Мектептанудың негізгі мәселелері Мектептану – педогогиканың бір бөлімі, мақсаты – еліміздегі білім беру ісін басқару міндеттерін, мазмұнын және әдістерін, мектепті басқару жүйесі –нің ерекшілігін анықтау. Мектептану тәрбие мақсатына сай дамиды.
Мектептанудың зерттейтіні:
- халыққа білім беру;
- лауазымды адамдардың іс – әрекеті;
- оқу – тәрбие процесіне басшылық ету;
- оның формалары,әдістері.
Мектеп жұмысының сапасы білім беру ісін басқару органдарының жұмысына байланысты. Мектептанудың методологиясының негізі – тәрбиенің мақсаты және міндеті туралы тұжырымдамалар, мемлекетімізді басқару туралы заңдар. Мектептің алдында тұрған жаңа міндеттер білім беру ісін басқаруды жетілдіруді талап етеді.
Мектептану сүйенетін дерек көздері:
- басқару туралы заң;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
- Шетелдердегі білім беру ісін басқару тәжірибесі.
Мектептану мектепті басқару тәжірибесіне сүйеніп, озат тәжірибені насихаттап тәжірибеге енгізеді.
Мектептану үшін маңызды дерек көзі белгілі педогогтардың мектепті басқару жөнінде берген құнды ұсынбалары.Бірақ оны сын көзбен оқыған дұрыс.
Мектептану мазмұны : мектепті басқарудың негізгі принциптері: білім беру ұйымдарының қызметі; мектептің ішін басқару мазмұны;әдістері,т.б. Мектептанудың зерттейтін саласы дидактика мен тәрбие саласынан өзге, оларды қайталамайды.
Педогогикада халыққа білім беру ісінде шешілмей отырған мәселелерді шешіп, мектептегі лауазымды адамдардың іс- әрекетін оқу – тәрбие процесіне басшылық жасауына керекті жұмыс түрлері мен әдістерін зерттейтін сала елеулі орын алады. Осы мәселелерді мектептану курсы зерттейді.
Мектептану ғылымның басқару тұрысы жетістіктерін, субъекті ғылыми ұйымдастыруды толық қолданады. Мұғалімдердің біліктіліктерін көтеру жүйесі , озат тәжірибені жинақтау түрлері, әдістері қаралады.
«Менеджмент» - ағылшын сөзі. Басқару деген мағынаны білдіреді. Ол ағылшынның «манус» , яғни «қол,күш» -деген сөзінен шығып ,алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ , ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген.Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып , адамдардың белгілі бір ұжымын, тобын басқарудың, ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болған.
Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігін былай берілген:
1. Адамдардың қарым – қатынас жасау әдебі.
2. Билік және басқару әдебі.
3. Шеберліктің ерекше түрі және ерекше дағды.
4. Басқару органы, әкімшілік бірлік.
Менеджмент ұғымы басқару саласы бойынша да түрлі мағынаны білдіреді. Менеджмент – басқару сөзінің аналогы болғанымен , оның өзіндік ерекшеліктері бар. Басқару сөзінің аясы кең, ал менеджмент белгілі бір басқару түрін, яғни акционерлік компанияның немесе кәсіпкерлік корпорациялардың жеке шаруа (фермер) қожалығының жұмысын әлеуметтік , экономикалық процесс негізінде басқару