Реферат Тақырыбы: Кәсіби аурулар Тобы: 218зд-9/20 Орындаған:Қыдырбай д қабылдаған: Назар. Д.Қ



бет2/4
Дата25.03.2023
өлшемі25,62 Kb.
#76057
түріРеферат
1   2   3   4
Тербеліс ауруы
Тербеліс ауруы - клиникалық симптомдарының полиморфтылығымен және ағымының ерекшеліктерімен ажыратылатын, кәсіптік аурулар. Негізгі этиологиялық факторлары өндірістік вибрация.Тербеліс ауруы көбінесе машинаны құрайтын жұмысшыларда, металлургиялық, құрылысты, авиа- және кеме құрылыстарндағы, тасты өндіретін құрылыстарда, ауыл шаруашылығымен айналысатындарда, көлік және ауыл шаруашылығының басқада салаларында қызмет ететін жұмысшыларда кездеседі. Соққылы немесе айналмалы әсерлі қол механизімінің аспаптарымен жұмыс істейтін жұмысшылар вибрацияның әсеріне ұшырауы мүмкін. Оларға металды кесетіндер, қалыпшылар, бұрғышылар, тас кесушілер, ұштағыштар, слесарлар жатады.

Патогенезі: Ауру тірек қимыл аппаратының, жүрек тамыр жүйесінің және жүйке жүйесінің қызметтерінің бұзылуымен көрінеді. Жергілікті және жалпы вибрация нервті-рефлекторлы және нейрогуморалды жүйелердің механизмін бұзады. Вибрация күшті тітіркендіргіштердің әсерінен терідегі, нервтегі және нерв бағанындағы рецепторларға әсер етіп, симпатикалық нерв ұштарындағы норадреналин секрециясын күшейтеді. Норадреналиннің бір бөлігі қанға түсіп тамырлардың тонусын жоғарлатады, ол өз кезегінде қан қысымды жоғарлатады және ангиоспазмды тудырады. Вибрацияның әсерінен адамдарда Фатер-Пачини денешіктерінде, жүйке талшықтарында, жұлын нейрондарында, ретикулярлы формация бағанында, омыртқа аралық ганглиларда және симпатикалық шекаралық бағаналарда өзгерістер болады.
Тербеліс ауруының профилактикасы.
1. Жұмыстың ұйымдастырылуының дұрыстығы (әр бір сағат сайын 10 минуттық үзіліс, өндірістік жаттығулар, бөлмедегі температура 16°С төмен болмау керек).
2. индивидуалды профилактика (жұмысшылардың инструктажы, алақанның беті мен қолға арналған арнайы қолғаптар).
3. цехтардағы профилактикалық медициналық процедуралар (ыстық сумен ванналар, УФС, В1, С1 және РР витаминдерін қабылдау).
Кессон және биіктік аурулары
Ағзадағы сұйықтық пен газдағы қысымға сәйкес келуіне байланысты қалыпты жағдайларда адам қоршаған ортаның қысымын сезбейді.
Кессондық (декомпрессиондық) ауру. Жоғарғы қысымды камераларда емдеулер мен операциялар кезінде, кессонды жұмыстағы, су асты жүзулері кезінде, су асты үйлеріне түсу кезіндегі өндірістік орындардағы адамдар жоғары газ қысымының әсеріне душар болады.
Патогенезі: Кессон ауруларының клиникада жедел және сүлелі түрлерін ажыратады. Ауырлық ағымына байланысты кессондық аурулардың жеңіл, орташа және ауыр түрлерін ажыратады. Ауырлық жағдайларында клиникалық көріністері декомпрессия кезінде немесе одан кейінгі алғашқы минуттарда, ал жеңіл түрлерінде алғашқы симптомдары әдетте кешірек 2-4 сағаттан кейін немесе 12-24 сағаттан кейін және оданда кеш пайда болады. Егер жеңіл түрінде теріде қышу (<<кессонды қышыма>>), теріде бөртпе , бұлшық еттік және буындық аурулар, жалпы дегбірсіздік, пульс пен тынысты жиілеуі , ал декомпрессионды аурудың ауыр түрінде бұлшық еттер де буындарды, сүйектерде ауырсыну,кеудедегі ауырсыну, аяқ құлдардың салдануы, тыныс пен қан айналымының бұзылыстары, естен тану байқылынады. Қан айналымның жақсы жүруіне байланысты, бас миының зақымдануы сирек кездеседі. Аурудың орташа ауырлық дәрежесі ішкі құлақтың, асқазан ішек жолдарының, көру ағзасының зақымдануымен жүреді, бұл кезде ең алдымен Мен бер синдромы дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет