Осылармен қатар, құқық қоғам мүддесі мен еркін білдіреді. Құқық қоғамда нормативті тәртіппен бостандықты қамтамасыз етіп, кепілдік беруші, экономикалық және қозғаушы күштердің дамуына жағдай жасаушы. Құқықтың мәні дегеніміз өркениет жағдайындағы қоғамдық қатынастардың реттелуі, қоғамның тұрақты ұйымдастырылуын қамтамасыз ете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, жеке адам құқығының шын мәнінде іске асырылуы. Құқық мәнін қараған кезде, оның, 1-ден, заңға сәйкестілігін, яғни кез - келген құқық реттеуші екендігін; 2-ден, мағыналылығын, яки көрсетілген реттеушінің кімнің мүддесін қорғайтынындығын ұмытпауымыз керек. Құқықты әртүрлі мағынада қолданамыз: 1) субъективтілігі – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Субъективтік құқық – субъектінің еркі және санасына байланысты іске асырылады. Мысалы, азаматтардың еңбек етуі, білім алуы, меншік иесі болуы, кәсіпкерлікпен шұғылдануы. 2) объективтілігі – жалпыға міндетті, қоғамның бекіткен және қамтамасыз етілген заң нормаларының жиынтығы. Бұл заң нормалары қоғамдық қатынастарды реттеуге арналады. Объективтік құқыққа нақты бір мемлекеттің заңдары, заңды салты- дәстүрлері, сот прецеденті және нормативті келісімдері жатады. Оның объективтілігі сол, ол жеке тұлғаның еркі мен санасына қатыссыз жасалады. 3) табиғилығы, өмірден алынатын, заттардың табиғи тәртібінен пайда болатын, еш жерде бекітілмеген құқық жүйесі. Мысалы, өмір сүру, туылу, бостандық т.б. құқықтар.