ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ»
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ» КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N590 Заңы», «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қарашадағы N1086 Қаулысы» студенттер арасында түсіндіру, талқылау, түсіндіру».
Орындаған: Жұмаханова Жазира,Жақсыбай Елнура
Куратор: Заурбекова А.М
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы
1-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдары
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Осы Заңның күшi жедел-iздестiру қызметiне байланысты туындайтын, Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетiн құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы
2-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес олардың iшкi iстер органдарына ерiктi түрде жәрдемдесуi арқылы жүзеге асырылады.
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өз қызметiн заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптерi негiзiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсім
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы
Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың және азаматтардың құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік негіздері мен қағидаттарын айқындайды.
2-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықтың алдын
алу туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, осы Заңға және құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгіленгеннен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3 -бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеттері
Осы Заңның мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу саласында бірыңғай мемлекеттік саясат орнату, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Осы Заңның міндеттері:
1) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету;
2) құқық бұзушылықтың деңгейін азайту;
3) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жою;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан оралған, осыған орай туыстық байланыстарын жоғалтқан, сондай-ақ тұрақты тұратын жері және құжаттары жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту;
5) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі субъектілерінің және оған қатысушылардың қызметін үйлестіру;
6) салауатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтық құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті тәрбиелеу;
7) құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алу қағидаттары
Құқық бұзушылықтың алдын алу:
1) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және сақтау;
2) заңдылық;
3) жариялылық;
4) құқықтар мен міндеттердің бірлігі;
5) ізгілік;
6) ғылыми негізділік;
7) кешенді тәсілдер және профилактикалық ықпал ету шараларын саралау қағидаттарына негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |