ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Даналық» колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Каучуктың құрылысы, қасиеті, алынуы мен қолданылуы Орындаған: Мұсабекова А.
Қабылдаған: Байгалиева М.
2020 оқу жылы
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Каучуктың құрылысы
2.2 Каучуктың касиеті
2.3 Каучуктың алынуы және қолданылуы
ІІІ Қорытынды
Кіріспе
Бүгінгі таңда халық шаруашылығы мен өнеркәсіптің барлық салаларында қолданыс тапқан каучук және оның өдірістерінің өндіріс дамыту ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Каучуктен соңғы кезде алынатын резина өнімдері көп қолданыс тапқан. Автомобиль шиналары, камералары, тұрмыста қолданылатын резина заттары өндірісінде жасалатын химиялық анализде, олардың көмегімен сапалық қасиеттерін анықтап отырады.
Каучук өндірісінде екі проблема қарастырылады , олар: Белгілі қасиеті бар, арзан каучук алу технологиясын жасау; Каучук алу барысында жасалған химиялық зерттеулерді жетілдіріп, экспресті, арзан, дәл анықтау тәсілдерін жасау.
2.1 Каучуктың құрылысы
Каучукты адамдар ертеден білген. Оңтүстік Америка елдерінде қазу жұмыстары жүргізілген кезде резеңке доптары табылған, олар тұрмыс – салт мақсатында қолданылған. Европалықтар каучукпен алғаш рет ХVI ғасырдың аяғында Х. Колумб серіктестерімен Оңтүстік Америкаға (Гаити) келіп түскенде жергілікті тұрғындардың доп ойнағанын көргендерінен бастап танысқан. Индейліктер сүтті шырынды «као чо» - ағаштың көз жасы деп атаған, содан каучук деген атау шыққан. Изопреннің полимерлену реакциясын диендер тақырыбында қарастырдық. Полимерлену барысында молекулалар бір-бірімен 4-және 1-көміртек атомдары арқылы өзара сызықты қосылады. Табиғи каучук изопреннің цис-олимері, құрамындағы метилен топтары—СН2 қос байланыстың бір жағын ала орналасады.
Изопреннің құрылым мономері ретті қайталанып отырады. Полимердің осындай құрылымының аркасында оған майыскақтық қасиет тән болады. Каучук макромолекулаларының құрылысы сызықтық болғанымен, түзу созылып жатпай, оратылып бірнеше рет иіліп түйіншектеліп жатады. Каучукты созған кезде, олар жазылып, каучук ұзарады. Ал созуды тоқтатқанда, оратылып түйіншектелген бастапқы қалпына қайта келеді.