6
жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда
аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе кӛбейеді.
Жұлын жұйке жұйесінің маңызды бӛлімдерінің бірі- түрлі нерв әрекеттерінің
бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын
ӛткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға
нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін козғайтын нерв
импульстері мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Бұларға қоса,
жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан
(айталық, тізе рефлексі). Адам ӛмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс
мүшесінің эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.с.с. рефлекстер
жұлынның қатысуымен орындалады.
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін
аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына
байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын
нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала
алады.
Достарыңызбен бөлісу: