Реферат Тақырыбы: Нейрондар. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата24.04.2023
өлшемі321,04 Kb.
#86147
түріРеферат
  1   2   3


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
NSEO«KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL 
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ 
UNIVERSITY» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Реферат 
 
 
 
 
Тақырыбы: Нейрондар. Орталық жүйке 
жүйесін зерттеу тәсілдері 
Орындаған: Жамалбекова Алтынай 
Тексерген: Жумабекова. РР 
Almaty,2022 


Жоспар: 
1. Нейрондар туралы жалпы түсінік. Синапстар. Аксон. Дендрид. 
2. Орталық жүйке-жүйесі. 
3. Орталық жүйке-жүйесінің зерттеу тәсілдері. 


Нейрондар (neuronum, бұл атауды Вильгельм фон Вальдейер бердi) немесе 
нейроциттер-жүйке ұлпасының негiзгi құрылым, қызмет бiрлiгi (52 сурет), көлемi 
ұсақ, дене диаметрi 4-5 мкм-ден (мишық түйiршiктi жасушасы) iрi, дене диаметрi 
140 мкм (ми қыртысындағы алып көп жақты (пирамида тәрiздi) жасушалар), туғаннан 
кейiн бөлiну қабілетiн жоғалтады, тiршiлiкте оның саны көбеймейдi, қайта азаяды. 
Нейрондардың өлуi қалыпты жағдайда аз кездеседі, ол қалыпты (бағдарланған)-
апоптоз (грек. «арорtоsis»-түсетiн мезгiл) механизмiмен iске асады. 
Жетiлген нейрондар қабылдағыш қызмет атқаратын сырт қабығынан-невролеммадан 
(плазмолеммадан), денесiнен (corpus,перикарионнан), өсiндiлерiнен тұрады. Жүйке 
жүйесi әр бөлiмiндегі нейрондар перикарион түрi, оның көлемi, өсiндiлерінің саны, 
жалғама байланысы, дендриттердің тармақталуы және бөлетiн селбестiргiшiмен 
өзгешеленедi. 
Перикарионның құрамына ядро және цитоплазма кiредi. Нейронның әдетте бiр, iрi, 
дөңгелек, ақшыл, 2-3 iрi ядрошықтары бар, хроматинi аз, цитоплазманың ортасында 
орналасатын ядросы болады. Мұндай құрылым ерекшелiктерi нейрон ядросындағы 
ДНҚ молекуласындағы бiрiздiлiктiң иРНҚ молекуласына жазылуы жоғары қарқында 
жүретiнiн көрсетедi. 
Ұрғашы мал нейрон ядрошығының жанында Х-хромосома сақтайтын, iрi хроматин 
үйiндiсi - Барра денешiгi болады. 
Нейронның цитоплазмасында мына тұрақты қосындылар: түйiршiктi эндоплазмалық 
тор (Франц Ниссль рибосомаларды метилен көгiмен бояп, алғашқы болып 
көргендiктен, оны Ниссль заты немесе тигроид деп атайды. Тигроид деп атау қате, 
себебi перикарионды Ниссль тәсiлiмен бояғанда, жолбарысқа емес, жыртқыш мысық 
терiсi, дақты қабыланға ұқсас болады), Гольджи аппараты, көптеген митохондрийлер 
(нейрондар қуатын зат алмасудағы ауада қамтамасыз ететiндiктен, ол оттек
3


жетiспеуiне өте сезгiш болады), лизосомалар, жасуша орталығы (центросома, 
нейрондарда болып, микротүтiкшелер құрастырады), цитоқаңқа (нейротүтiкшелер, 
микро-, аралық нейрофиламенттердi бекiткенде, бiр-бiрiмен жабысып, шоқтар түзiп, 
күмiс тұздарымен бояғанда жасанды құрылым-жiпшелер құрады да, қалыңдығы 0,5-
3 мкм нейрофибриллдер деп аталады) және тұрақсыз қосындылар (май тамшысы, 
липофусцин түйiршiктерi және нейромеланин) сақталады. 
Перикарионнан екi өсiндi - дендриттер (dendritum, «dеndrоn»-ағаш) және аксон (грек. 
«ахоn»-өсiндi; нейрит-neuritum) тарайды. Олар жалғама (синапс, грек. «synарsis»-
қосылу, байланыс) құруға қатысады. 
Аксон-әдетте жалғыз, ұзын (бірнеше мкм-ден 1-2 м дейiн жетеді), бойы 
тармақталмайды, тармақталған ұшында жалғама көпiршiктерi болып, онда 
перикарионнан келген тiтiркенiстер сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет