Реферат Тақырыбы: Материялық нүктенің механикасы, жылдамдығы, үдеуі. Орындаған: Елтайқызы Динара Тобы: МиФ-21-1



бет1/4
Дата13.05.2023
өлшемі142,85 Kb.
#92761
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Реферат Та ырыбы Материялы н ктені механикасы, жылдамды ы, д


Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті

Реферат



Тақырыбы: Материялық нүктенің механикасы, жылдамдығы, үдеуі.
Орындаған: Елтайқызы Динара
Тобы: МиФ-21-1
Қабылдаған: Секербаева Гүлім Қуандыққызы
2022-2023 жыл


Жоспары:

I Кіріспе


II. Негізі бөлім
1. Материалдық нүктенің қозғалысының кинематикалық сипаттамасы
2.Жылдамдық және үдеу
3.Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу
4.Айналмалы қозғалыс кинематикасы.Бұрыштық жылдамдық және үдеу
5.Бұрыштық және сызықтық жылдамдық векторларының арасындағы байланысы
III Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

1.Материалдық нүктенің қозғалысының кинематикалық сипаттамасы
Механика –механикалық қозғалыс заңдылықтарын және сол қозғалысты тудыратын себептерді зерттейтін физика бөлімі.
Механикалық қозғалыс- дененің уақыт өткен сайын кеңістіктегі басқа денелермен салыстырғанда орнының өзгеруі.
Механика кинематика және динамика болып бөлінеді. Кинематика денелердің қозғалысын тудыратын себептерді емес, қозғалысын зерттейді. Динамика денелердің қозғалысын тудыратын себептерді зерттейді.
Физикада денелер қозғалысының сипаттамасын жеңілдету үшін модельдер қолданылады.Модель негізгі және маңызды жағдайларды сипаттайды және маңызды емес нәрселерді қарастырмайды. Ең қарапайым модельдер- материалдық нүкте және абсолют қатты дене.
Материалдық нүкте деп - берілген есепте өлшемі мен пішінін елемеуге болатын денені айтады.
Абсолют қатты дене деп - берілген жағдайда деформациясын(өлшемі мен пішінінің өзгеруі) елемеуге болатын денені айтады.
Дененің кеңістіктегі орнын басқа бір кез келген қозғалмайтын дене арқылы анықтауға болады.
Шартты түрде қозғалмайтын деп есептелетін және соған қатысты дененің қозғалысы қарастырылатын дене санақ денесі деп аталады.Санақ денесімен байланысқан координаталар жүйесі мен сағат санақ жүйесін құрайды. Дене қозғалысы кеңістікте және уақыт өтуіне байланысты өтеді.Сол себептен санақ жүйесіне кеңістікте материалдық нүктенің орнын анықтайтын координаталар жүйесі және нүктенің қай уақытта сол орында болатынын тіркейтін сағат кіреді.
Таңдап алынған санақ жүйесінде уақытқа тәуелді қозғалатын А материялық нүктенің күйі үш координатпен  беріледі , оның координаталары уақыт өтуіне байланысты өзгереді немесе басқаша айтқанда уақыттың функциялары болып табылады, яғни
,
, (1.1)
.
Осы теңдеулерден уақытты шығарып, материялық нүкте қозғалыс траекториясының теңдеуін аламыз. Траектория деп нүктенің кеңістікте жүріп өткен сызығы (геометриялық нүктелер жиыны) айтылады. Траекторияның пішініне байланысты қозғалыс түзу сызықты және қисық сызықты (шеңбер бойымен, парабола бойынша, кез келген қисық сызық бойынша қозғалыс) болып бөлінедіМатериялық нүкте қозғалысының (1.1.)-теңдеудегі үш түрлі скалярлық теңдеулерді бір ғана векторлық теңдеумен алмастыруға болады;
, (1. 2)
мұндағы  - координаттар басынан берілген нүктеге дейінгі жүргізілген радиус-вектор. Кез келген механикалық қозғалыс есептерін қарастырғанда нүктенің басып өткен жолы немесе радиус-векторы уақытқа тәуелді функция болады. Берілген уақыт аралығында өтетін траекторияның АВ бөлігі жол ұзындығы  деп аталады. Жол ұзындығы – скаляр шама, уақыт функциясы болып табылады. Қозғалатын нүктенің бастапқы күйінен оның берілген уақыт мезетіндегі күйіне дейінгі жүргізілген вектор  орын ауыстыру векторы деп аталады. Дененің түзу сызықты қозғалыс жағдайында орын ауыстыру векторы траекторияның сәйкес бөлігімен дәл келеді және  орын ауыстыру  жүрілген жолына тең болады. [2]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет