мен қозғалтқыш жүйке жалғастыратын жүйкені аралық жүйке деп атайды. Жүйке талшықтарының майлы жұмсақ қабықтарының болу-болмауына байланысты миелинді және миелинсіз деп ажыратады. Нейроглия нейрон аралығын толтырып жататын жасушалар, нейрондарға қаннан қорек заттарын алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді, сұйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін бір қалыпта сақтап нейрон тіршілігіне қажетті жағдай жасайды. тармақтарының санына қарай нейронның бірнеше түрлерге бөледі: көп тармақты нейрон - мультиполярлы, қос тармақты нейрон- биполярлы, бір тармақты нейрон- униполярлы. Атқаратын қызметтеріне қарай нейронды бірнешеге бөледі: сезімтал, қозғалтқыш, аралық, тежеуші нейрондар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет