Каучук — қатты зат. Молекулалық массасы 150000—300000 шамасында. Табиғи каучуктың макромолекулалары тізбекті құрылымды, оратылып түйіншектеліп жатады.
Каучуктың аса маңызды қасиеті — оның майысқақтығы. Яғни, сыртқы күштің әсерінен каучук өзінің пішінін өзгертіп - созылып ұзарады немесе сығылып қысқарады. Сыртқы күштің әсері тоқтағаннан кейін бастапқы қалпына қайта келеді. Каучук суды, газды өткізбейді және электроқшаулағыш. Каучуктың суда ерімейтіндігін өздерің білесіңдер. Ол этил спиртінде аздап ериді, ал бензин мен хлороформ сияқты еріткіштерде әуелі ісініп, сосын ериді.
Темппература жоғарылағанда — каучук жұмсарып жабысқақ, ал температура төмендегенде — қатайып морт сынғыш болады. Ұзақ сақтағанда, каучук қатайып кетеді.
Каучуктың жоғарыда айтылған қолайсыз қасиеттерін жою үшін оны резеңкеге айналдырады. Резеңкенің иілгіш, созылғыш қасиеттері каучуктыкінен де жоғары. Оның үстіне, резеңке каучуктан гөрі берігірек және температураның ауытқуына төзімдірек болады.
Табиғи каучук – аморфты, кристалды түрге айнала алатын зат.
Табиғи өңделмеген каучук – ақ немесе түссіз зат.
Суда, спиртте, ацетонда ерімейді. Ал ароматты көмірсутектерде (бензин, бензол, эфир) еріп техникада кеңінен қолданылатын коллоидты қосылыстар түзеді.
Табиғи каучуктың молекулалық құрылысы біртекті, қасиеттері қолайлы және өндіріс зауыттарында өңдеуге болатын зат.
Каучуктың қолайлы және қажетті қасиеттерінің бірі ол майысқақтығы – каучуктың белгілі бір күш әрекет еткен соң оның бастапқы қалпына келуі. Каучук майысқақтық тұрақтылығы белгілі бір температурада ұзақ уақытқа сақтала алады. Ұзақ сақталған каучук уақыт өте келе қатайа бастайды.
2.3 Каучуктың алынуы және қолданылуы Табиғи каучукты, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады. Каучук алу үшін өсімдіктің қабығын кертіп тіледі. Сол тіліктен ағатын сүтті шырынды (латексті) — каучуктың коллоидті ерітіндісін жинап алады. Сосын ерітіндіге электролитпен әсер етіп немесе қыздырып коагуляциялап (ірілендіріп) каучук жасайды. Эксперименттік жолмен каучук, негізінен, 2-метилбутадиен-1,3-тің (изопреннің) полимері (С5Н8)n екені анықталды.
Бір бразилиялық гевеия ағашынан орташа есеппен жылына 2-3 кг. каучук алуға болады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін орташа есеппен бір гектар жерден жылына 300-400 кг. каучук алуға болатын еді..Бұл көрсеткіш өте төмен болды, өйткені адам қажеттілігінің өсуі жылдан-жылға арта түсті. Сондықтан синтетикалық каучук алу қажеттілігі туды. Бұл біріншіден жұмыстың уақытын үнемдеуге, екіншіден жұмыс күшін үнемдуде қолайлы болатын еді.
Технологияның дамуна байланысты качуктың тек синтетикалық түрін алып қана қоймай каучуктың температураға, қысымға және т.б. қоршаған орта әсеріне төтеп беретін қасиеттерге ие болатынын алу қажеттілігі туды.
1910 жылы Лебедев ең алғаш рет синтетикалық каучук алды.Синтетикалық каучук алу заттарының бірі этил спирті болады.
Этилспиртінен бутадиен алынды өйткені бутадиен изопренге қарағанда қолайлы болды.
Содан соң полимеризация нәтижесінде металдық натрий қатысында синтетикалық каучук алынған болатын.
1932 жылы осы ашылудың нәтижесінде Ресейде жасанды каучук өндіретін екі үлкен зауыттың соғылуына алып келді. Лебедев тәсілі өте қолайлы болдыКаучуктың жоғарыда айтылған қолайсыз қасиеттерін жою үшін оны резеңкеге айналдырады. Резеңкенің иілгіш, созылғыш қасиеттері каучуктыкінен де жоғары. Оның үстіне, резеңке каучуктан гөрі берігірек және температураның ауытқуына төзімдірек болады.
Каучукты вулканизациялап (вулкандап), яғни күкірт қосып қыздырып, резеңкеге айналдырады. Резеңкеден шиналар, шлангтер, конвейер ленталары және тұрмыста қолданылатын көптеген заттар алынады
Қорытынды Каучук негізінде өндірілген резина қазіргі заманғы өндіріс заттарына қойылған талаптарға жауап беретін болғандықтан, табиғи каучук, жасанды каучук және оның туындылары, оның ішінде резинаға көп көңіл бөлінуде. Сонымен Каучуктың негізгі қасиеті – оның майысқақтығы. Пішінінің түрліше өзгеруінен – қысу, созудан кейін каучук өзінің алғашқы пішініне қайта оралады.