Тақырыбы: Мектепті менеджмент теориясының негізінде басқарудың принциптері
Орындаған: Каслин Ж.М. Группа: ДПМНО-101-В
Қазіргі менеджмент негізінде мектепті басқару әдістері. Басқару әдістері – басқару жүйеінің қолда бар еңбек, материалдық – қаржылық және өзгеде ресурстарды неғұрлым нәтижелі пайдалана отырып, мекеме алдында тұрған мақсаттарға жетуге бағытталған іс – әрекет тәсілдері.
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқау қызметтерін іскен асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару әдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
o Әкімшілік – ұйымдастыру әдістері (орындаушылар қызметтерінің шек – өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру және т.б.);
o Педагогикалық қызметкелерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны және сапасына орай, категориялары мен атақ – дәрежелеріне сәйкес жалақы беру);
o Психологиялық – педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) және әсерлендіру (жағымды психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
o Қоғамдық ықпалдарын пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);
o Қоғамдық әсер әдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатнаста шыдамдылықты сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мәртебесін ұлықтыру).
Басқару әдістерін таңдап қолдану:
Нақты жағдайға;
Қабылданатын шешімнің өзгешелігіне;
Басқару процесінің ерекшелігіне;
Жетекшілік стиліне;
Бағынышты адамдардың жеке мінездемелері мен дербес ерекшеліктеріне байланысты.
Еңбек ұжымын басқару үлкен ұйымдастырылған және өкімдік қызметі жүзеге асырудың талап етеді, мұндай қызмет әкімшілік – ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізіледі.
Әкімшілік – ұйысдатыру әдістері – бұл қызметкерлердің бағыныштылығына, билік жүргізуге, тәртіп сақтауға негізделген ұйымдық және биліктік ықпал құралдарының жүйесі. Әдістердің бұл тобы кез келген ұжымның өндірістік жұмысында орын алатын күнделікті мәселелерді шешуге бағытталады және іс –әрекет барысында шұғыл әсер ету формасы болып табылады.
Әкімшілік – ұйымдастыру әдістері мәні мен мағынасы:
- Басқарылушы объектіге тікілей ықпал жасайды. Олар басқарылушы объектінің таяудағы міндеттерін, олардың орындау тәртібі мерзімін анықтайды, яғни жақын арадағы еңбк ресурстары мен шарттарын белгілейді;
- Белгілі бір жағдайың біржақты шешімін береді және басқарылушы тарапынан міндетті түрде орындалуға тиіс (орындаушыға іс –әрекет түрін таңдау мүмкіндігін бермейді);
- Өкімдер мен нұсқаулардың міндетті сипатын білдіреді: оларды орындамау тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылып, жазалау шараларын көздейді.
Экономикалық басқару әдістері – бұл ұжымға және оның жекеленген мүшелеріне нақты экономикалық механизмдер арқылы (еңбекақы мөлшері, сыйақы, баға белгілеу, несие беру, т.б) әсер ету жүйесі.
Экономикалық басқару әдістері қандай да бір іс – шараның орындалуын бүкіл ұжым ен оның әрбір мүшесі үшін экономикалық тұрғыдан тиімділігін қамтамасыз етудің көздейді. Негізгі экономикалық әдістерге шаруашылық есептесулер (жеңілдіктер, несиелеу, қаржыландыру) және экономикалық ынталандыру жатады (еңбекақы мөлшері, сыйақы).
Психологиялық әсер ету әдістеріне жетекшілік жасау стилі, жеке үлгі, позитивті қатынастар, ынталандыру, уақытша қызмет алмастыру жатады, сонымен қатар жеке қабылдау, әңгімелесу, психофизилогиялық зерттеу, бақылау сияқты тәсілдерде пайдаланылады.
Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару әдістері пайда бола бастады. Оқу – тәрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану тәсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметін бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау әдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп әкімшілігінің күш – қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тәжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, әр мұғалімге де таныс болуы міндетті.