Реферат Тақырыбы: Кәсіпорын қаржысының түсінігі, мәні мен мазмұны Орындаған: Қабылдаған:
Тақырып: Кәсіпорын қаржысының түсінігі, мәні мен мазмұны Тақырыптың негізгі мақсаты:Кәсіпорынның қаржылық түсінігін талдап, оның негізгі факторларын анықтау. Тақырыптың өзектілігі: Қаржылық түсінікті қалыптастырып, оның кәсіпорындар жүйесіндегі мәні мен мазмұнын анықтау.
Жоспар І. Кіріспе 1. Кәсіпорынның қаржылық түсінігі дегеніміз не?
ІІ.Негізгі бөлім 1. Кәсіпорын қаржысына енетін негізгі салалар
2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың өзіндік мәні және сыртқы формалары
3.Кәсіпорындар қаржысының бөлу қызметінің ерекшелігі
ІІІ.Қорытынды бөлім 1.Кәсіпорындар қаржысы- халық шаруашылығында туындайтын экономикалық қатынастар
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І.Кіріспе Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Өйткені нақ сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер. Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы тауар – ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады. Тауар — ақша қатынастарын қоғамдық еңбек бөлінісі, меншіктің алуан формалары айқындайды. Жеке тауар өндірушілердің еңбек бөлінісінің дәрежесі әр түрлі, дербес кәсіпорындарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін айқындайды. Жекеленген тауар өндірушілер өздерінің еңбектерінің нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін айырбастайды немесе тауардың құнын көрсететін ақшаға сатады. Бұл қатынастар жиынтығы тауар – ақша қатынастары болып табылады. Кәсіпорындардың қаржысы ақша түрінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға қолданады. Кәсіпорындар, ұйымдардың дұрыс жолға қойылған қаржысынсыз экономикалық дамуы мүмкін емес. Кәсіпорындардың қаржысы халық шаруашылығын басқару жүйесінің, экономиканы өзгертудің аса маңызды құралы. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастармен бірге халық шаруашылығын басқаруға төменгі буындардың шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Қаржы есеп-қисабы – пайдаланушыға кәсіпорын қаржысының жай-күйі мен өзінің қызметі, сондай-ақ осы пайдаланушы белгілеген іскерлік шешім қабылдау үшін оған есепті кезеңде кәсіпорын қаржысының жай-күйінде орын алған өзгеріс жөнінде қолайлы және түсінікті нысанда жинақталып қорытындыланған ақпарат беру мақсатында қаржы есебі дерегінің негізінде жасалған есеп-қисап нысанының жиынтығы. Есеп-қисапты талдаудың мынадай әдістері болады: 1) есеп-қисапты оқу;
2) деңгейлес талдау;
3) сатылас талдау;
4) трендтік талдау;
5) қаржы коэффициентін есептеу.
Қаржыны талдауда келесі қаржы коэффициенттері өолданылады:
− өтімділік коэффициенті;
− іскерлік белсенділік;
− пайдалылық коэффициенті;
− төлем қабілеттілігі немесе капитал құрылымы коэффициенті;
− нарықтық белсенділік коэффициенті. Кәсіпорын қаржысының жағдайын салыстырмалы көрсеткіші бөлу мен үйлестіру коэффициенттеріне бөлінеді. Бөлу коэффициенті қаржының жағдайын абсолютті көрсеткіші өзі кіретін абсолюттік көрсеткіш тобының сол немесе басқа бөлігін құрайтынын анықтау қажет болған жағдайда қолданылады.