Реферат тақырыбы: М. Жанпейісова бойынша модульдік оқыту технологиясының құрылымы



бет3/3
Дата10.12.2023
өлшемі120,13 Kb.
#136124
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Пед.шеберлік сро 2

Пәннің базалық мазмұны ұғымы құрамында базалық мазмұнды блоктар логикалық бір жүйеге келтірілген оқу модулі ұғымымен тығыз байланысты.
Базалық ұғымдар негізінде (тезаурус, яғни, оқу пәнінің мәнін құрайтын негізгі мағыналық біріліктер,терминдер, ұғымдар,заңдар)- модульді оқып біткеннен кейін бақылауға (әдетте, тест түрінде) алынатын сұрақтар мен тапсырмалар құрастылады.
Әрбір модуль қарастырылып болғаннан кейін тест бақылауының нәтижелері бойынша оқытушы студенттерге қажетті рекомендациялар (ұсыныстар) жасайды.
Модуль танымдық және кәсіптік оқыту бөлімдерінен тұрады.
Бірінші бөлім – теориялық білім береді, екіншісі – алынған білімдер негізінде кәсіби біліктер мен дағдыларды қалыптастырады.
Модуль оқушыда интелектінің, өз бетімен еңбектену қабілеттерінің, ұжымшылдықтың, оқу – танымдық процесті басқара алу икемділіктерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Модуль құрастырудың негізгі үш принципі:

  1. Комплекстік, интеграциялық және жеке дидактикалық мақсаттардың бірлігі, тұтастығы – КДМ, ИДМ, ЖДМ.

  2. Кері байланыс принципі – бақылау, талдау, оқушының оқудағы өзін - өзі басқаруына сәйкес түзетулер (коррекция).

  3. Қызыметтің, іс – әрекеттің практикалық бағыттылығы.

Бақылау мен бағалаудың рейтингілік жүйесі;

  1. Білім мен білікті бастапқы түрдегі бақылау;

  2. Міндетті түрдегі ағымдағы және аралық бақылау, жеңіл түрдегі өзін- өзі бақылау, студенттердің бірін – бірі бақылауы, үлгімен салыстыру;

  3. Соңғы немесе қорытынды бақылау (білім, білік, дағдылар деңгейі).

Бақылау таблицасы. (5 – баллдық жүйе)

  1. Тестілеу (бастапқы, аралық, соңғы)

  2. Іріктеп тестілеу.

  3. Оқу – танымдық белсенділік.

  4. Шығарма.

  5. Реферат.

  6. Қосымша жұмыстарды орындауға (көрнекті құралдарды дайындау, дидактикалық ойындарға қатысу).

  7. Сынақ.

Психологтар дәлеллдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін балалардың мақсатты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсаттың мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек. Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс» - дейді ғалым. Жоғарыда атап өткеніміздей модульдік технология білімнен бұрын жеке тұлға жасауға қабілетті. Осы орайда ғалым Жампейісова өзінің «Модульдік оқытудың құрылымы» атты мақаласында «жеке тұлға» ұғымына тоқталады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Егер «Жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша, төмендегідей анықтама неғұрлым дәл келеді: «Жеке тұлға» - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
• Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
• Өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
• Іс жүзінде асырылып жүргенәлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық
• әрекеттерінің жиынтығы;
• Айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
• Қажеттілік жүйесі;
• Шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
• Сыртқы жағдайлар әсерінің жиынтығы және т.б(Г.К. Селевко) Модульдік оқыту технологиясының басты өзегі – елімізде бәсекеге қабілетті, өз ісін жетік меңгерген, сауатты, білімді, өндірісте жұмыс істей алатын жан-жақты дамыған құзыретті маман даярлау. Яғни, мемлекетік тілді студенттер меңгере отырып, болашақ мамадықтарын жан-жақты игерген құзыретті маман болуы қажет. Ол үшін ұйымдастырушылық-тенологиялық қызмет түрін қалыптастыру қажет. Елімізге қызмет ететін білікті мамандар дайындау үшін оқыту технологиясының маңызы ерекше. Ғалым М.Жанпейісованың ұсынған «модульдік технологиясы» өте тиімді технология. Білім алушылардың білімге деген құштарлығын арттыра түседі. Біріншіден, білім беруші мен білім алушының қарым-қатынасына басты назар аударылады. Екіншіден, мұғалім бағыт-бағдар беруші ретінде болады. Сабақ тақырыбына қатысты барша мәліметтерді оқушы өз ізденісінің нәтижесінде алады. Үшіншіден, оқушыларды топ болып жұмыс жасауға баулиды. Соның нәтижесінде білім алушы қажетті білімді аз уақыт ішінде тез меңгере алады. Модульдік технология соны көздейді. Бұл технология қазіргі таңда Қазақстанның біршама білім орталықтарында жүзеге асырылуда.
Қорыта келгенде, сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет