3.Рефлекс,оның түрлері. «Рефлекс» термині алғаш ретчех физологы И.Прохаскаямен ұсынылған. «Рефлекторлық доға» туралы алғашқы түсінікті 1850 жылы ағылшын физиологы М.Холл берген , ол қоздырғыштардың афференттік және эфференттік жолдармен таралу заңдылықтарын анықтады. Орыс физологы И.М.Сеченов 1863 жылы өзінің «Ми рефлекстері» атты еңбегінде ағзалардың және адам организмінің қызметтері рефлекстік механизммен реттелетіндігін түсіндірді. Нерв жүйесінің негізгі қызметі – рефлекстік іс-әрекет.Рефлекс дегеніміз — міндетті түрде орталық нерв жүйесінің қатысуымен жүретін , организмнің сытқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясы.Рефлекстің екі түрі ажыратылады:1)Шартсыз рефлекстер: жұлын немесе ми сабауы арқылы іске асырылатын,организмнің тітіркендіргіштерге туа біткен (тұқым қуалайтын ) реакциясы.2)Шартты рефлекстер: жоғары нервтік іс-әрекеттің негізін құрайтын,міндеті түрдеүлкен ми сыңырлары қыртысының қатысуымен жүретін, туа біткен шартсыз рефлекстер негізінде пайда болатын организмнің уақытша реакциясы . Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды қызметтерінің бірі рефлекстерді келістіру, үйлестіру, координациялау болып табылады. Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері - жұлын және ми. Жұлын омыртқа бағанының каналында орналасқан. Жұлын сұр және ақ заттан тұрады. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарса, ақ зат қозуды өткізеді. Жұлында дене (құрсақ), аяқ-қол және мойын бұлшықеттерінің рефлекторлы орталықтары орналасқан, олардың қатысуымен бұлшықеттердің жиырылуы (тізе, ахиллов рефлексі), созылу рефлекстері, бүгу рефлекстер орналасқан. Мысалы, дәрет жіберу және дефекация, аталық жыныс мүшелерінің әрекеті, , асқорыту бездерінің сөл бөлінуі, асқорыту жолдарының қимылының қызметін реттейтін орталықтары жұлында орналасқан. ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады.
4.Орталық жүйке жүйесінің функционалдық қызметі. Ми мен жұлынның байланысы.Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады.Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады.Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі.Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан.Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді.Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі органдардың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік бунағында; симпатикалық бөлігінің орталық жұлынның VІІІ мойындық, І – XІІ кеуделік, І – ІІ белдік бунағында орналасқан.Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғ. вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы болып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады.
Қорытынды
Белгілі бір қызметті бірігіп орындауға қатысатын нейрондар тобын нерв орталықтары деп атайды. Адам ағзасындағы қандай да болмасын әрекеттер жүйке жүйесінің қызметіне байланысты және соған қатысатын нерв орталықтарының, ондағы нейрондардың қызмет қабілетінің жағдайына байланысты. Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаныңәсерлеріне бейімделуін ОНЖ -дегі ағзаның қызметін –үйлесімділік дейді. ОНЖ-дегі бір нерв орталығында пайда болған қозу мен тежелудің көрші орталықтарына жайылуын, таралуын иррадиациялану дейді. Нерв орталықтарында қозу мен тежелуге керісінше, тежелу қозуға жылдам ауысады. Сонымен қатар, бір нерв орталығының қозуына байланысты екінші бір нерв орталығының қозуы тежеледі және керсінше, бір нерв орталығы тежелгенде, екіншісінің қозуы күшейеді. Мұны қозу мен тежелудің индукциясы (лат.индукция-орнату, кіргізу) дейді. Бірнеше нерв орталығындағы қозу мен тежелу бір орталыққа жинақталады. Мұны қозу мен тежелудің жинақталуы дейді. Нерв орталықтарының қызмет атқаруының негізгі қасиеттерінің біріне доминанта жатады(лат.доминанта - басым). Оның негізін ең алғаш А.А.Ухтомский ұсынған. Доминанта дегеніміз ОНЖ қызметінде бір нерв орталығының қозуы басқаларының қозуын өзіне тарту арқылы белгілі бір сәтте басымырақ болады да, басқа орталықтарының қызметін өзіне бағындырады. Балаларда басымдылық оңай және жеңіл пайда болады. Сондықтан да балалардың зейіні тұрақсыз: жаңа тітіркендіргіштер оның миында басқа орталықтың басымдылығын тудырады. Әртүрлі талшықтар арқылы келген қозулардың ұшырасуын конвергенция (лат. конвергенс - түйісу) дейді. Айталық, дыбыс, көру, тері рецепторларынан келген қозулар бір нейронда түйісу мүмкін. Жалпы алғанда, балалардың жасына қарай ұшырайтын үйлесімділіктің кейбір кемшіліктері жасы ұлғайған сайын бәсендеп, 18-20 жаста толық жойылады да, үйлестіру қабілеті толық қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ж.К.Ермаханы «Тәнтану» Алматы 2004 ж.
2. М.Дайырбекова «Адам анатомиясы» Алматы 2002 ж.
3. Рақышев «Адам анатомиясы» 1 том Алматы
4. Рақышев «Адам анатомиясы» 2 том Алматы
5. М. Нұрышев «Адам анатомиясы» Алматы 2006 ж