Таным процестерінің дамуы
Нәресте жасының бас кезінде бала жан-жағына қарап заттарды заттардан, не таныстарды таныстардан ажырата алғанымен, оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Таным процестеріне байланысты бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер біреудің бізге таныс емес тілде сөйлеген дауысын естісек, осыған байланысты дыбыстарды ажырата алмаймыз. Бізге сол дыбыстар тек шудан тұратындай болып көрінеді. Мұның себебі үйренгендіктен: ана тілімізде естіген сөздер тек белгілі тәртіпке бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есту деп атаймыз. Фонематикалық есту әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп өзге тілдегі дыбыстарды елемеуі. Осы қасиет тек бөбек жасынан басталып,олар өз тілінің фонематикалық есту ерекшелігін өзге тілдерден ажырата бастайды.
Бір жастағы дағдарыс
Нәрестелік кезең дағдарысы баланың психикалық дамуының жаңа сатысы – рухтанудың бас кезінде болады.
Тік жүру
Сөйлеу
Нәрестелік кезең дағдарысы
Шартсыз рефлекс
Баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механизмдер қамтамасыз етеді. Оларда әлі де болса жетекші іс-әрекеттер жоқ. Шартсыз рефлекстер баланың дамуындағы алғы шарты. Оның түрлері:
қорғаныс рефлекстері – олар тітіркендіргіштен қашықтауға немесе оның әрекетін шектеуге бағытталған. (көзін жыпылдату, түшкіру, жөтелу).
бағдарлау рефлексі – басқа тітіркендіргіштерге жанасу реакциясынан көреміз. (қатты тітіркендіргішке басын бұру).
тамақтану рефлексі – бала тітіркендіргіш жаққа басын бұрып, ауызын ашады. (ему, сору, жұту).
қимыл – қозғалыс рефлексі – баланың алақанына бірдеңе тиіп кетсе жармасу реакциясын тудырады. (жармасу, жүзу, еңбектеу).
Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты жармасып, ұстап алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты ұстау реакциясына айналады. Бала етпетінен жатқан кезде табанына алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен жыбырлатсақ, тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, бұл еңбектеу реакциясына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |