Реферат тақырыбы: М. Жанпейісова бойынша модульдік оқыту технологиясының құрылымы



бет2/3
Дата10.12.2023
өлшемі120,13 Kb.
#136124
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Пед.шеберлік сро 2

Модульдік оқытудың құрылымы.
Модуль дегеніміз – мәндетті түрде оқушының білімі мен біліктерін тексеру элементі бар оқу материялының логикалық аяқталған бөлімі.Модульді құрастырудың негізіне пәннің жұмыс бағдарламасы алынады.Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блогына сәйкес келеді.Бірақ, тақырыптан айырмашылығы– модульде: тапсырма, жұмыс, оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі – бәрі – бәрі өлшеніп, бағаланып отырады. Оның мазмұнына:

  1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;

  2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

  3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:

  4. Оқу әрекетінің жиынтығы;

  5. Нәтижені бағалау:

Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқумодулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:

  • Кіріспе бөлім(модульге, тақырыпқа енгізу)

  • Сөйлесу бөлімі(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

  • Қорытынды бөлім(бақылау)

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқумодулінің жалпы құрлымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады.Бұдан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10–12 минут ішінде) сызба, кесте, т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызымет элементтеріне қарай бірнеше рет қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады:

  • кіріспе –қызықтырушылық

  • опериационалдық-танымдық

  • рефлексиялық-бағалау

Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін балалардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек. Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиімдірек.Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Сөйлесу (әңгімелесу) бөлімінде танымдық процесс негізінен, сыныпты 2 – 6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы оқушылардың өзара белсенді әрекет етуіне сәйкестендіріп құрылады.
Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді сабақ формаларын (топтық, топтық – жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар т.б.) қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады.Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және бағалау мақсатында, кейіннен – алынған білімді талдау, бекіту және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3, 4 – ші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.
ІІІ – деңгей білім – стандарттарының талаптарына сай қарапайым білім мен түсініктер деңгейіндегі тапсырмалар («жеңілдетілген» стандарт), ІІ – ші деңгей – стандарт талаптарына сай алған білімдерін талдау мен қолдану деңгейіндегі тапсырмалар («стандартты»), І – ші деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне – интелектуалды және креативті дарынды балаларға арналған шығармашылық пен ізденушілік сипаттағы тапсырмалар («стандарттан жоғары»).
Оқушылар кез – келген деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды.
Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең – кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындай алу шамасына қарай таңдауға ерікті.Жеңілдетілген деңгейі төмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді.Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезеңінен – ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады.Олар – кеңесшілер, жүргізушілер, т.б. рольдерді атқара алады.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдану тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрлысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші — операциялық- танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.Бұл бөлімді қарастыру үшін Л.Фридманның төмендегідей ережелеріне негізделген тұжырымдамасына сүйенейік:

  1. Бала жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызмет жүйесі ретінде қаралады. Олар баланың қисынды ойлауын,қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

  2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түріең алдымен баланың қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарындамытуға жағдай жасау.

  3. Басқару икемді болуы тиіс. Балалардың іштей өсуі жүргенде ғана білім дәрежесінің артылуына мүмкіндік болады.

  4. Балалар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалыққабағытталған болуы тиіс.

  5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

Оқу модулінің сөйлесу білімін даярлағанда тәрбиеші оқу материалынның негізгі мазмұның бөліп,құрастырады.Мұнда балалар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.Пысықтауды қажет ететін материалды тәрбиеші үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы– күрделі , ізденушілік , шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған балаға , яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда тәрбиеші балалардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.Тәрбиешінің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы қалыптасады.

  1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негзгі мазмұның белгілеу.

  2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру.

  3. Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.

  4. Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.

  5. Балалардың пәнге қызығушылығын және креативтігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.

Оқу модулінің  қорытынды бөлімі – бақылау.Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір – біріне көмегі, бірін – бірін оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданып, оқу модулінің осы бөлімінде беріледі..
Модуль оқушыда өз бетімен еңбектену, оқу – танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамассыз етеді.
Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарды жүйелейтін болсақ, модульдік оқыту техологиясы құрылымының мынадай нұмқасын көреміз.

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.

  2. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы немесе тарау бойынша жасалған жалпы модульмен таныстыру.

  3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі – сызбалар, сұлбалар, кестелер, т.б. негізінде)

  4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызыметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызымет нәтежиесін әр сабақта бағалап отыру.

  5. Жалпы тақырыпқа, тарауға («өсу» бағытымен) 4 – 7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып – үйрену.

  6. Тұтас тақырып бойынша тестілеу.

  7. Тақырып бойынша қалыпты сынақ ( өзіндік жұмыс, бақылау жұмысы, т.б.)

Оқу модулін құрудың тағы біререкшелігі – мұғалімнің даярлық жүйесі.Ал педагогикалық процесс барысында ол фасилитатор, кеңесші және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ролінде болады.Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтежиелерін, сондай – ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.
Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет – қадамдардан тұрады:

  1. Қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілу тиіс деп көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді айқындау.

  2. Қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып зерттеу.

  3. Қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны беретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу.Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.

  4. Қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде)

  5. Қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15- 20 тапсырма шамасында) .

  6. Қадам: Берілген модульдегі оқу материалды тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогын құрастыру ( оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты сынақты алмастыруға болады)

  7. Қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау.Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және ізденушілік (зерттеушілік)элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.

Модульдік оқыту технологиясында оқушылардың оқу қызыметінің нәтежиелерін бағалаудың, өзін – өзі және бірін – бірі бағалаудың мәні зор.Оқушылар білімін бағалау баллдық жүйемен жүреді, онда әрбір оқушыға әртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш тапсырма беріледі.Олар шартты белгілермен көрсетіледі.

Баға – бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.Оқу жұмысының барысына, оның формасы мен мазмұнына, оқушы жауаптарының жылдамдығы мен нақтылығын мұғалімнің жекелеген бағалау – мағыналы сөздері ( парционалдық бағалар) ықпал етеді.
Өзін – өзі бағалау да адамның өзін –өзі жүйелеп, ісін ретке келтіру құралы болып табылады және өз нәтежиесіне сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады.
Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда бірін – бірі бағалау әдісін қолдануға болады. [1, 65 бб.]
Сонымен талқылауға ұсынылып отырған бұл технология:

  • Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

  • Таным процестерін дамытуға;

  • Белсенді сөздік қорын, аузызша және жазбаша тілін дамытуға;

  • Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу , шығармашылық, өзін – өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға әсер ететіні сөзсіз. 

Модульде берілген бөліктің оқу мақсаты, тапсырмалары мен деңгейі өте анық айқындалған, оқушы игеруі тиіс дағдылар мен біліктер аталып көрсетілген.Модульдік оқытуда оқу материалын үйренудің реті, игерілуге тиісті негізгі ұғымдар, дағдылар менбіліктер, материалды игерудің деңгейі мен сапасы – барлығы алдын – ала жоспарланып қойылады.Модульдердің саны пәннің ішкі ерекшеліктеріне, сонымен қатар оқытудың қажетті бақылау жиелігіне де байланысты.Модульдік оқыту – рейтингілік бақылау жүйесімен тығыз байланысты.Модуль неғұрлым ірі және маңыздырақ болса, соғұрлым оған баллдар саны көбірек беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет