Дендриттер-өте тармақталған, қысқа өсiндiлер, тiтiркенiстi қабылдап, перикарионға
жеткiзедi, онда түйiршiктi, түйiршiксiз эндоплазмалық тор, рибосома құрамбөлiктерi,
Гольджи аппараты болады.
4. Нейрондар құрылым, қызмет, биохимиялық белгiлерiне орай жiктеледi.
Құрылым жiктелуiнде өсiндiлер саны алынады. Өсiндiсi жоқ алғашқы нейробластар -
аполярлы; бiр өсiндiлiлер (көз торлы қабығының амакрин нейрондары, иiс сезу
буылтығындағы шумақша аралық нейрондары) - униполярлы (unipolare); жалған бiр
өсiндiлi (жұлын түйiнi нейрондары) - псевдоуниполярлы; екi өсiндiлiлер (иiс сезу
нейрондары) - биполярлы (bipolare); көп өсiндiлi (ұршық тәрiздi, жұлдызша, алмұрт,
пирамида тәрiздi және басқа) - мультиполярлы (multipolare) болып, жiктеледi.
Нейрондар атқаратын қызметiне сай (рефлекторлық доғадағы орнына байланысты),
үш топқа-сезгiш (сезiмтал-миға бағытталған, сыртқы, iшкi орта әсерлерінен түзілген
тiтiркенiстердi қабылдап, оны перикарионда өңдеп, аксонмен екiншi, үшiншi
нейрондарға жеткiзедi; қозуды шеткi ағзалардан орталық жүйке жүйесiне
өткізедi), қозғалтқыш (шетке бағытталған, тiтiркенiске жауап беретiн ағзаларға
(қаңқалық бұлшық ет, қан тамырлары) хабарды өткiзедi; қозуды бұлшық еттер мен
бездерге жеткiзедi), аралық (нейрондар арасындағы байланысты түзеді -
байланыстырғыш; қозуды сезiмтал нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткiзедi)
деп бөлiнедi.
Нейронның бойымен қозу тек бiр бағыт бойынша, былай өтедi:
дендриттер→дене→аксон.
Биохимиялық жiктелу нейрондар жалғамасында тiтiркенiстi өткiзуде қолданылатын
селбестiргiштердің химиялық ерекшелiктерiне негiзделген.
Оның басты сипатмежесi (критерий)-нақты селбiргiштер түзiп, жалғама көпiршiгiне
жинап, жалғама саңылауына шығару. Селбiргiшi ацетилхолин болатын нейрон тобын
- холинергиялық, норадреналин - адренергиялық, серотонин - серотонинергиялық,
дофамин - дофаминергиялық, гамма-аминдi май қышқылы болса - ГАМҚ-ергиялық,
АТФ, оның туындылары болатынын-пуринергиялық, субстанциялық Р, энкефалин
4
және эндорфин нейропептид болатынын - пептидергиялық деп бөледi.
5. Жүйке жүйесі (ОЖЖ) қызметін зерттеу әдістері:
1.Экспериментальдық:
Экстирпация, миды түрлі деңгейде кесу(айыру әдісі);
Модель жасау әдісі;
Стереотаксикалық әдіс;
Потенциалдарды қоздыру (тудыру) әдісі;
Шарты рефлекстер әдісі;
Биохимиялық әдістер.
2. Клиникалық :
Электроэнцефалография (ЭЭГ);
Мидың компьютерлік томографиясы (КТ);
Магнитті резонастық томография (МРТ);
Позитонды эмисоналдық томографиясы (ПЭТ);
Эхоэнцефалография;
Реоэнцефалография (РЭГ).
6. Экспериментальдық әдістер
Экстирпация (толық немесе бөлшектеп алып тастау), айыру (миды әр түрлі деңгейде
кесу). Егер мидың екі жарты шарларын бөлсе, оны комиссуротомия дейді, ми
қыртысы мен төменгі құрылымдарын айырса – лоботомия дейді.Бұндай әдіс кесуден
төменгі бөлімдердің қызметін қызметін және алынып тасталған жоғарғы
орталықтардың функциялық мағынасын
түсінуге мүмкіндік береді.
Модель жасау әдісі (физикалық, математикалық, концентуальдық).
Қолдан жасалған механизмдердің қызметі мидың кейбір қызметтеріне ұқсас болады.
Олар көбіне компьютерлік механизмдер.
Рефлекс уақытын анықтау аппараты
Жасанды (интеллект)
Стереотаксикалық әдіс. Стереотаксикалық аспап арқылы мидың түрлі терең
құрылымдарына электродтарды фронтальды, сагитальды, вертикальды бағытта
енгізуге мүмкіндік береді. Стереотаксис атластарын қолданып, микроэлектрод
арқылы мидың құрылымдарын тітіркендіруге болады.
Потенциалдарды қоздыру әдісі. Әдістің негізі рецепторларды немесе афферентті
жолдарды тітіркендіргенде мидың электрлік белсенділігі өзгереді. Клиникада
потенциалдарды көру, есту немесе басқа сезгіш рецепторлық тітіркендіргіштерді
қабылдайды.Көбінесе потенциалдарды қоздыруды электроэнцефалограмманы
жазғанда қабылдайды. Потенциалдар үстіңгі бөлімдерінен де, терең бөлімдерінен де
тіркеуге болады.
5
Қоздырғыш потенциалдары ЭЭГ толқындары төмен болады. Бұл әдіс мидың
сезгіштік қызметтерін объективті түрде зерттеуге арналған. Мысалы: кейбір
патологиялық жағдайда (ісік п.б.) потенциалдар биіктігі, формасы өзгереді.
Шартты рефлекстер қалыптастыру әдісі. Бұл әдіс жоғары жүйке жүйесі қызметін
зерттейтін негізгі әдіс болып табылады. Яғни мінез-құлықты тексерудің негізгі әдісі
болып табылады. Оны И.П. Павлов ұсынған. Шартты рефлекстер шартсыз
рефлекстердің негізінде жасалады. Мысалы: сілекей бөлу шартсыз рефлекстердің
негізінде шартты рефлекс жасалады.
Биохимиялық әдістер. Мидағы үрдістердің көбі макромолекулярлы заттар,
физиологялық белсенді заттар арқылы іске асады. Бәрімізге мәлім нейрондар
арасында синапстар болуы. Мидың құрылымдарында көптеген қоздырушы,
медиаторлар ашылған(дофамин, серотонин, γ-амино май қышқылы, глицин).
Мысалы: зерде теорияларын алсақ оның ішінде биохимиялық теория
бар(рибонуклеин қышқылы, белок). Соңғы кездерде миға эндорфин, энкефалин
заттар әсері зерттелген. Олар адамның мінез-құлқына көп әсер тигізеді(күлкі кезінде
көп бөлінеді).
Биохимиялық әдіс - ми қызметі кезінде түзелетін биологиялық активті заттарды
тіркеу. Қан және ликвордағы заттарды тіркеу.
7. Клиникалық әдістер
Электоэнцефалография әдісі. Мидағы жинақталған электрлік потенциалдарды тіркеу.
Мидағы көптеген нейрондардың активтілігін тіркеу(яғни олардың әрекет
потенциалдарынан пайда болады).
Әдістемесі: Басқа бірнеше электрод бекітеді. Биполярлы - униполярлы әдіс. Ми
потенциалдары күшейіп, тіркеледі. Электроэнцефалограмма жазылады. ЭЭГ 4 негізгі
ырғағы болады: α, β, δ ритм. ЭЭГ мидың көптеген патологиялық жағдайын анықтауға
анықталады. Мысалы: эпилепсия ауруын, сіреспе қозғалыс (судорги), мидағы қан
айналымының бұзылуын көрсетеді. Сол кезде ЭЭГ-да патологиялық толқындар пайда
болады.
Мидың компьютерлік томографиясы (КТ). КТ-рентген сәулелерін қолдана мидың
ішкі құрылысы, ми сауытының сүйегі, бастың басқа да тіндерін зерттеледі. КТ
арқылы мидың жұқа кесінділері жасалып, математикалық модель түрінде мидың ішкі
құрылысының суреттері жасалады.
Компьютерлік томография пациент денесін айналып тұратын рентген аппарат.
Аппарат денені әр түрлі бұрыштан түсіріп, математикалық компьютерлік өңдеуден
өткізіп үш өлшемді мидың моделін жасап көрсетеді.
Магнитты резонансты томография (МРТ). Қазіргі кездегі ми құрылысын зерттеуге
6
арналған ең көрненті, объективті әдіс. Бұл әдісте рентген сәулелері қолданбайды,
бұнда сутек атомдарының магнитты резонансы қолданылады. МРТ- да организмге
ешқандай сәулелердің әсері болмайды (тек кардиостимуляторы бар адамға істеу
болмайды).
МРТ арқылы мидың құрылысын зерттеу үшін пациентті күшті магниттік өріс ішіне
орналастырады. Адам денесіндегі сутек атомдары магнитті өріске параллельді
бағытта сапқа тұрғандай орналасады. Сол кезде аппарат негізгі магнитті өріске
перпендикулярлы электромагнит сигналдарын жібереді. Сутек атомдары қозып,
жауап ретінде өз сигналдарын жібереді. Сигналдарды аппарат қабылдайды. Әр түрлі
тіндерде сутек атомдарының саны әр түрлі, сондықтан олардың жауаптары әр түрлі
болады. МРТ - оларды танып, жіктеп, әр түрлі суреттер құрастырады. МРТ кеңінен
неврологияда, нейрохирургияда қолданады. Ми ісіктерін, тұқым қуалайтын
кемшіліктерді, мидағы қабыну процестерді, шашыраңқы таралған склероз ауруларын
және басқаны анықтайды.
Позитрондық эмиссиондық томография (ПЭТ). Мидың құрылысын,мидағы
патологиялық үрдістерді изотоптар арқылы зерттеу. Қан айналымына белгілі
элементтердін изотоптары (О 15,Т13,F18) дезоксиглюкоза мен бірге енеді. Мидың қай
учаскесі белсенділігі жоғары болса,соған радиоактивлігі глюкоза көбірек сіңген
болады. Яғни сол бөлімінен келтін радиоактивті сәулелер де көп болады. Детектор
сол сәулелерді қабылдап компьпютер арқылы ми сүйектің кесінділерін жасайды. Ми
бөлімдерінің метаболиттік белсенділігіне байланысты изотоптардың орналасуы әр
түрлі болады.
Эхоэнцефалография - (миды УДЗ). Мидың ультрадыбыстық зерттелуі. Әдістің негізі
- бастың әр түрлі құрылымдарынан ультрадыбыс жаңғыры әр түрлі болады. Бастан
алынған ультрадыбыстық сурет ми тіндерін, бас сүйектің микворды, сонымен бірге
патологиялық өзгерістерді көрсете алады.
Реоэнцеолография (РЭГ). (грек. «реос»-ағым, «энцеоралас»-бас, «графия»-жазу).
Мидың қанмен қамтамассыз етілуін зерттейтін клиникалық әдіс. РЭГ аспабы реограф.
Бастың терісіне электродтар бекітіледі. Электрод арқылы жиі айнымалы
электримпульстері жіберіледі. Бас тіндерінің электрлік кедергісін өлшейді. Қанның
электрөткізгіштігі басқа тіндерге қарағанда жоғары, сондықтан қан ағысына
байланысты тіндерін электрлік кедергісі өзгеріп тұрады. Соны аспап өлшеп,қисық
сызық ретінде көрсетеді. Реограмманы талдағанда оның пульстік толқындарын
қарастырады. Яғни толқындарының амплитудасын және жылдамдығын
салыстырады.Мидың әр түрлі бөлімдерінің реограммасын жазуға болады.Бұл әдістің
мидың қан тамырлар ауруының диагностикасына қолданады.
Бұл әдісті ми қан тамырларының тонусын және серпімділігін анықтауға
мүмкінкіншілік береді және де бұл әдіс бас ауруының диагностикасында
қолданылады.
7
8. Патологиялық –анатомиялық әдіс.
Науқас адам белгілі аурудан қайтыс болғанда, патоанатомиялық зерттеуде, мидан
табылған өзгерістер клиникалық белгілер (симптомдармен) салыстырылады. Қай
ауруда қандай өзгерістер пайда болатыны зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |