Реферат Тақырыбы: Мемлекет және құқық Орындаған: Оразмұқанбет А. К



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата14.10.2023
өлшемі179,77 Kb.
#114829
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Когам док

атқарады.
 
Әкімшілік-мемлекеттік құрылым жеке меншікке (әсіресе,жерге) негізделді.
 
Экономика мемлекеттік және қоғамдық меншік түрде қалыптасты. Мемлекттік 
аппарат өкілдерінің сарайлары, асыл бұйымдары, құлдары болды. Қызметтен кеткен 
жағдайда дүниесінен, кей кезде өз бастарынан да айырылып отырған. Дегенмен, 
жеке меншік мемлекеттің экономикасына анау айтқан әсерін тигізе қойған жоқ. 
Қоғамдық өндіріске «ерікті» қауымдық еңбек шешуші әсер етті. Саудагер мен 
қалалық қолөнершілер тобы эконономиканың дамуына өз үлестерін қоса алмады.
 
Біртіндеп ұжымдық еңбек қызметі кооперациясының шеңбері өсті. Бұл 
қауымның үстінен қарайтын билік және басқару органдарының пайда болуына 
әсерін тигізді. Олар билеуші адамдар мен құдай арасындадағы өкіл болды. Олар 
билігін құдайдан алады деп есептелінді. Мұның барлығы биліктің орталықтануына 
алып келді. Осының нәтижесінде пирамидаға ұқсас құрылым пайда болды. 
Жоғарыда (көсемнің орнына) шексіз билік иесі монарх отырды, төменде (ақсақалдар 
және көсем кеңесінің орнына) монарх кеңесшілері,уәзірлер отырды. Олардан кейін 
төменгі шендегі біртіндеп рулық мәнді жоюшы чиновниктер және т.б. пирамиданың
негізгі ауыл-шаруашылық қауымдары отырды.
 
Негізгі өндіріс көзі жер болды. Ол қауым меншігі болып саналды. Қауымдастар 
ерікті болып есептелінгенімен шын мәнінде мемлекеттікі болды. Сөйтіп,мемлекеттік 
билік бюрократтық чиновник аппараты мен оның басшысы шексіз билік иесі 
монархтың қолында болды. Шығыс елдерінің өз ерекшіліктері болды. Қытайда 
құлдық үй шаруашылағында дамыса,Египетте құлдар қауымдар мен бірге 
экономикаға өз үлестерін тигізді. Европалық антикадағы құлдық жеке меншікке 
негізделсе, ол Египетте көптеген құлдар мемлекеттің (фараонның) немесе храмның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет