Әдіскердің ұйымдастырушылық функциялары: – мектепке дейінгі білім беруде оқу-тәрбие үдерісі жағдайын талдау;
– балабақша жұмысын ұйымдастыруда табыс жағдайлары және сәтсіздік себептерін шығару;
– балабақшада баланы оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің барлық қатысушыларының жұмысын болжау;
– алдағы жұмыс мазмұны, формасы мен әдісін өңдеу;
– кәсіби кадрларды оңтайлы таңдау;
– педагогтарға алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда міндеттің қойылымы мен тікелей көмек;
– мұндағы барлық педагогтар жұмысының нәтижесін талдау анализі.
Әдіскердің ұйымдастырушылық құрылымының мақсаты – бұл баланың жеке тұлғасын қалыптастыру бойынша барлық педагогикалық процесс жұмысының тиімділігін және сапалылығын қамтамасыз ету. Әдіскер – бұл кәсіпқой, яғни, балабақшада оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда бас маман болып табылады.
Оның әдістемелік құрылымы төмендегідей: – диагностикалық;
– зерттеушілік;
– құрылымдық;
– коммуникативтік.
Әдіскер әдістемелік жұмыс үдерісінде: – тәрбиешілердің педагогикалық біліктілікті арттыруды ұйымдастырады,
– педагогтардың шығармашылық өсуін ұйымдастырумен айналысады,
– жас педагогтармен жұмысты ұйымдастырады,
– өз әріптестерінің тәжірибесі мен шеберлігін зерттейді,
– педагогтардың атқарған жұмыстары мен жетістіктерін талдап қорытады,
– олардың дарындылығы мен кәсіби дағдыларын кеңірек ашу үшін жағдай жасайды.
Әдіскердің әкімшілік құрылымы өзінің күнделікті жұмысында басымдылық болып табылмайды. Оның басты міндеті педагог жұмысының жүйелі оқу-тәрбие жүйесін құру бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық құрылымды бекіту болып табылады. Әкімшілік құрылымның маңызды үлгісі балабақшада оқу-тәрбие үдерісінің сапасын бақылау болып табылады. Әдіскер жұмысының практикасында педагогтардың бағдарламаны тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау мен орындауды талдау және бақылау, жоспарланған оқу-тәрбие жоспары іс-шараларын орындау бойынша педагогтардың жұмыс нәтижелілігі, тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі жұмысын бақылау ерекше орын алады. Осы аталған жұмыс түрлерінің бәрін орындай келе, әдіскер мектепке дейінгі ұйымда ерекше орын алады. Мектепке дейінгі ұйымның алға қарай жылжып, болашақ ұрпақтың сапалы білім алып, тәрбие түрлерінің бәрін меңгеруі әдіскерге тікелей байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Выготский Л.С. Педагогическая психология. М., 1991.
2. Крутецкий В.А. Основы психологической психологии. М., 1972.
3. http://melimde.com/mektepke-dejingi-jimdafi-psihologiyali-izmet.html