Сканирлеу.Сәуленің жіңішке шоғыры денені шеңбер бойымен айнала қозғала отырып оны сканирлейді .Қарама қарсы жақта сәулелерді қабылдайтын датчиктер жүйесі бекітілген.Олар сәулені электр сигналдарына түрлендіреді.
2.
Сигнал жазылуын күшейту. Датчиктерден шыққан сигнал күшейіп, компьютер жадысына түсетін цифрлық кодқа түрленеді.Бұл процесс этот дискретті, яғни бір элементар томограмма алғаннан кейін компьютер сканирлеуші құрылымға берілген бұрышқа бұрылып және келесі томограмманы түсіру үшін сигнал береді.Сәуле шығаушының айналымының соңында компьютер жадысында барлық датчиктерден кеген сигнал тіркелген болып шығады.Барлық қабатты сканирлеу уақыты бас аяғы 3 секундтан артық емес..
3.
Бейненің синтезі мен талдануы. Компьютер нысанның ішкі құрылысын қайтадан көрсетеді.Цифрлық компьютерлік технологияны пайдалану арқылы алынған картинаны оңай масштабқа келтіруге болады, және қабаттың қажет деген бөліктерін тиянақты түрде қарап шығуға , мүшелердің өлшемдерін анықтауға, олардың патологиялық құралулардың санын,өлшемін, сипатын анықтауға көмектеседі.
Компьютерлік томографтар дамуының прогресі детекторлардың санының көбеюімен, яғни бір мезгілде жиналатын проекциялар санының көбеюімен тікелей байланысты. Компьютерлік томографтардың алғашқы буынында детекторлар саны 2, екінші буында — 30-50, үшіншісінде — 300-500, төртіншісінде — 1000—5000 ға тең болды. Екінші буында алғаш рет рентгендік сәуле шоғырының сенімді формасы қолданылды.Компьютерлік томографтардың келесі әрбір буыны бейнені реконструкциялауға уақытты аз жұмсады, рентген түтігінің айналу жылдамдығын ұлғайтты.Бұл жаңалықтар компьютерлік томография зерттеулерін тездетіп, оның диагностикалық қолданылу аймағын кеңейтуге мүмкіндік берді.
КӨРІНІСКЕ КЕЛТІРУДІҢ МАГНИТТІК –РЕЗОНАНСТЫҚ ӘДІСТЕРІ.
Магниттік-резонанстық томография (МРТ).Ішкі мүшелер мен
ұлпаларды ядролық магниттік резонанс деп аталынатын физикалық құбылысты пайдаланып зерттеудің томографиялық әдісі.Әдіс жоғары кернеулктегі тұрақты магнит өрісінде тұрған сутегі атомдары ядроларын белгілі электромагниттік толқындарының комбинациясымен қоздыруына жауабын өлшеуге негізделген.
Ядролық магниттік резонанс әдісі адам ағзасын ағза ұлпаларының сутегімен қанығуы негізінде және олардың әр түрлі атомдар мен молекулалардың қоршауында тұруына байланысты магниттік қасиеттерінің ерекшеліктерін өлшеуге негізделген. Сутегі ядросының магниттік моменті(спині) бар және өзінің кеңістіктегі бағдарын күшті магнит өрісінде.сонымен бірге протон үшін арнайы берілген градиенттік,және сыртқы радиожиіліктік импульстер деп аталынатын, протон үшін арнайы болып табылатын қосымша өрістер берілген резонанстық жиілікте әсер еткендеінде өзінің кеңістіктегі бағдарын өзгерте алатын бір протоны бар.
Достарыңызбен бөлісу: |