«Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Жаратылыстану институты Химия кафедрасы»
БӨЖ Тақырыбы: Азаматтық қоғам
Тексерген: Дабылтаева М.М.
Орындаған: “6В05301-Химия” білім беру
бағдарламасының 1 курс студентті
Серікқали Ханшайым
Алматы, 2023 жыл
Азаматтық қоғам Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді.Яғни азаматтық қоғам терминіне түсінік беретін болсақ, «Азаматтық қоғам» - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceді.
Қазіргі заман өлшемімен алғанда азаматтық қоғамы ілгерілемеген елдің заман талабына, уақыт сұранысына сай дамуы қиын. Азат күннің алтын қазығы аста-төк қазба байлығы емес, азаматтық қоғам қалыптастыру екенін түйсінер кез келді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», деген болатын. Президенттің бұл сөзінен халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайында ықпалдасуының, қоғамдағы белсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде бірлескен іс-қимылының маңыздылығын ұғамыз. Себебі азаматтық қоғамның белсенді болуы адам капиталын, әлеуметтік-экономикалық дамудың, демократиялық құндылықтардың ел игілігіне айналуының негізгі алғышарттарының бірі. Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай — бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша, қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі — адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі жəне қоғамның мүддесі. Қазақстан қоғамында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті орнықтырудың басты алғышарттары мен ұстанымдарын негіздеп, оны қамтамасыз етуде қоғамдық саяси өмірге демократиялық нысанды енгізу бірден бір дұрыс бағыт болып табылады. Азаматтық мемлекет пен құқықтық мемлекетті қалыптастыру — күрделі, ұзақ та қайшылықты процесс. Олар қоғамдық-саяси күйдегі заң орындарының жарлығына сəйкес пайда болмайды. Бұл құрылымдар белгілі бір тарихи кезең аралығында саяси жүйенің табиғи деңгейде жоғары дəрежеде дамуына байланысты негізделген. Демек, Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасу ісіне қазақ ұлтының тарихи ой-санасы мен саяси мəдениетінің озық үлгілері қызмет етуі шарт. Сонымен, жоғарыдағы қарастырылған мəселелерді қорыта келе, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолында Қазақстанда күрделі процестер жүріп жатыр деп айтуға болады. Атап айтар болсақ, құндылықтарды бағалау, рухани бағдарлардың жаңа мəнге ие болуы, қоғамдық сананың трансформациялануы билікке, қоғамға, саяси жүйеге деген көзқарастарды қалыптастыруда. Бұл жағдайда авторитарлық басқару əдісінен бас тартып, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет негізін құруға бағыт алған Қазақстан саяси басқару жүйесі өз қызметінде демократиялық нормалар мен принциптерді басшылыққа алуы қажет. Себебі қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, биліктің бөлінуі, жаңа конституция қалыптасып жария етілгенімен, халық билігі немесе демократия типіндегі билік формасы біздің қоғамымызда əлі қалыптасқан жоқ. Біздің қоғамымыз қазір екі жүйеде дамуда. Бір жағынан, ұлтаралық татулық, келісім, халықтың биліке деген сенімі түрлі саяси күштердің барлығының көрінісі бар, ал екінші жағынан — қоғамның барлық саласын қамтыған жемқорлық, қатаң орталықтанған билік, үкіметке деген сенімсіздік жəне қоғамдағы қалыптасқан жүйеге деген қанағаттанбаушылық бар. Осыдан ой түйіндейтіміз азаматтық қоғам елімізде қалыптасу сатысында, əлі елімізде шынайы саяси билікке бəсекелес болатын, саяси күштердің теңдігін қамтамасыз ететін, үкімет қызметіне бақылау жасай алатын күш қалыптаспай жатыр. Оған кедергі болып жатқан бұрынғы тоталитарлық тəртіп пен номенклатуралық жүйеге үйренген қоғамдық сана. Ескертетін бір жағдай, Қазақстандағы демократияның дамуы халық қалауымен емес, биліктің саяси бағытынан туындаған. Батыс елдері демократиялық бағытқа жаңа қатынастардың дамуы нəтижесінде, атап айтқанда, құқықтар мен бостандықтарды құрметтеу, мемлекет қызметінің шектелуі, жергілікті өзін басқаруға деген ұмтылыстың ұзақ процесінде түсті. Осыған сəйкес Қазақстан да өзіне қажетті құндылықтарды енді игеріп, азаматтық қоғам бағытына енді ғана аяқ басты.Қазақстанда реформа жүргізу барысында мемлекеттің рөлін әлсірету реформаторлардың бірден-бір салмақты катесі еді, енді ғана ол бірте-бірте мойындалып, аздап түзеле бастады. Азаматтық қоғамда азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері, шын мәнісінде, заңға бағынушылық пен салықтар төлеуге саяды. Алайда бүлар, бір жағынан, мемлекеттің өмір сүруін және тиімді қызметін камтамасыз ететін, екінші жағынан, тұлғаның қоғамдағы анық және тең әлеуметтік-құқықтық мәртебесін анықтайтын міндеттері болатын. Әлбетте, нақты жағдайлар мен қарым-катынастарда азаматтардың қоғамдық, еңбек, кәсіпкерлік және басқа да іс-әрекетімен қызмет, әскери, отбасы парыздарын орындаумен байланысты басқа да міндеттердің пайда болуы әбден мүмкін. Қазақстанда соңғы жылдары орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған. Олардың арасындағы елеулілері: «Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету концепциясы», «Экономикасы өтпелі кезеңдегі елдерде табиғатты пайдалану әрекеттерін жүйелі басқарудың басшылыққа алатын принциптері», XXI ғасырға арналған күн тәртібі: «Өркендеу үшін және Отанды орнықты дамыту». Бүл құжаттарда Қазақстанның жаңа мыңжылдықта демократиялық және гуманистік негіздерде, барлық халықтардың рухани, этикалық, мәдени және басқа да құндылықтарын сақтай отырып, туған табиғатпен үйлесімді болатын орнықты экономикалық және адамдық даму кеңістігіне енгісі келетіндігі жарияланды.Орнықты даму принципі тек экономикалық және экологиялық мәселелермен шектелмейді. Орнықты даму қазіргі әлем мәдениетінің ажырамас маңызды белігіне айналып отыр. ЮНЕСКО-ның Париж каласында 1998 жылы қабылданған құжатында, даму құқығы және оның жүзеге асуы әлем мәдениетін жетілдіруге бағытталған және адам құқықтарын одан қарай тереңдетуге арналған салалардың арасында ерекше орын алады деп атап өтілген.
Қорытындылай келсек, азаматтық қоғам — бұл саясатсыздандырылған және идеологиясыздандырылған қоғам. Оған идеологиялық монополизм мүлдем жат. Бұл -еркін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, өркениетті қоғам. Онда жеке билік режиміне, басқарудың волюнтаристік әдістеріне, таптық өшпенділіккедоталитаризмге, адамдарды күштеуге орын жок. Мұнда керісінше, заң мен моральді, ізгілік пен әділдік, демократия мен тең құқықтық принциптерін құрметтейді. Азаматтық қоғам көлденең, биліктік емес байланыстар және қатынастар негізінде құрылады. Бұл байланыстар мен қатынастар бірнеше деңгейлер мен қабаттарды құрайды. Азаматтық қоғам фундаментін қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз етуші қатынастар қалыптастырады. Қазіргі жағдайда азаматтық қоғам негізін адам мүддесін және қоғам мүддесін толыққанды сақтайтын меншіктің түрлілігіне негізделген экономикалық қатынастар құрайды. Экономикалық плюрализм адамдардың өндіріс құралды жатсынуын туындатпау үшін қажетті алғышарттарды жасайды. Меншікті иелену жеке немесе ұжымдық негізде болуы мүмкін. Меншіктің болуы қандай қоғамда болмасын, адам бостандығының негізін қалаушы шарт болып табылады. Заңмен сенімді түрде қорғалған меншіктің болуы адамның белгілі бір дәрежеде мемлекеттік билікке тәуелсіз жекелігін білдіреді. Субъектінің жеке мүддесі, меншігі-оның іс-әрекетінің күшті стимулы болып табылады.Келесі деңгей-отбасылы-туыстық, этникалық, діни және басқа да тұрақты қатынастар кіретін әлеуметтік-мәдени қатынастар. Азаматтық қоғам көптеген әлеуметтік топтар мен қабаттардың, олардың өкілдерінің әр түрлі мүдделерін бейнелейтін түрліше әлеуметтік құрылымға негізделеді.Азаматтық қоғамның жоғарғы қабаты-бұл жеке сайлаулармен, саяси және мәдени таңдаулармен рухани құндылықтармен байланысты қатынастар. Бұл әр түрлі мүдделі топтар, саяси партиялар(басқарушы емес), қозғалыстар, клубтар, қысым көрсетуші топтар және т.б. Сонымен, барлық адамдардың еркін ойын білдіруді қамтамасыз ететін, идеологиялық стереотиптерді жоққа шығарушы мәдени-саяси плюрализмді ұсынады.Азаматтық қоғамның осы қабаты мемлекеттік саяси жүйемен тығыз байланысты, ең әлеуметтік белсенді институттарды өзіне біріктіреді .Осылайша, азаматтық қоғам –қоғамдық өмірдің экономикалық-әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени және рухани өмірінің тіршілік әрекетін, олардың ұдайы өндірісін және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуін қамтамасыз ететін жүйе.Жоғарыда көрсетілгендер негізінде келесі анықтаманы беруге болады: азаматтық қоғам-мемлекеттің ешбір араласуынсыз қоғамда ерікті негізінде дамитын индивидтер мен ұйымдардың қажеттілігін қанағаттандыратын жағдайды қамтамасыз ететін, тұлғааралық, отбасылық, қоғамдық, экономикалық, мәдени, діни қатынастар және құрылымдардың жиынтығы, қоғамдық өмірдің мемлекеттік емес саласы.Азаматтық феномен мықты интегративтік сипатқа ие. Формасы бойынша саяси құқықтық құбылыс болып табылатын азаматтық мемлекетте тұратын адамдарда, олардың этникалық, діни, нәсілдік және т.б. айырмашылықтарына қарамастан біріктіреді. Оныхалық деп атайды. Ха-лық бұл біріншіден азаматтық қауым. Азаматтық кез-келген индивидті, халықты және жалпы мемлекеттік билік қатынастарының қатысушыларына айналдырады. Индивид пен мемлекеттік биліктік қатынастар жүйесіндегі қызметі индивидті Азаматқа, ал тұрғындарды-азаматтық қауымдастыққа айналдырады.
Азаматтықтың интегративті қызметі индивидті қоғамдық өмірге араласудың толық және әділетті механизмі болып табылады. Индивид өзінің табиғи қажеттіліктерін тек жалпы азаматтық процесс барысында өтей алады. Азаматтық қоғамда бостандық қоғамның кез-келген мүшесінің индивидуалдық дамуына қажетті қоғамдық ресурстарды инди-видуалдық дамуына қажетті қоғамдық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беру деп түсіндіріледі. Мұны, I-ден, заң алдында барлығының тең болуы; II-ден, жеке және әлеуметтік бостандықтың негізі болып табылатын меншікке қол жеткізу мүмкіндігі арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Жеке тұлғаның автономдылығы мен бостандығы, заң алдындағы теңдігі-азаматтық қоғамның негізгі принциптері болып табылады.Сонымен азаматтық қоғам ұғымы өзіне:адам құқығын қорғауды, демократиялық, құқықтық, жоғары дамыған қоғам қалыптастыруды біріктіреді. Азаматтық қоғамның даму субъектісі адам болып табылады. Мемлекеттік мүдденің орнына қоғамдық, жеке мүдделер қойылады. Аталған жүйеге өту тек экономикалық саланы (коммерциялық емес ұйымдар, Үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз кәсіпкерліктер және жеке шаруашылық сектор) мемлекеттік аппарат негізінен бөліп алу жолымен ғана жүреді. Мұндай жағдайлар модернизация арқылы жүзеге асырылады.