Реферат Тақырыбы: «Коммуникативтік»


Психолингвистика, нейролингвистика терминдерінің мағынасы мен зерттеу объектілері



бет2/4
Дата11.05.2023
өлшемі31,01 Kb.
#91903
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат

3.Психолингвистика, нейролингвистика терминдерінің мағынасы мен зерттеу объектілері
Психолингвистика – психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы; ”адам - тіл” қатынастарын (адамның зейінін, жігерін, ниетін т.б.) зерттейді, яғни сөйлеу үрдістерін зерттейтін ғылым. Ол сөйлеу үрдісін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г. Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі адамның жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет.
Психолингвистика психологиялық эксперимент арқылы сөйлеу қызметінің үлгісін жасап тексереді. Бірқатар практикалық мәселелердің теориялық мәнін түсіндіру үшін таза лингвистикалық тәсілдер жеткіліксіз. Ол үшін психолингвистиканың тәсілдерін қолдану қажет. Психолингвистика мынадай мәселелерді шешеді: шет тілдерін үйрену, логопедия мәселелері, ми қызметіне байланысты сөйлеудің бұзылуы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөйлеудің рөлі, авиция мен космостық психология, криминалистика мен машина аудармасы мәселелері және т.б. Психолингвистика термині 1954ж. бастап қолданылып келеді (АҚШ); Нейролингвистика (грек, neuron жүйке, французша linguistique лингвистика, латынша lingua тіл) — неврология мен тіл білімінің түйіскен жерінде пайда болған, мимен байланысты тіл жүйесін зерттейтін ғылым саласы. Мидың зақымдануынан сөйлеудің бүзылуы (афазия) орта ғасырлардан белгілі, бірақ оның зерттелуі 19 ғасыр 2-жартысында басталды. Оны зерттеуде И. А. Бодуэн де Куртенэ, В. А. Богородицкий, В. Щерба т. б. тіл қызметінің үш құрамнан — фонация (дауыстап айту), аудиция (қабылдау), церебрациядан (мида болатын процесс) тұратынына сүйенген. Нейролингвистикалық зерттеулер неврология мен тіл білімі теориясының дамуымен бірге дамыды. Нейролингвистика емдеу орындарында диагностикалык міндеттерді шешу кажеттілігінен туған. Мұндағы негізгі әдіс — әр түрлі жағдайда науқастың қалай сөйлейтінін байқау. 20 ғасыр 2-жартысында нейролингвистика зерттеуге психолингвистика, нейропсихология, нейрофизиология, психоакустика, кибернетика т.б. ғылым салалары ықпалын тигізеді. Сөйтіп, казіргі нейролингвистика адамның сөйлеу қызметін комплексті зерттеудің бір саласы болып табылады.
«Коммуникация» деген кең мәнді латын сөзінен шыққан «коммуникативтік функция» деген сөз тіркесі қазақ тіліне орыс тілі арқылы енгені белгілі. Қазіргі жағдайда қазақтар үшін орыс тілі де шетелдік тілдердің қатарына көшті. Сондықтан орыс тілінен ауысқан терминдерді де шетелдік ретінде қолдануға қақымыз бар. Ал орыс тілінде «коммуникация» термині тілге байланысты «общение» деп аударылып, бұл екі термин қатар қолданылып жүр. Қазақ тілінде бұл термин «қатынас», «қатынас жасау», «ой-пікір алмасу» деген мағынада қолданылып жүр. Сол сияқты латынның «функция» деген көп мәнді ғылыми терминін де түпнұсқасында және атқаратын қызметі мен рөлі деген қазақша аударма мәнін де қатар қолданамыз. Тілдің коммуникациялық немесе қатынас құралдық ұғымының философиялық логикалық мазмұнын ашып көрсету үшін, ол ұғымды ең алдымен адамның жасампаздық еңбек қызметімен байланыста қарастыру қажет, өйткені тілдің тууының ең негізгі алғы-шарты қоғамдық еңбек процесін реттеу, жетілдіру үшін ұжым мүшелерінің өзара ой-пікір алмасу, бір-бірімен түсінісу қажеттілігі болғаны жоғарыда айтылды. Сол себепті де қарым-қатынас кұралы болу, яғни ең алдымен ой-пікір алмасу құралы болу тілдің ең бірінші, ең басты міндеті, функциясы болып табылады.
Психолингвистика жеке пән ретінде ХХ ғасырдың 50-жылдарында псигологиялы бағыт арнасында туып, сөйлеу қызметінің (сөйлемнің тууы, түсінілуі немесе қабылдануы) процестері мен механизмдерін тіл жүйесіиен байланыстыра зерттеуді мақсат етіп қояды.. Тілде адамның сөйлеу қызметін (сөйлеу әдебін) қамтамасыз ететін динамикалық, «жұмысшы» жүйе ретінде түсіндіру оған тән. Ол тіл бірліктерінің (дыбыстар, сөздер, сөйлемдер, мәтіндер) өзіне емес, сөйлеуші үшін психологиялық анықтама, сөйлемдерді туу мен түсінікті болу актілеріне, солсияқты тілді меңгеруге бағытталған. ОЛ индивидтің сөйлеу қызметінің модельдері мен психофизиялық сөйлем ұйымдастыруын жасап, оларға сынақтақ тексеруді жүргізеді.
«Таза» лингвистика әдістері жеткіліксіз болған жағдайда психолингвистика өзінің практикалық міндеттерін шешеді. Әлдебір бөгет жағдайларындағы, белгілі бір себептерімен, қалыптан тыс кезде қатынас қиындағанда, мысалы, сәбілердің сөзі, түрлі патологияда, шет тілін жете білмегенде, көңіл күй сезіміне берілгенде, байланыс арнасында немесе жасанда адам – компьютер жүйесіндекедергі пайда болғанда, тілдің «қалыптан тыс» формалары – қарапайым тіл, сленг, жаргон, жергілікті говор қолданылғанда сөзге ерекше назар аударады.
Психолингвистиканың туғаны туралы ресми түрде 1953-1954 жылдары. АҚШ-та психология, лингвистика ақпарат теорясы мамандарының (Ч. Осгуд пен Т. Себеок, 1954) бірлескен семинар жарияланды. Семинарға қатысқандар басында дескрептивтік лингвистикаға арқа сүйемек болған, бұдан кейін когнитивтік лингвистикаға ауысты. Тиісінше жекелеген сөздерді зерттеуден т рансформациялық аспекте сөйлемді зерделуге, ең сонында мәтінге (дискурске) кошті. Американдық психолингвистиканың бастапқы тірегі Ч. Остгуд, Д. Миллер, Д. Слобин және басқалардың необихевиористік тұжырымдасы, одан кейін когнитивтік психология мен білімнің құрылымдарын (когнитивтік құрылымдар) зерттейтін тұтастай когнитология болды.
Германия, Франция, Польша, АҚШ және басқа көптеген психолингшвистикалық проблемалар белсенді зерттеуде.
Нейролингвистика натуралистік (биялогиялық) тіл білімнің арнасында нейрология (нейрофизиялогия бөлімінен), психология мен лингвисканың тоғысында туып, тіл жүйсін, тіл әдебінің ми субстратымен қатынаста зерделейді. Орта ғасыр дәуірінен бері миға зақым келгенде тіл әдебінің бұзылуы қадағалайды. Жүйелі зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан баслған. А. Шлайгер, Г. Вернике, И. Бодуэн де Куртене, В.А. Богородицкий, Л.В. Щерба, Р.О. Якобсон, Л.Р. Зиндер және басқалары тіл патологиясы фактілеріне назар аударған. Замани ғылымда адамзат тілініңглоттогенезін, функциясы мен даму процестерін түсіну үшін биялогиялық факторларға жиі көңіл бөлуде. Мұндайда социология, антропология, этнология, психология, палеоневрология, тілдердің тарихи типологиясы, семиотика, куинематика мәліметтерді ескерді. Тілдің көй деңгейлі жүйесінің құрылысы мен генетикалық кодтың кей деңгейлі құрылымындағы ұқсастықты табуға көп талпыныс жасалуда (Р.С. Якобсон, Вяч. Вс. Иванов). Хайуандардың белгіні түсінуіне сандаған бақылау жасалынып,оларды адам тіліне үйрету тәжірибесі жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет