Реферат Тақырыбы: Микроклиматтық еңбек шарттарының гигиена нормаларына әсері Пәні: Еңбекті қорғау Тексерген



бет1/14
Дата05.04.2023
өлшемі50,48 Kb.
#79599
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Реферат

Тақырыбы: Микроклиматтық еңбек шарттарының гигиена нормаларына әсері
Пәні: Еңбекті қорғау


Тексерген:
Орындаған:
Жоспар

Кіріспе...............................................................................................................................3


1.Өндірістік гигиена және санитария............................................................................4
2. Өндірістік орнына қойылатын санитарлық гигиенаның талаптары......................7
3. Гигиена және еңбек қорғау бойынша негізгі заңдық құжаттар..............................8
4. Өндірістік микроклимат, қолайсыз микроклиматтық жағдайларымен байланысты аурулардың алдын алу.............................................................................12
5. Өндірістік бөлмелердің микроклиматы қоршаған ортаның маңызды физикалық факторы болып келеді де..............................................................................................14
6. ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ.......................15
7. АДАМ ОРГАНИЗМІНІҢ ТЕРМОРЕТТЕМЕСІ......................................................16
8. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ......................................................................16
9. Жұмыс орнындағы микроклиматты нормалау және бағалау...............................17
10.ӨНДІРІСТЕ МИКРОКЛИМАТ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ...................................................................................................18
11. ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫ НОРМАЛАУ ТЕРМИНДЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІНІҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ......................................................19
12. МИРКОЛИМАТТЫҚ ЖҰМЫСШЫҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ...................................................................................................20
Қорытынды.....................................................................................................................21
Әдебиеттер тізімі...........................................................................................................22

Кіріспе

Микроклимат (грек. mіkros – кіші және климат) – жер бетінің шағын аймағына (мысалы, жотаның беткейі, көлдің жағасы, орман, т.б.) және оны қоршаған ауа қабатына ғана тән климаттық жағдай. Жер бетінің микромасштабтық айырмашылықтарына байланысты, мысалы, қалың орманды алқап климатынан сол орман ішіндегі жеке ашық алаңдар, бөлек шоқ тоғайлар Микроклиматын немесе үлкен қаланың қалыптасқан климатынан ірі кәсіпорын төңірегінің, не жасыл бақтың Микроклиматын ажыратуға болады. Жер бетінен жоғарылаған сайын Микроклимат ерекшеліктері сейіле береді. Микроклиматтың сақталуы ауа райына тығыз байланысты; тынық, ашық кезінде Микроклимат өте айқын байқалады, бұлыңғыр кезінде онша сезілмейді. Микроклиматтық жағдай жергілікті климат элементтерін бақылайтын метеорологиялық станциялардың деректері мен Микроклимат ерекшеліктерін салыстыру жолымен зерттеледі. Егістік жерді дұрыс таңдау, жерді мелиорациялау, өнеркәсіптік және жәй құрылыстар салу кезінде Микроклимат ерекшеліктерін ескеру қажет.


Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицинаның ғылыми нормативтерді және кәсіптік аурулар мен еңбек жағдайларының жұмысшыға көрсететін әсерінің, басқа да қолайсыз салдарларының алдын алу құралдарын ғылыми негіздеу мақсатында адам организміне еңбек үрдісі мен өндіріс ортасы факторларының әсерін зерттейтін бөлімі Еңбек гигиенасы өндірістегі еңбек жағдайларын зерттейді. Еңбек жағдайлары - әлеуметтік-экономикалық үрдістердің әсерімен қалыптасатын өндірістік факторлардың жиынтығы болып табылады.
Бірқатар өндірістер (суық цехтар) арнайы қалыптастырылатын ауаның төмен температураларымен сипатталады (тоңазытқыштар, кеме жасау өнеркәсібі, сыра қайнату зауыттарының ашыту бөлімі, тез бұзылатын тағам сақтайтын қоймалар және басқалар). Бұл цехтардағы ауа температурасы 0ºС жақын болуы мүмкін.
Өндірістік микроклимат ауа ортасының физикалық факторларының – ауа температурасының, ылғалдылығының, қозғалу жылдамдығының және инфрақызыл сәулелердің жиынтығы болып табылады. 
Өндірістік микроклимат бұл факторлардың едәуір дәрежеде әр түрлі болып қалыптасуымен ерекшеленеді және ол өндіріс үрдісінің сипатына, сыртқы метеорологиялық жағдайларға, ауа алмасуының ұйымдастырылуына, т.с.с. байланысты болады. Көптеген өндірістерде (ыстық цехтар) технологиялық үрдіс барысында қызған қондырғылардан, балқыған және барынша қызған металдардан, шыныдан, ауаға өткен ыстық булар мен газдардан бөлінетін жылу есебінен ауа мен қоршаған нысандардың ысып кетуіне алып келетін жағдайлар туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет