Реферат тақырыбы: Мектептанудың негізгі мәселелері, Білім беру қызметінің принциптері мен əдістері


Директор және оның орынбасарларының оқу – тәрбие жұмысын бірлесіп бақылауы



бет4/6
Дата06.06.2023
өлшемі109,71 Kb.
#99213
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мектептанудың негізгі мәселелері, Білім беру қызметінің принциптері мен əдістері

Директор және оның орынбасарларының оқу – тәрбие жұмысын бірлесіп бақылауы:


Бақыланатын нысандар:
- оқытудың барысы және оқушылардың білім сапасы;
- оқу кабинеттерінің жұмысы;
- оқушыларға қойылатын педогогикалық талаптар;
- үлгермеушілер болайын деп тұрған сыныптар;
- тәрбиеден тыс қалған оқушылармен жұмыс;
- педогогикалық озат тәжірибені зерттеу, қорытындылау және шығармашылықпен тарату;
- мұғалімдердің біліктілігін көрсету, әдістемелік және жас мұғалімдермен жұмыс;
- мектеп құжаттары;
- педогогикалық оқу;
- адамгершілік тәрбиесі;
- дене тәрбиесі;
- құқықтық тәрбие , т.б тәрбие салалары;
- техника қауіпсіздігі.
Білім беру қызметінің принциптері мен əдістері
Əдеби деректерде маркетинг нарықтық қатынастарға қатысушылар философиясы түрінде ұсынылатындығын жиі кездестіруге болады, алайда бұл нақтыланбағандықтан, бұл ұғым көп дəрежеде жұмыс істемейді. Тауар мен қызметтерді өндірушілерде нарық философиясы ретіндегі маркетингтің тəуелділік дəрежесі өндірістіктен нарықтық-маркетингтік бағдарлануға өту деңгейі бойынша іске асырылады. Білім беру саласы үшін бағдарлардың осы түрлері арасындағы негізгі айырмашылық мынада. Өндірістік формада: осы мекеме үшін дəстүрлі болып табылатын қызметтерді ғана ұсынады; білім беру қызметтерінің бағалары шығындардың нормативтері негізінде белгіленеді («пайда» ұғымы білім беру қызметтерінің өзіндік құнына шамаластырылған); басшылардың белгілі бір кəсіби дайындық деңгейі бар; білім беру қызметтерінің ассортименті тар шеңберді қамтиды жəне баяу жаңартады; ғылыми зерттеулердің білім беру қызметтерінің əлеуетті тұтынушыларының сұраныстарымен байланысы əлсіз болады [1]. Нарықтық бағдарларға қатыстыға келер болсақ, аталған аспектілер қарама-қарсы принциптерді мегзейді: білім беру нарығында сұранысқа ие білім беру қызметі ғана көрсетіледі; баға құралымы нарықты талдау есебінен жүзеге асады (бəсекелестерге, сұраныс көлемі жəне т.б. талдау жасау); білім беру қызметтерінің ассортименті кең салалы жəне клиенттің сұраныстарын, ғылыми-техникалық озықтықты ескере отырып, уақтылы жаңартылады; мекеменің коммуникациялық қызметі білім беру қызметін тұтынушылардың мақсатты топтарына бағдарланған; басшылық білім беру қызметі саласында жəне нарықтық экономикада білікті кадрлардан тұрады; мекеменің құрылымында мекеменің жетістіктері мен имиджі үшін жауапкершілік жүктелген маркетинг бөлімі бар.
Маркетингтің мəні оның принциптерінен көрініс табады. Маркетингтің басты назарға тұтынушыны қоятын негізгі принципі білім беруді адамның құндылығын өсіруге бағдарлау ретінде ашылады. Бұл принцип білім беру қызметін (БҚ) көрсету үдерісінің белсенді серіктес қатысушылары ретіндегі клиенттерге қатынасын, маркетингтік стратегияны қалыптастыру жəне іске асыру, маркетингтік тұрғыда басқаруды жəне ашық жүйелердің жұмыс істеуін сипаттайтын басқа принциптермен нақтыланады жəне толықтырылады. Бұл көзқарастың білім беру саласындағы келешегінің болуы БҚ-не сұранысты оларды тұтынушылардың əр түрлі санаттарының мұқтаждықтар иерархиясын ескере отырып, алуға қарай қалыптастыру жəне өсіру мүмкіндігімен шарттастырылған. Білім беру маркетингінің маңызды принципі қызметтерді өндірушінің қажеттіліктеріне емес, тұтынушының мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне бағдарлану болып табылады. Сондай-ақ білім беру қызметтерінің маркетингтік қызметінің технологиясы мен басқарылуын анықтайтын басқа да принциптері бар. Оларға жататындар:

