БІРІНШІ. Жалпыұлттық бірлікті нығайту Біз демократия дәстүрі жетілген, мықты азаматтық қоғам құрамыз. Бұл –
стратегиялық бағытымыз. Осы бағдарды берік ұстануымыз керек.
Соңғы үш жылда бұл салада біраз нәтижеге жеттік. Билік пен халық
арасында мазмұнды диалог орнаттық. Бұған Ұлттық қоғамдық сенім
кеңесі зор септігін тигізгенін атап өткім келеді. Сол арқылы бірқатар
озық идеялар ұсынылды. Митингілер туралы
демократиялық заң
шықты. Партиялық сайлау тізіміне әйелдер мен жастар үшін отыз
пайыздық квота енгізілді. Қоғамдық кеңестердің жұмысы жандана
түсті.
Саяси жаңғыру бағдарламасы арқылы оң бастамалар лайықты
жалғасын табары сөзсіз.
Ұлттық
құрылтайдың шақырылуы –
ел өміріндегі елеулі оқиға.
Құрылтайдың басты мақсаты –
жаңа идеялар мен жасампаз қадамдар
арқылы ұлт бірлігін нығайту.
Біз, ең алдымен, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға айрықша мән
беруіміз
қажет.
Сонымен
қатар,
қоғамды
алға
жетелейтін
құндылықтарды қалыптастыруымыз керек. Халықтың болмысын және
қоғамдық сананы жаңғыртпай, түбегейлі өзгеріс жасау мүмкін емес.
ЕКІНШІ. Реформалардың мән - маңызын халыққа түсіндіру Ең бастысы, біздің бағдарымызды халықтың басым көпшілігі қолдап
отыр. Азаматтарымыз елімізде түбегейлі өзгеріс болатынына сенеді.
Дегенмен, референдум табысты өтті екен деп, босаңсуға болмайды.
Нағыз жұмыс енді басталды.
Реформаны жүзеге асыру барысын елге ұдайы түсіндіріп отыруымыз
керек. Қазірдің өзінде жаңғыру үдерісі біртіндеп жалпыұлттық сипатқа
ие бола бастады. Шын мәнінде, жаңғырудың әсерін әрбір азаматымыз
сезінуі қажет. Елдегі өзгеріске әркім өз ісіндей қараса, шын мәнінде,
жаңару жолына түсеміз.
Мұны еліміздің әрбір азаматы терең түсінгені
жөн.
Сіздер еліміздің түкпір
-
түкпірінен келіп отырсыздар. Тұрғындармен жиі
кездесесіздер. Реформаның мән
-
маңызын елге жан
-
жақты түсіндіру
қажет.