QAZAQSTAN RESPUBLIKASYNYÑ BILIM JANE GYLYM
MINISTRLIGI
E.A. BÓKETOV ATYNDAGY QARAGANDY ŸNIVERSITETI
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: М.Ж.Көпеев мұрасы
Орындады: Рүстем Эльиза
Тексерді: Бабашов А.М.
Қарағанды-2023 жыл
Жоспар
Кіріспе.............................................................................……………….. 3
Негізгі бөлім
1.Өмір жолы…………………………………………………………….. 4
2.М.Ж. Көпеев мұрасы…………………………………………………. 5
3.Өмірінің соңғы жылдары…………………………………………….. 7
Қорытынды бөлім…………………………………………………….. 8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………9
КІРІСПЕ
Ұлы Даланың қай атырабын алсаңыз да қасиетті, киелі. Даланың құты, қасиеті текті
перзенттерді дүниеге әкелді. Баянауыл деген жер құты болған сұлу өлкеден осы күнге
дейін қаншама тұғырлы тұлға туды. Текті бесіктен әлі күнге дейін баталы сәби,
жұлдызды перзент туып келеді. Аллаға шүкір делік. Кереку-Баян топырағында туып,
Ертіс сағасында ер жеткен, Бұхарада білім алған, тек Сарыарқа өңіріне ғана емес, күллі
қазаққа есімі жыға таныс, тұтас Түркістанның рухани жұлдызы – Мәшһүр-Жүсіп
Көпейұлы!
Мәшһүр баба айы оңынан туған, Алланың алқауы, Тәңірінің таңдауы түскен перзент.
Қазақ сахарасында Мәшһүрдей тақуа болып, діл мен тілге берік, дін жолы – хақ жолына
адал болған тұлғалар сирек. Қатарласы, бір жылдың төлбасы Шәкәрім хазіретпен
қанаттас ғұмыр кешкен әулиенің ғұмыры, артында қалған хаты – рухани өрісімізді
кеңейтер өзінше бір әлем. Өзінше бір әлем деп айырықшалап отырғанымыз, Мәшһүр-
Жүсіп мұрасы – қаймағы алынбаған сүт секілді. Мәшһүр-Жүсіп өзі жазғандай «Естігенін
ұмытпайтын, құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар, ұқпа құлақ жандар болған.
Сондай жандардың айтуымен кеудесі хат, естігені, көргені жад болған қариялар
кейінгіге ауыздан-ауызға алып айтуымен үлгі-өсиет қалдырған» көнекөздің бірі емес,
бірегейі. Абыздың 160 жылдық мерейтойы аясында оның әдеби мұраларды жинастыруға
қосқан үлесі, қазақ шежіресін түзіп, ауызша тарихымызды (ҚАТ) жүйеленуіне сіңірген
айрықша еңбегі хақында ой-толғауды мақсат тұттым.
Мәшһүр-Жүсіптің артында қалған әдеби мұрасы өте көп әрі өте бай қазына. М.Ж.
Көпейұлының шығармашылық мұрасы құнды қазыналарға толы. Ақын, философ,
тарихшы, этнограф, фольклорист, әдебиет зерттеушісі Мәшһүр-Жүсіптің шығармалар
жинағында тағылымы мол қазақ дүниетанымына негізделген туындылар жинақталған.
Жастайынан ақындық дарынымен ерекшеленген Мәшһүр-Жүсіп зейіні мен зеректігінің
арқасында қазақ тарихына, ауыз әдебиетіне қызығушылық танытады. Міне, осы
алғырлығы мен биік талабы оның көнекөз қариялардан қазақ ауыз әдебиетіне үлгілерін
жазып алып жинақтауына себеп болды.
1. Қазақ тарихында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының алар орны ерекше. Жас кезінде
Шығыс әлемінің білімімен сусындаған, кейіннен орыс тілін меңгеруі арқылы Батыс
өркениетінің де ғылыми жаңалықтарымен танысқан ол тарих, этнология (шежіре
нұсқалары), фольклористика (жинастырған ауыз әдебиет үлгілері), әдебиет (ақындығы),
тіл тарихы, этнография (қазақ халқының салт – дәстүрі туралы шығармалары),
философия, медицина (емшілік, дәрілік өсімдіктер туралы), космология ғылым
салаларына арналған еңбектерді жазып қалдырды. Мәшһүр Жүсіп 1858 жылы
Баянауылдағы Қызылтаудың Найзатас деген жерінде ережеп айы, жұма күні, бесін
кезінде Көпей шаңырағында дүниеге келді.
Мәшһүр Жүсіп жасында ауыл молдасынан дәріс алып, хат таниды. Бес жасында
Баяндағы Байжан Смағұлұлының медресесінде Нәжімалдин хазіреттен, кейін 8 жасында
Қамариддин хазіреттен оқи бастайды.1865 жылдан 7 жасар кезінен халық әдебиеті
үлгілерін жинай бастағанын анықтарлық дерек жанұялық архивте сақталған. Мәшһүр
Жүсіптің жырлауындағы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Алтынбас-Күмісаяқ»
жырларының варианттары бар. «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Сайын
батыр», «Нәрік ұлы Шора батыр» да сүйікті жырлары болған. Әлкей Марғұлан
жазбасында «Сүйіндік: Олжабай батыр» ертегісінде «Сақау ақынның айтуынан 1865
жылы жазып алған Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы» деген мәлімет бар. Сонымен қатар
ақынның мұрасын жинаушы Жолмұрат Жүсіпұлы жазбасында сабақ беруші Қамар
хазіреттің бұл өнірге белгісіз төрт түрлі өлең-қисса әкелгендігі, оларды сегіз жасар
шәкірт Мәшһүр-Жүсіптің қолжазбадан көшіріп, жаттап алып, ел-жұртқа жайғандығы
әңгімеленеді. 1870 жылдары Хамеретдин хазіреттің медресесін бітіріп, мұсылманша
орта білім алып шығады. Ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр –
дастандарды жаттап өседі. Өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін ол ерте – ақ
танытады. Ақындық жолға бой ұруы, түсуі – 15 жасында басталған.
2. Мәшһүр Жүсіп 1875 жылдан бастап біраз уақыт ауылда бала оқытып, қаражат
жинайды. Білімін толықтыру мақсатымен 1886 жылы Бұхараға келіп, діни жоғары оқу
орнында оқиды. Сосын оқуын Ташкентте жалғастырады. Осы жылдары Орта Азияны
аралап, Самарқанд, Ташкент, Түркістан, Бұқара т.б. қалаларда болды. Ол осы жылдары
түрколог – академик В.В. Радловпен танысып, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинап
бастыру ісімен айналасты. Мәшһүр Жүсіп 1887-1890 жылдары бірнеше рет Орта Азияны
аралап, Самарқанд, Ташкент, Түркістан, Бұхара қалаларында болады. Араб, парсы
тілдерін үйреніп, Шығыстың классикалық әдебиетінен сусындаған. Ол осы жылдары
Қазанға сапарға аттанып, түрколог ғалымы В. Радловпен танысып, ауыз әдебиетінің
үлгілерін жинаумен айналысты. Кейін келе Мәшһүр қазақ фольклорының ең жүйелі
жинақтаушысы болды. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің 5 томын жинап «Мес» деген
атпен бастырып шығарады. Қолжазбаның «Мес» атануы тегін емес. «Мес» – бес биенің
терісінен істелген қымыз ашытатын ыдыс. Ондай ыдыс бүкіл қазақ зиялыларының бас
қосатын ұлы дүбірлі тойларына арналып жасалатын болған. 1862 жылы Столыпин
реакциясынан кейінгі қазақ даласына орталық Ресейден жерсіз шаруалар көшіріліп,
оларға қазақтың шұрайлы жерлерін зорлап тартып әперуі салыстырмалы түрде
сипатталады:
Адасып осы күнде қазақ қалды,
Бұрыңғы ата-баба рәсімінен.
Жылқыға керек жерге егін салып,
Жер жыртып мұжық қалмас кәсібінен.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының саналы ғұмырында бір сәт те қолынан қаламы түсіп
көрмеген, бір жағынан жазып, екінші жағынан өнер-ғылым үйреніп, жатпай-тұрмай
ізденіп жүріп, Қазан төнкерісіне дейін 1907 жылы бір жылдың ішінде үш бірдей кітабы
жарық көрген алғашқы «Хал-ахуал» кітабы төрт бөлімнен тұрады: 1. «Хал-ахуал»
(208 жол), 2. «Баяннама» (248 жол), 3. «Патша хақында» (144 жол), «Ғибратнама» (4
бөлімнен тұрады). 1906 – 1907 жылдары – М. Ж. Көпейұлы шығармашылығының
идеялық жағынан терендей түскен дәуірі. Бұл жылдары жазған шығармалары тегісінен
қазақ халқының бостандық, саяси-экономикалық құқықтарымен байланысты болып
келеді.
1912 жылы патша әкімшілігінің цензурасы назарына Мәшһүрдің 1907 жылы
бастырылған кітаптары алынып, татар аудармашысының тәржімалауынан кейін 3
кітаптың екеуінің мазмұны Ресейдегі патша билігіне қарсы мақсатта жазылған деп
танылып, 1912 жылы екінші рет басылған 3 кітап баспахананың өзінде
«тұтқындалынып», 12 000 сом айып салынып, 14 кісі айыпқа тартылады. 1912 жылдан
бастап қудалана бастағанда, өзінің жинаушылық жұмысын тоқтатпайды.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығына қатысты пікірлер мен оның
мұрасының зерттелуіне келер болсақ, филология ғылымдарының докторы, профессор
Сейфитдин Сүтжановтың айтуынша, «екі ғасыр аралығындағы баспасөзде жарияланған.
Нақтылай айтқанда, «Дала уәлаятының газетінде» шыққан мақалаларына орай, осы
басылымда жарық көрген Мұхаметқали Толыбайоғлы (1890-жылы) мен Мәтен
Ботбаевтың еңбектерінде әспеттелді. Дегенмен, Мәшһүрдің шығармашылығы ең алғаш
ғылыми негізде ойшылдың өзінің көзі тірісінде 1919 жылы Омбы қаласынан шығатын
«Трудовая Си- бирь» журналында лайықты бағасын алды. Алаш арыстарының бірі
Смағұл Сәдуақасов осы журналдағы өзінің «Киргизская литература» («Қазақ әдебиеті»)
деген мақаласында Мәшһүр Жүсіпті қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың
бірі ретінде сипаттайды.
Ал кеңестік кезеңде ақын ағартушының шығармашылығына деген көзқарас әрқилы
болды. Бастапқыда ол З. Ақышевтің, М. Әуезовтің, Д. Әбілевтің, Ә. Қоңыратбаевтың,
Ә. Марғұланның және т.б. сын-зерттеулерінде ақын, ағартушы, та- рихшы, ауыз
әдебиетінің жинаушысы ретінде ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің белді де,
белгілі өкілдерінің бірі ретінде танылды. Алайда, кейінірек Мәшһүр Жүсіптің кеңестік
идеологияның қатаң қысымымен Қ. Бейсенбиев, М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Сәбит
Мұқанов тарапынан таптық тұрғыдан сынға ұшырағаны белгілі.
Қайта құру жылдарынан, әсіресе тәуелсіздік жылдарынан бастап Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлының мұралары қайта қаралып, мәшһүртану ісі қолға алына бастады. Бірқатар
ғылым салаларында кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалып, ол туралы
ғылыми еңбектер жарық көрді. Ойшылдың мұрасы М. Алпысбестің, С. Дәуітовтің, Қ.Б.
Жарықбаевтың, У. Қалижанның, Б. Майтановтың, С. Негимовтың және т.б.
еңбектерінде әдеби, тілдік, тарихи, психологиялық, журналистикалық және т.б.
қырларынан тікелей немесе жанама қарастырылды. Қорғалған жұмыстардың ішінен
1994-жылы қорғалған С. Сүтжановтың «М.Ж. Көпейұлының әдеби мұрасы» атты
кандидаттық диссертациясын, 2002-жылы қор- ғалған Б. Бейсеновтің «Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлының әлеуметтік философиясы» атты кандидаттық дис- сертациясын, 2005-
жылы қорғалған А. Тұрышевтің «Мәшһүр Жүсіп шығармалары лексикасының этно-
мәдени негіздері» докторлық диссертациясын атап өтуге болады.
Ойшыл-ақынның мұрасын игеруге одан өрбіген ұрпақтарының үлкен үлес қосқанын
ерекше атап өтуге керек. Әсіресе, Мәшһүр Жүсіптің туған немерелері филология
ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Мәшһүр Жүсіптің зерттеу еңбектері [50]
мен Сүйіндік Көпеевтің өмірбаяндық естелік-деректері жарияланды. 1998 жылы
шөберелері Гүлназ Жүсіпова «Мәшһүр Жүсіп дастандары» және Нартай Жүсіпов «М.Ж.
Көпейұлының фольклорлық еңбегі» атты кандидаттық диссертацияларын қорғаса, 2005
жылы Е. Жүсіпов «Мәшһүр Жүсіп және Шығыс руханиятты» 2013 жылы Ә. Пазылов
«Мәшһүр Жүсіп және дін қағидастары» монографияларын жариялады. Әсіресе, Гүлназ
Жүсіпованың мәшһүртануға арналған арнайы зерттеулері ғылыми тұрғыдан құнды.
1990 жылы Мәшһүр Жүсіптің екі томдық таңдамалы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни
көзқарасы жинағы құрастырылса, 2003 жылдан бері ойшылдың 20 томдық еңбектері
жариялануда.
3. Мәшһүр Жүсіп өмірінің соңғы жылдарында, дәлірек айтқанда, Кеңес өкіметінің
тұсында өзінің жазған шығармалары мен ел аузынан жинап-терген ауыз әдебиеті
үлгілерін қағазға түсірумен шұғылданады.
Мәшhүр Жүсіп 1930 жылы ұзақ ауырып, төсек тартып қалады. Осы кезде ақын өзіне
арнап 4 бөлмелі кесене салдырады. Кітапхана, қонақ үй, асханамен қоса, төртінші
бөлмені мәйітханаға арнайды. Ақын өзінің сүйегін жалбызбен жудырып, мәйітті мәңгі
сақтауды өсиет етеді. Мәшhүр Жүсіп 1932 жылдың көктемінде дүниеден озады. Бейіті
Баянауылдың күнбатысына қарай 35 шақырым жерде, Шілікті деген төбе басында,
Ерейментау – Астана жолының бойында орналасқан. 1936 жылға дейін көпшілік қауым
Мәшһүр Жүсіптің басына зиярат етіп, түнеп, қой сойып, құран бағыштап, мінәжәт ететін
болған. Мәшhүр Жүсіптің бейіті 1936 жылға дейін әулие атанып келеді де, сол жылдары
Баянауыл аудандық партия комитетінің I-хатшысы Хисмуддинов деген татар азаматы
бұл жолды бюльдозермен бұздырып, бейітке 2 милициядан тұратын күзет қояды. Көп
кешікпей I-хатшы қызметінен алынып, бір аяқ, бір қолынан сал болып қалса керек. Ел
«әулиенің
әруағы
соқты»
дегенді
айтып
аңыз
етеді.
Мәшhүр Жүсіптің бейіті бүгінде алғашқы қалпына келтірілген. Басында шырақшы бар.
Ал, саяси идеология үстемдік құрған кезеңде бұл жағдай көпе-көрнеу ақынға пәле
болып жабысты. Оның әдеби мұрасын тексеріп, дұрыс тануға көпке дейін залалын
тигізеді.
Бүгінде қасиетті әулиенің мұраларын насихаттау бағытында түрлі шаралар
ұйымдастырылып келеді. Мәшһүртану мен Мәшһүр Жүсіп оқулары жылдағы дәстүрге
айналып, жас ұрпақ ұлы ғұламаның еңбектерін саналарына тереңнен сіңіруде.
2001 жылы Павлодар қаласында қасиетті Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіт
ашылды. 2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің
алдындағы алаңда қолдан бюст-ескерткіші орнатылды. 2006 жылы Мәшһүр Жүсіп әулие
басына зәулім кесене тұрғызылды.
Достарыңызбен бөлісу: |