Қазақстан Республикасының негізгі ішкі функциялары
Мемлекеттің сыртқы функциясы
Мемлекеттің Отан қорғау функциясы және оның басқа функцияларымен қарым-қатынасы
Мемлекет функциясын іске асырудағы нысандар мен әдістері
«Мемлекет функциясы » деген атау ,мемлекет жұмыстарындағы мақсаттардың негізгі,өте маңызды бағыттарын айқындауға пайдаланылады.Себебі,сол арқылы оның әлеуметтік роль көрінеді.Заң шығарушы,атқарушы және сот органдарының қызметтеріндегі негізгі бағыттарының табиғаты бір болады..Олардың ең бірінші мақсаттарына қоғам өмірінің бір қалыпта дамуын қамтамасыз еті кіреді.
Мемлекеттің функциясында,оның мәнін көрсетумен қатар,қоғам дамуындағы негізгі мәселелерді шешудегі ролін және ең алдымен,ел тұрғындарының әртүрлі мүдделерін қамтамасыз ететіндігі айқындалады.
Мемлекеттің функциялары,оның даму кезеңдеріндегі алдарындағы тұрған негізгі мақсаттарына байланысты белгіленеді және сол мақсаттарды іске асыратын құрал ретінде көрінеді.Мемлекеттің мақсаттарыны мазмұны,оның ішкі және сыртқы жағдайларына байланысты болады.Елдың экономикалық өміріндегі кризистік құбылыстар,мемлекеттен өзінің барлық органдарының күшін біріктіріп,сол экономикалық жағдайлы жөндеуді талап етеді.Қылмыстың өсуі,мемлекеттен дер кезінде оған қарсы шараларды ұйымдастыруды талап етеді.Сыртқы жақтан болуы мүмкін шабуыл қаупі,мемлекет органдарының тұрғындарды ондай жағдайға дайындап, бірігіп қорғанудың алдын-ала дайындығын ұйымдастырады.
Мемлекеттің барлық бағыттағы негізгі қызметтері,қоғапм өмірінің қандай ортасында өтетініне байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Қазіргі кезде қоғам өмірі, негізінен екі ортада өтеді:елдің ішінде және халықаралық аренада.Мемлекет функциясы жұмыс жалғамына байланысты иұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді.Тұрақты функция мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде іске асырылады.Уақытша функция өзіне белгіленіп берілген жұмысты орындағанан кейін өз жұмысын бітіреді.Яғни,төтенше сипатта болады(оларға,стихиялық жағдайды түзеу, үлкен апаттар,конституцияға қарсы көтерілістер жатады.)