Реферат тақырыбы: Нейрондар. Орталық жүйке-жүйесін зерттеу тәсілдері Орындаған: Орынбай А. Тобы: 105Б



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата21.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#120435
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Нейрон-1

Негізгі бӛлім 
Нейрондар атқаратын қызметiне сай (рефлекторлық доғадағы орнына 
байланысты), үш топқа-сезгiш (сезiмтал-миға бағытталған, сыртқы, iшкi орта 
әсерлерінен түзілген тiтiркенiстердi қабылдап, оны перикарионда ӛңдеп, 
аксонмен екiншi, үшiншi нейрондарға жеткiзедi; қозуды шеткi ағзалардан 
орталық жүйке жүйесiне ӛткізедi), қозғалтқыш (шетке бағытталған, 
тiтiркенiске жауап беретiн ағзаларға (қаңқалық бұлшық ет, қан тамырлары) 
хабарды ӛткiзедi; қозуды бұлшық еттер мен бездерге жеткiзедi), аралық 
(нейрондар арасындағы байланысты түзеді - байланыстырғыш; қозуды 
сезiмтал нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға ӛткiзедi) деп бӛлiнедi. 
Нейронның бойымен қозу тек бiр бағыт бойынша, былай ӛтедi: 
дендриттер→дене→аксон. 
Биохимиялық жiктелу нейрондар жалғамасында тiтiркенiстi ӛткiзуде 
қолданылатын селбестiргiштердің химиялық ерекшелiктерiне негiзделген. 
Оның басты сипатмежесi (критерий)-нақты селбiргiштер түзiп, жалғама 
кӛпiршiгiне жинап, жалғама саңылауына шығару. Селбiргiшi ацетилхолин 
болатын нейрон тобын - холинергиялық, норадреналин - адренергиялық, 
серотонин - серотонинергиялық, дофамин - дофаминергиялық, гамма-аминдi 
май қышқылы болса - ГАМҚ-ергиялық, АТФ, оның туындылары болатынын-
пуринергиялық, субстанциялық Р, энкефалин және эндорфин нейропептид 
болатынын - пептидергиялық деп бӛледі. 
Орталық жүйке жүйесі
ми мен жұлыннан тұрады. Ж ұ л ы н омыртқа 
ӛзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 
37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да тӛмеңгі ұшы 
шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен 
симметриялы оң және сол жақ екі жарты бӛлімдерден тұрады. 
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум —бӛлік, кесінді) тұрады: 
8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкӛз және 1-3 құйымшақ бӛлімдері. Әрбір 
бӛлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады 
(орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы 
нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған 
бӛлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын 
ӛзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене 
тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бӛлім дененің ӛзіне тән 
жерлерін нервтендіреді. 
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның ӛсуі алғашқы жылы ӛте 
күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны14 гболады (жаңа туған 
нәрестеде не бары 2,8 -2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға 



жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда 
аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе кӛбейеді. 
Жұлын жұйке жұйесінің маңызды бӛлімдерінің бірі- түрлі нерв әрекеттерінің 
бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын 
ӛткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға 
нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін козғайтын нерв 
импульстері мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Бұларға қоса, 
жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан 
(айталық, тізе рефлексі). Адам ӛмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс 
мүшесінің эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.с.с. рефлекстер 
жұлынның қатысуымен орындалады. 
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін 
аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына 
байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын 
нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет