Реферат Тақырыбы: Өнім сапасын қамтамасыз ету Орындаған: Сейлбек Гулназ Тексерген: Есмаганбетова Айгерим


Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғалтуға арналған шаралар және оның экономиялық және әлеуметтік тиімділігі



бет4/6
Дата26.04.2023
өлшемі65,4 Kb.
#87223
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
рк тғқ гүлназ

1.3Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғалтуға арналған шаралар және оның экономиялық және әлеуметтік тиімділігі


Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа мәселесін шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемшіліктер, оларды талдау және себептерін талдау кіреді.


Сапасы төмен өнім өндірісінің негізгі факторлары мыналар: көптеген шаруашылықтарда қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығы; өндірістің ескірген технологиясы; орындаушылардың білім деңгейінің төмендігі; өндірісті басқару мен есептің жетілмегендігі; орындаушылардың орындаған жұмысына жауапкершіліксіздігі; өнім мен жұмыс сапасының жүйелік бақылаудың болмауы; т.б.
Сапасы төмен өнім өндірісінің себептерін шешу өнім сапасын жоғарлату практикасында маңызды роль атқарады.
Республикалық «Сапа» бағдарламасы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы №367 қаулысына сәйкес әзірленген.
«Сапа» бағдарламасы отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекелесу қабілетін арттыру саласындағы мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының және өзге де ұйымдар мен кәсіпорындарының қызметтердің негізгі бағыттарын анқтайды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында сапа жүйесін енгізу және тауарладың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің сапасын жоғарлату болып табылады. Оны іске асырудың негізгі бағыттары:
Сапа саласындағы мемлекеттік басқару республикада нормативтік құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық-билік ету әдістерін ұтымды үйлестіру негізінде жүзеге асырылуы тиіс, бұл, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін маңызды.
Сапа саласында мемлекеттік басқарудың экономикалық нысандары, ұсынылған шығарылатын өнімдердің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін ынталандыру, өндірушілер мен сатушылардың сапасыз өнімдерді сатуға және шығарылуына экономикалық жауапкершілігін арттыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Сапа саласындағы заңнама нормаларын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер мен жеткізушілердің қатаң орындалуын мемлекеттік қадағалау органдары өздерінің өкілеттілігіне сәйкес бақылайды.
Ұйымдастырушылық-билік ету нысандары өнімдердің сапасын арттыру мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сапа саласы мен тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің тұтыну қасиеттері туралы халықтың ақпарат алуын арттыруға мемлекеттік басқару органдарының, олардың өкілеттілігіне сәйкес қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Бәсекелесу қабілеті мен өнім сапасы проблемаларын шешудегі табысқа жетудің міндетті шарты ─ талдамалардың техникалық деңгейін арттыру, жаңа материалдарды, озық технологияларды қолдану, өнімдер орамасының әрленімдерін жақсарту.
Тауарлар сапасын бақылау және сынау әдістерін жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу талап етуде.
Сапа проблемаларын шешудегі табыстың міндетті шарты ─ практикалық жұмыста өнімдердің сапасын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалануға қабілетті, жоғары білікті мамандардың болуы болып табылады.Сонымен, өнім сапасын жоғарлату сала өндірісінің даму тұрақтылығы мен әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігінің кепілі болатынын ескере отырып, бұл бағытта келесі нақты қадамдар шашімін табуы тиіс деп санаймын:
─ отандық тауар өндірушілер өнімнің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
─ сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекелік қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда Жапония және Еуропа мемлекеттерінің осы салаға қатысты тәжірибелерін жүзеге асыру;
─ тамақ өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін, оның сапаның талаптарын ғылыми тұрғыдан негіздеу;
─ өндірістік саласына қатысты өндірістік және ғылыми-зерттеу мекемелердің ортақ жүйесін құру;
─ құрамында витаминдері, майлы қышқылдары, минералдық заттары бар өнімдер шығаратын технология дайындау;
─ отандық қалыптасқан дәстүр бойынша халықтың тұтыну ерекшеліктеріне сай таза өнімдер шығару үрдісін ұстану;
─ өнімнің сапасын жоғарлатуда және адам өміріне қауіпсіздігін қалыптастыруда стандарттау мен сертификаттау талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
─ өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа озат техника мен технологияларды пайдалану;
─ инновациялық озық үлгідегі құрал-жабдықтар мен қондырғыларды енгізуге қажетті қаржыларды тарту жолдарын іздестіру және белсенділік таныту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет