Медициналық этиканың модельдері Моральдық және этикалық аспектілерді реттеуді сәйкестікке келтіру үшін медициналық этика мен медициналық деонтология қолданылады.
Медициналық этика-бұл медициналық көмек көрсетудің моральдық-этикалық және адамгершілік қағидалары мен принциптерінің жиынтығын құрайтын кәсіптік этиканың алуан түрлілігі. Медициналық этика клиникалық медицина мен ғылыми зерттеулерде үлкен маңызға ие моральдық принциптердің жүйесі.
Қазіргі уақытта Т.Бичамп және Д.Чилдрес сынды америкалық ғалымдардың еңбектерінде ұсынылған этикалық принциптер жүйесі ең мойындалған болып табылады. Ол медициналық жұмыскердің пациентпен өзара әрекеттесуінің 4 моделінен тұрады.
1. Гиппократ моделі («зиян тигізбе» принципі). Гиппократ орнатқан дәрігерлік ету принциптері (460-377 жж. б.з.д.). Өзінің атақты «Антында» Гиппократ дәрігердің пациент алдындағы міндеттерін қалыптастырған.
2. Парацельс моделі («жақсылық жаса» принципі). Принциптердің негізін Парацельс қалаған (1493-1541жж.). Негізгі мәні патернализм(лат. paternus-әкелі, әкелік) дәрігердің пациентпен эмоционалдық және рухани байланысы.
3. Биоэтика («адамның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу). Пациенттің, тұлға ретінде, құқықтары мен бостандықтарын сақтау, пациент құқықтарын сақтау (таңдау құқығы, ақпарат алуға құқығы, т.б.)
4. Деонтологиялық модель («борышты сақтау» моделі). Медициналық қауымдастық, социум орнататын қағидалар жинағын қатаң сақтау.
Медицинадағы әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеген кезде қазіргі уақытта барлық денсаулық сақтау жүйесін оның сансыз өзіне тән ерекшеліктерімен реттеудің қалай өтіп жатқанының жалпы суреті қалыптасқан. Дәрігерлік істің бірыңғай құрылымында емдеу ісінің алуан түрлі: мораль, мораль нормалары, адамгершілік сынды бағыттарында басталатын сансыз әлеуметтік қатынастарды реттейтін қоғамдық нормалардың алуан түрлері бар. Қоғамдық нормалардың осы түрлері тікелей біріктірілген әрі дәрігерлік қызметтің этикалық жағының жалпы жүйесінің бір тетігінің түрлі бөлшектері ретінде жұмыс істейді.
Моральдың жеті түрлі функциясы бар:
1. Реттеуші- мінез-құлық нораларын, принциптерін, қағидаларын анықтау.
2. Бақылаушы- қоғамдық кінәлау немесе адамның өзінің ар-ұяты негізінде нормалардың орындалуын бақылау.
3. Біріктіруші- адамның рухани әлемінің адамшылығы мен бүтіндігінің бірлігін қолдау.
4. Тәрбиелеуші- ізгілерді және дұрыс әрі негізді моральдық таңдау қабілеттерін қалыптастыру.
5. Бағалаушы- әрекеттерді жақсылық пен жамандық таразыларында қарау (жақсы, жаман. адамгершілікті немесе адамгершіліксіз).
Моральдың нормалары-адамдардың жақсылық пен жамандың, әділеттілік пен әділетсіздік туралы ой-пікіріне сәйкес медицинаға қолдануға келетіе қоғамда анықталған мінез-құлық қағидалары; адамның ішкі сенімімен және қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етіледі және қорғалады; ұзақ уақыт бойы негізгі, ал көбінесе дәрігерлер мен олардың пациенттерінің қарым-қатынасының жалғыз реттеушісі болды және медбикелердің кәсіби қызметінде айқындаушы уәж болып табылады.