Жас ерекшелік психологиясы- адамның өмір бойындағы психикалық қасиеттер мен тұлғаның даму үдерісін зерттейді.
Зерттеу объектісі- адамның дүниеге келген күннен бастап, қартайғанға дейінгі әртүрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктері.
Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады:
1. Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін /
2. Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін /
3. Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін /
4. Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін /
5. Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін /
6. Жоғары сынып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін /
7. Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /
8. Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа дейін /
9. Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін /
10.Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы /
11.Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары /
Осы жеке дамудың нәрестелік кезеңіне жеке тоқталсақ.
Нәрестелік кезең. Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 1 жасқа дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына (анасының ағзасына байланыссыз) қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды. Мысалы, жылуды реттей алады. Тынысалу, ему, көзін жыпылықтату және басқа рефлекстерді өздігінен «іске қосады». Сондықтан бұл уақыт аралығы нәрестелік кезең деп жеке карастырылады.
Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынада:оның көруі мен естуі дене қозғалысынан жылдамырақ дамиды. Баланың жүйке жүйесімен сезім мүшелерінің дұрыс дамуына қажетті көру мен есту әсерінің түп негізі және бұл өте маңызды, осындай ықпалды ұйымдастырушы үлкендер болады.Нәрестелік кезеңде бала көп уақытын ұйқымен өткізеді де, егер ояна қалса, онда ол нәрестенің қарны ашу, тону, шөлдеу т.б органикалық үйлесімсіздіктен болады. Жаңа туған бала әр түрлі сезімталдыққа ие: тактильді,температураны, ауырғанды сезіну, дәм сезу.