  • берушілік қызметтердің оларға мұқтаждықтарды қанағаттандыру критерийі ретіндегі сапасы;

  • нарықтың артықшылықтағы сегменттеріндегі тұтынушылар үшін қажетті білім беру қызметіне баса көңіл бөлу;

  • мұқтаждықтарға кең мағынада талдау жасау, оларды қанағаттандырудың дəстүрлі тəсілдері аясынан тыс. Білім беру қызметі саласында тұтынушыға дипломның өзі емес, оның өзінің тұлғалық құндылығын өз бетінше өсіруі керек;

  • шешуші бағыттар бойынша білім беру қызметі нарығының ұзақ мерзімдік перспективасына бағдарлану;

  • білім беру қызметі нарығының мəліметтерін жинау жəне өңдеу;

  • мультифакторлық болжамдар мен шешімдердің түрлі əдістерін ұсыну;

  • белгілі мерзімде жəне басқа да кедергілер туындағандығына қарай дұрыс шешім қабылдау;

  • жиынтық шығындарға талдау жасау жəне баға құралымы бойынша ұсыныс.

Жоғарыда айтылғанды үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ тұтынушылардың мұқтаждықтарына қатысты маркетинг философиясын анықтайды. Екінші топ нарықтық-маркетингтік стратегияны таңдауға бағдарланады. Үшінші топ стратегияны іске асыру кезінде неге жүгіну керектігін көрсетеді [3].
Білім беру қызметі маркетингінің өзара ықпалдастығының негізгі элементтері: сыртқы ортаның ықпалдарына жауап беру жəне білім беру мекемелерінің нарық субъектілерінің талаптарына бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз ететін зияткерлік меншік, мемлекеттің білім берушілік саясаты, əлеуметтік əріптестік тетігі, интеграциялық саясат, ақпараттық орта, инновациялық даму бағдарламасы, білім беру бағдарламалары. Адамдар мен ұйымдар ашық жүйе болып табылғандығының арқасында, яғни бір-бірімен, оларға қатысты сыртқы ортамен ресурстар алмасу үдерісінің арқасында өмір сүреді. Бəсекелестікті білім беру саласында бəсекелестердің ынтымақтастығы жаңа пəндерді ашуда, оқу жəне əдістемелік құралдарды жариялауда, кəсіби кадрларды пайдалануда, қымбат тұратын оқу кешендері мен құрал-жабдықтарды жасауда, жəне т.б. тұрақты əрі тиімді болып табылады. Білім беру саласына қойылатын инвестициялардың тиімділік көрінісі ұзақ мерзімді болады, білім беру қызметтерінің инвесторлары бəсекелес білім берушілік мекемелердің ынтымақтастығын көтермелей отырып тəуекелді барынша азайтуға тырысады. Маркетинг барысында жалпы ғылыми əдістер пайдаланылады, олар нарық туралы ақпаратты (тұтынушылар, бəсекелестер, бағалық саясат туралы жəне т.б. ақпаратты) талдауға жəне жүйелеуге; алынған ақпаратты өңдеуге; білім нарығындағы өзгерістерді қадағалап отыруға; қандай да бір міндеттерді, соның ішінде стратегия мен тактиканы бағалауды жүргізуге; эксперименттің көмегімен нарықтық бағалаулар жүргізуге жəне оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Маркетинг басқа да нақты ғылымдардың əдістерімен өзара тығыз байланысты:

  • экономикалық талдау (нарықты макро- жəне микроэкономикалық талдау) — нарық ахуалын, бəсекелестердің мүмкіндіктерін бағалау, сондай-ақ мекеме мен оның əріптестерінің мүмкіндіктерін бағалау үшін;

  • статистика — білім берушілік нарық ауқымын, қызметтерге сұраныс деңгейін жəне т.б. талдау үшін;

  • математика — алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үдерістерін талдау үшін;

  • социология — қызықтыратын мəселелер бойынша белгілі бір тұтынушы топтарды анықтау үшін;

  • басқарушылық теориясы — білім беру мекемесінің үдерістерін жоспарлау жəне болжау үшін.

Сондай-ақ біз өзекті идеяларды тудыру, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау жəне т.б. үшін маркетингтің нақты əдістерін пайдалана аламыз. Барлық аталған əдістер тікелей маркетингтік зерттеулерді орындау кезінде пайдаланылады. Мекеменің маркетингтік қызметі мен бюджетінің елеулі бөлігі зерттеулер болып табылады, сондықтан да оларды дұрыс жоспарлаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет