Сигнал жазылуын күшейту. Датчиктерден шыққан сигнал күшейіп, компьютер жадысына түсетін цифрлық кодқа түрленеді.Бұл процесс этот дискретті, яғни бір элементар томограмма алғаннан кейін компьютер сканирлеуші құрылымға берілген бұрышқа бұрылып және келесі томограмманы түсіру үшін сигнал береді.Сәуле шығаушының айналымының соңында компьютер жадысында барлық датчиктерден кеген сигнал тіркелген болып шығады.Барлық қабатты сканирлеу уақыты бас аяғы 3 секундтан артық емес..
3.
Бейненің синтезі мен талдануы. Компьютер нысанның ішкі құрылысын қайтадан көрсетеді.Цифрлық компьютерлік технологияны пайдалану арқылы алынған картинаны оңай масштабқа келтіруге болады, және қабаттың қажет деген бөліктерін тиянақты түрде қарап шығуға , мүшелердің өлшемдерін анықтауға, олардың патологиялық құралулардың санын,өлшемін, сипатын анықтауға көмектеседі.
Компьютерлік томографтар дамуының прогресі детекторлардың санының көбеюімен, яғни бір мезгілде жиналатын проекциялар санының көбеюімен тікелей байланысты. Компьютерлік томографтардың алғашқы буынында детекторлар саны 2, екінші буында — 30-50, үшіншісінде — 300-500, төртіншісінде — 1000—5000 ға тең болды. Екінші буында алғаш рет рентгендік сәуле шоғырының сенімді формасы қолданылды.Компьютерлік томографтардың келесі әрбір буыны бейнені реконструкциялауға уақытты аз жұмсады, рентген түтігінің айналу жылдамдығын ұлғайтты.Бұл жаңалықтар компьютерлік томография зерттеулерін тездетіп, оның диагностикалық қолданылу аймағын кеңейтуге мүмкіндік берді.
КӨРІНІСКЕ КЕЛТІРУДІҢ МАГНИТТІК –РЕЗОНАНСТЫҚ ӘДІСТЕРІ.
Достарыңызбен бөлісу: |