Байланысты: Кәсіпорын қаржысы мәні мен мазмұны реферат
ІІ. Негізгі бөлім Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы мыналар: кәсіпорындар, ұйымдар, бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардың салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау тұргын үй – коммуналдық қызметін жүзеге асырушы шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың ( оның ішінде ұжымдық шаруашылықтардың халыққа қызмет көрсетудің, байланыстың, қоғамдық тамақтандырудың) қаржыларын қамтиды.
Меншік формаларының дамуы кооператив, акционерлік қоғам, фирма, бірлескен жаңа тұрпаттағы кәсіпорындары туғызады. Мемлекеттік кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына берілуі меншік түрін өзгертті.Түбегейлі экономикалық реформа барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің сан алуан формалары — республикалық, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың сан алуан формалары шығуына жеткізеді. Коммерциялық шаруашылық есептердің дамуы, аймақтардың біршама дербестік алуы бұл процесті тереңдете тұседі. Халық шаруашылығындағы әрбір саладағы қаржының техникалық экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын айырмашылықтары бар. Сонымен бір мезгілде халық шаруашылығындағы салалардағы кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негізгі принциптері бірдей. өйткені, бірыңғай экономикалық заңдар, ортақ принциптерге негізделген. Мұның өзі олардың барлығын бір бастапқы буынға біріктіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының өзіндік мәні және көрінісінің сыртқы формалары бар және олар сан алуан. Олардың беріктілігі біркелкі емес. Қаржының сыртқы формалары жиі өзгертілуде. Мысалы, кәсіпорындардың мемлкеттік бюджетпен қарым – қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдірілуде: көп арналы төлемдерден пайда салығына көшіріледі: қаржының бюджеттен шаруашылық мұқтаждықтарын қаржыландырудың кері қозғалысы өзін – өзі қаржыландырумен ауыстырылды; кәсіпорындардың ішкі қаржы қозғалысының формалары өзгереді; бұл қатынастар нормативтік сипат алып шаруашылық коммерциялық негіз алуда. Қаржы ресурстарының құрылымы, әдістері, жұмсалу бағыттары да өзгеруде. Қаржының мәні де өзгеруде, ол өндірістік қатынастары, олардың даму барысы, мемлекеттің шаруашылық мәдени, әлеуметтік өмірлегі роліне байланысты. Қаржы қатынастары, ең алдымен бөлістік қатынастар. Олардың бөліс жүйесінің өзгерістерге ұшырап, өндірістің тиімділігін ынталандыруға ролі артуда. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу әдістері мен формаларының өзгеруі кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен және несие жүйесімен нарыққа алу процесінде қаржы қатынастарын өзгертіп, олардың ғылыми – техникалық прогресті жеделдету өндірістің өнімділігін артыруда ынталандырушы ролін баса көрсетуде. Кәсіпорындар қаржысының мәні жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ. Бір қатар ғалымдар тауарларды сатып алу, сату кезінде және еңбекақы кезінде пайда болатын ақша қатынастарын қаржы қатынастары деп қарауға болмайды, өйткені олар бұл қатынастардың элементтері емес деседі. Алайда өндірістік қағиданың жақтаушылар керісінше пікірде. өйткені өндірістегі қаржы қатынастары ұдайы өндіріс кезеңдерін көрсететін экономикалық категория. Мысалы айырбас кезінде өнімді өткізуден түскен түсімнен өнім беруші кәсіпорын тұтыну және қорлану қорларын құрайды. Оның барысында өнім беру шартының талаптары орындалмаса, екі жақ бір-біріне қарыздар болса, тиісті қаржы айыптары қолданылады. Еңбекақы, сыйлықтар төлеу барысында туындаған ақша қатынастары арнайы қорлар (тұтыну, еңбекақы, айналым қаражаттарын) құрып, жұмсау арқылы жүргізіледі. өндіріс қағидасын жақтаушылар қаржы қатынастары өндіріс процесінің барлық кезеңін қамтиды деп санайды. Осыған байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы бөлу, бақылау және ұдайы өндіріс қызметін орындайды деп тұжыруға болады. Ұдайы өндіріс қызметінің мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және қаржы қозғалыстары айналымын қамтамасыз ету. Бұл үшін кәсіпорын өндіріс жоспарлары, болжамдары негізінде өнімдерді өткізу, нақты мерзімдерге сай белгіленген экономикалық нормативтері, кірістер мен шығыстар көлемін белгілейді, шығындардың меншікті қаржы есебінен, уақытша алынған басқа кәсіпорындар мен өз қызметкерлерінің қаржысы банк несиелері, айрықша жағдайда бюджет есебінен ақталуын анықтайды. Кәсіпорындар қаржысының бөлу қызметінің ерекшелігі – жиынтық қоғамдық өнімнің құны айналым қаржысы процесінде белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінуі. Мұның өзі ұдайы өндіріс процесінде құнның бөліске және қайта бөліске түсуіне қаржының қатысуын анықтайды. Ақшалай бюджеттер мен қорлардың экономикалық негізінде бөлінуі қаржының ұдайы өндірістегі қызметінің басты шарты. Бөліс – өндіріс пен тұтынуды байланыстыратын буын. Бұл процесс кәсіпорындар мен бірлестіктердің жұмсалған өндіріс құрал жабдықтарды толықтыруға және пайданы құрауға пайдаланған өнімдерді өткізуден түскен ақшалай табыстар алу жолымен жүреді. Пайданың (табыстың) бір бөлігі қайта бөлу барысында орталықтандырылған қорларға — мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорларға түсіп енді бір бөлігі шаруашылықтың қарамағында еңбекақы, әлеуметтік мұқтаждар, өндірісті ұлғайту және дамыту жөнінде шығындарды қаржыландыруға түседі. Кәсіпорын экономикасында қаржының бақылау қызметі маңызды рол атқарады. Есеп пен бақылаусыз шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорындардың қаржысы басқа да экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы жоспарлы басқару, өндірісті ұлғайту, еңбек, материалдық табиғи, қаржы ресурстарының ұтымды пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады. Үнем мен ұқыптылық режимін өмірде дәйектілікпен жүргізу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Кәсіпорынның ішінде ғана емес, оның басқа кәсіпорындар, ұйымдар, қаржы – несие мекемелерімен өзара қарым-қатынасында теңге бақылауы пайдаланады. Кәсіпорын ішінде еңбектің саны мен сапасы, негізгі, айналым және ынталандыру қорларының құралуы, пайдалануы бақылауға айналады. Кәсіпорындардың өзара қарым – қатынастарында берілетін тауарлар, көрсетілген қызметтер орындалған жұмыстар, шарттардың орындалуы бақыланады. Қаржы және несие органдарымен іс- қимыл барысында бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы, банк несиелерінің алынуы, қайтарылуы кезінде бақылау жүзеге асырылады.