КІРІСПЕ Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады. Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығын жақсарту арқылы қой жүнінің ұзындығын - 15-25%, қырқымындағы түсімін 10-12% ұлғайтуға болады. Қой азықтандыру ерекшеліктері: онын жасына, жыныстық ерекшеліктеріне, алынатын өнімге, физиологиялық әрекетгерге, тұқымына байланысты.
Азықтандыру – қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады.
Қойдың өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі. Соған орай қой қысы қатты, қары қалың солтүстікте де, желі ызғарлы, жайылымы шөлейт жерлерде де, жазы ыстық, жайылымы құмды оңтүстікте де өсіріле береді. Оған қойдың биологиялық ерекшеліктері арасындағы ең бір негізгісі - түрлі жайылым отын өте жақсы пайдалана алатындығы мүмкіндік туғызады.
Осындай адам тіршілігіне қажетті жан-жақты қасиеттері үшін қойды түрлі шаруашылықтарда көптеп өсіреді. Қой жүнінен жіп иіріліп, түрлі жүн өнімдері тоқылады, киіз басылып, кілем, сырмақ, текемет сияқты ұлттық өнер бұйымдары дайындалады. Өңделген елтірісінен ішік, тон, шалбар, етік тігіледі. Сүтінен бір жағынан ұлттық, екінші жағынан емдік, диеталық қасиеттері жоғары құрт, ірімшік, айран, қаймақ тағамдары дайындалады.
Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы азыққа жарымаған қойды бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым бөлігін май басып кетеді де еті аз болады. Биологиялық жағынан бағалы ета лу үшін қойды әр уақытта жақсы азықтандырып, дұрыс бағып – күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына, салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан – жақты теңестіріп, малды құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1,5 – 17,5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай – ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 – 3% – ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық – дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 – 500 – ге дейін жеткізіп, қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты ерекшелігі – туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің биологиялық құндылығын жақсартады.
Жайылым көктемдік, жаздық, күздік, қыстық болып бөлінеді. Кейбір жердің жайылымын жылдың барлық мезгілінде де пайдалануға болады. Бірақ бір жердің жайылымын үздіксіз пайдалана беруге болмайды. Өйткені, мол жайылып тұяқ кесті болған өріске шөп жақсы шықпайды. Сондықтан ауыспалы жайылым тәртібін қолдану керек. Бұл тәртіп бойынша жайылымды бірер жыл мал жаю үшін пайдаланады, содан кейін тынықтырады, бірер жыл тынықтырған соң қайта жайылымға пайдаланады немесе шөп шабуға қолданады.
Малға қанша жайылым керек екендігін сіңімді ақуыздың керекті мөлшерін еске ала отырып азық бірлігімен есептейді. Жайылымның қоректілігі шөптің құрамына, жалпы шығымына байланысты болады. Жайылымның қоректілігі, шөбінің малға жұғымдылығы ауа райына қарай жыл сайын өзгеріп тұрады. Сондықтан, әрбір жылы жайылымның қоректілігін жаңадан бағалап тұру керек. Әр түрлі жайылым көк шөбінің қоректілік дәрежесі бірдей болмайды. Мысалы, бір азық өлшеміне жеткізу үшін қырат жерлердің шөбіне 4,4кг, екінші көктеудің шөбінен 3,9 кг, дала шөбінен 3,6 – 3,9 кг керек болса, көктесін ойпаң жерлер жайылымының шөбінен 4,2 кг, екінші көктеудің шөбінен 6,2 кг керек болады. Шөлді, шөлейіт жерлердің жайылымдары да бұл жағынан әр қилы: бір азық өлшемінің қоректілік дәрежесіне жеткізу үшін малға жусанды жайылымның шөбінен 3,1 кг, көде, селеу, жусан аралас өскен жайылым.