Өндірістік орнына қойылатын санитарлық гигиенаның талаптары
1 талап
1 класс – 1000 м 2 класс – 500 м 3 класс - 300 м 4 класс – 100 м 5 класс – 50 м
2 талап Құрылыс алаңындағы салынатын ғимараттың тығыздығы төмендегідей болу керек:
1) астық өңдеу өндірісінде тығызық 40 пайыз;
2) консерві, шарап, кондитер өндірісінде тығыздық 50 пайыз;
3) нан өндірісінде 45 – 50 пайыз;
4) май өндірісінде 30 – 35 пайыз болу керек.
3 талап Өндіріс алаңын жобалау кезінде төмендегі шаралар ескеріледі:
1) қатынас жолдарын дұрыс игеру;
2) жауын – шашын суларын аймақтан алшақтау;
3) темір жолдарды ескеру;
4) алаңда бір жағына қарай еңкіштігін ескеру;
5) аяқ жолдарды ескеру және түрлі нұсқамалар қою.
Жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін орындау кезіндегі тұрақты немесе уақытша болатын орны.
Әр қызметкердің жұмыс орны – түрлі жұмыс бабының бір немесе бір-неше түрін орындауға бөлінген мекеменің бір бөлігі. Ол бөлмелер машиналармен, аппараттармен, агрегаттар немесе станоктармен т.б. мекемеге керекті қауіпті техника түрлерімен қамтамасыз етіледі. Қанша қауіпті техника болғанымен ол орында қауіпсіздік шаралары басым болу керек. Ол үшін мекеме әр техника құралдарының талаптарын, ережелерін қатаң түрде сақтауға тиіс. Сондықтан әр мекеменің тұрған орны, санитарлық гигиенасы, әр техниканың орнықты болуы, қауіпсізідік шараларына қарсы құрал – жабдықтары мен арнайы киімдері және ереже талаптары алдын – ала қарастырылса, қызметкерлерге мекеменің көрсеткен ең 1-ші жеңілдігі деуге болады.
Өндіріс ғимараттарына қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Өндірістік ғимараттар стандарт бойынша қойылған талаптарға сай болу керек.
Ол өндірісте қанша адамның жұмыс істеу санына байланысты өндірістік нормалар бекітіледі, және де, ер адамдар қанша әйелдер саны қанша соған байланысты күнделікті тұрмысқа қажетті – себезгі, гардероб, дәретхана, демалыс бөлмелері, асхана т.б.бөлімшелер тұрғызылады.
Құрылыс бөлімшелерінің көлемі 15 м3-тан көп болмау керек. Әр жұмысшыға 4,5 м2 бөлмелердің биіктігі 4,8 – ден өте биік болмау керек, қоймалардың биіктігі 3 м-ден кем болмау керек. Еденмен негізгі салмақ көтергіш элементтердің арақашықтығы 2,1 м. Еденмен инженерлік жүйелердің арақашықтығы (газопроводные) 1,9 м кем болмау керек. Сонымен қатар бөлме ішіндегі қысым ылғалдылығының, ауаның тазалығы, гигиеналық талаптарға сай болу керек.