Реферат Тақырыбы: Кәсіби аурулар Тобы: 218зд-9/20 Орындаған:Қыдырбай д қабылдаған: Назар. Д.Қ



бет1/4
Дата25.03.2023
өлшемі25,62 Kb.
#76057
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Ðåôåðàò Òà?ûðûáû Ê?ñ³áè àóðóëàð Òîáû 218çä-9 20 Îðûíäà?àí ?ûäû 2





Жамбыл жоғарғы медициналық колледжі


Реферат


Тақырыбы: Кәсіби аурулар
Тобы: 218ЗД-9/20
Орындаған:Қыдырбай Д
Қабылдаған:Назар.Д.Қ
Жоспар

I. Кіріспе


II. Негізгі бөлім:
1. Кәсіби аурулардың жіктелуі.
2. Кәсіби ауруларды анықтау жолдары
3. Аурулар түрлері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кәсіби аурулар - белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 - 20 мин), техникалық шараларды іске асыру - кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 - 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеумметтік қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.

Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер әрқилы. Олардың әсерлерінен тек кәсіби аурулар ғана емес, сонымен қатар кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі. Өндірістің аумағында немесе тікелей жұмыс орнында істейтіндер мен ағзалардың механикалық, термиялық, химиялық және электрлік зақымдануларынан болған жіті аурулар жатады.
Кәсіби аурулардың жіктелулері толық жасалмаған, себебі олардың клиникалық көріністері полиморфты болып келеді және көптеген ағзалар мен жүйелердің өзгерістерімен сипатталады. Алайда кейбір кәсіби аурулар түрлерінде басым зақымданатын ағзалар мен жүйелері болады, мысалы тыныс, қан, жүйке, тірек-қимыл аппараты, есту мен көру ағзалары, т.б.Сондықтан қазіргі кезде этиологиялық себептерге сәйкес жалпылай топтастыру, яғни кәсіби аурулар тудырған өндірістік фактордың сипатына байланысты жіктеледі.
Кәсіби аурулардың этиологиялық себебіне сәйкес топтары:
1. Физикалық себептерден туындаған кәсіби аурулар; өндіріс шаңдары (пневмо-кониоздар, шаңды бронхит, т.б.)
2. Өндірістік ортаның физикалық әсерлерінен туындаған кәсіби аурулар (тербеліс ауруы ; қарқынды шудан, әртүрлі сәулеленуден, сыртқы ортаданың жоғарғы және төменгі температурасынан болған зақымданулар)
3. Өндірістік ортаның химиялық әсерлерінен болған кәсіби аурулар (әртүрлі жіті және сүлелі уланулар)
4. Биологиялық әсерлерден болған кәсіби аурулар (инфекциялық материалдармен не жануарлармен қатынаста болатын еңбеккерлерде, сол секілді туберкулезге қарсы және инфекциялық емдеу мен профилактикалық медициналық мекемлердегі қызметкерлер дамыған әртүрлі жұқпалы инфекция-лық және паразитарлық аурулар; антибиотиктерден, грибоктар мензат түзетін қабілеті бар саңырауқұлақтар және т.б. туындаған аурулар)
5. Кейбір ағзалар мен жүйелерге шамадан тыс күш түсуден дамыған кәсіби аурулар (тірек-қимыл аппаратының, шеткілік нервтер мен бұлшықеттердің аурулары)

Кәсіби ауруларда науқас адамды әлеуметтік-еңбектік және медициналық сауықтыру өте маңызды болып саналады және оның мақсатына ауырған адам денсаулығын қалпына келтіру болып табылады.


Науқас адамды сауықтыру комплексіне мына шаралар жатады:
1. Кәсіби ауру мен кәсіптік емес аурулардың бастапқы түрлерін ерте және уақытында анықтау;
2. Аурудың патогенезіне негізделген емді тағайындау;
3. Науқас адамды тиімді еңбекке уақытша немесе тұрақты түрде орналастыру немесе бойындағы ауруына сәйкес медициналық және еңбектік болжамдарын ескере отырып белгілі мерзімге оны еңбектен толық босату.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет