2 Сана
3 Түйсіну, қабылдау
4 Ойлау
5 Сөз
6 Есте сақтау
7 Зейін
8 Пайдаланған әдебиет
Жоғары жүйке қызметі Әрбір адамның өзіне тән мінез-құлық ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің негізінде қалыптасады. И. М. Сеченов адамның психикалық іс-әрекеттерінің жүйке жүйесінің рефлекторлық қағидаларына негізделетінін дәлелдеді.
И. П. Павлов өз еңбектерінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қызметін жоғары жүйке қызметі деп атады. Жоғары жүйке қызметі аркылы ағза үнемі өзгеріп тұратын сырткы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Орталык жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі тек ағзаның өзінде ғана жүретін қызметтерді реттеуғе бағытталады. Адам алдына белгілі бір мақсат қойған кезде, оны жүзеге асырудың жолдарын саналы түрде ойластырады. Соған сәйкес әрекет жасайды.
Адамның жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттерге сана, ойлау, сөз, еңбек ету кабілеті, қоғамдық өмірге бейімделуі жатады.
Сана Сана — тек адамға ғана тән айналадағы бар нәрсені психикалық бейнелеудің көрінісі. Саналы адам деген ұғымда терең мән бар. Сана адамның білім дәрежесін, шығармашылык қабілетін, ой-өрісін байқататын көрсеткіш. Сана — адам миының ең жоғары деңгейдегі қызметі.
Кейде адам кейбір іс-әрекеттерін сананың бақылауынсыз-ақ орындай алады. Мысалы, әбден дағдыға айналған іс-әрекеттер (жазу, оқу және т. б.). Адамның санасы аркылы жеке басы қоршаған ортамен байланысқа түседі. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды, өз білгенін басқаларға үйретеді. Адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынас құралы — сөз. «Сөзі түзудің өзі түзу», «жақсы сөзге кұлақ сал, жақсы ақылды сұрап ал» деген нақылдардан сананың көрінісі айқын байкалады. Сана адамның бойындағы танымдық үдерістермен тығыз байланысты. Сана түйсіну, ұғу, зейін, ее және ойлау қасиеттерін қамти отырып, өзінің үғымдық ауқымын кеңейте түседі.