Сапа бойынша басшылық. Негізгі тағайындалуы



бет1/4
Дата11.01.2023
өлшемі22,42 Kb.
#60922
түріАнықтамалық
  1   2   3   4
Байланысты:
5 дәріс


Сапа бойынша басшылық. Негізгі тағайындалуы
Сапа бойынша басшылық (Quality Manual) бірінші деңгейдің құжаты болып табылады. Бұл құжатта сапа саласындағы саясат баяндалады және ұйымның сапа жүйесі сипатталады. Сапа бойынша басшылық сапа жүйесінің негізін қалайтын құжат ретінде роль ойнайды және оның жұмысшы қалпында анықтамалық құжат қызметін атқарады.
ИСО 10011 сәйкес сапа бойынша басшылық келесідегідей мақсаттар үшін қолданылуы мүмкін:
- сапа жүйесін тиімді енгізу;
- кәсіпорынның сапа саласындағы саясатын баяндау;
- сапа жүйесінде процестерді тиімді басқару;
- сапа жүйесінің аудиті үшін нормативті негізді қамтамасыз ету;
- үзіліс жағдайында сапа жүйесінің қызмет көрсету тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- кәсіпорынды сапаны қамтамасыз ету саласында персоналмен қамтамасыз етуді дайындау;
- кәсіпорынның келісім түзу жағдайында өзінің сапа жүйесінің ИСО 9000 сериялы стандартарына сәйкес екендігін көрсету;
- сапа жүйесін таныстыру.
Сапа бойынша басшылықты құру келесілерден тұрады: кіріспе бөлмі; сапа саласындағы кәсіпорын саясаты және бөлімшелердің осы саладағы тапсырмаларын баяндайды; кәсіпорын құрылымының сипаттамасы; сапа жүйесінің элементтері бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды сипаттайтын бөлімдер; сапа бойынша басшылықты қайта қарау және түзету бойынша жағдайлар. 
Сапа бойынша басшылықта кәсіпорынның ИСО стандартының әрбір ережесі бойынша сәйкестікке қалай қол жеткізетіндігін көрсетіледі. Бұл құжаттың көлемі артып кетпеу үшін онда бекітілген және қолданыстағы құжаттарға сілтемелер беріледі. Сапа бойынша басшылықтың формасы оған өзгерістерді оңай енгізуге болатындай етіп таңдалады.
Сапа бойынша басшылықты дайындауды кәсіпорынның уәкілетті құзырлы тобы жүзеге асырады. Оны дайындау кезінде келесі іс-шаралар орындалады:
- сапа жүйесіне ИСО стандарты анықталады;
- сапа жүйесінде жүзеге асырылатын процедуралардың тізілімі құрастырылады;
- сапа жүйесін пайдаланушылар туралы ақпараттар жиналады; 
- сапа бойынша басшылықтың құрылымы және формасы анықталады;
- сапа бойынша басшылықтың қабылданған құрылымы және формасына сәйкес сапа жүйесінің құжаттары жіктеледі.
Сапа бойынша басшылықтың құрылымы
Сапа бойынша басшылық келесілерден тұруы керек:
- атауы, тағайындалуы және қолданылу саласы;
- мазмұны;
- сапа бойынша басшылық туралы және кәсіпорын туралы ақпаратардан тұратын кіріспе бөлімі;
- кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты мен мақсаты;
- ұйымдық құрылымның сипаттамасы, жауапкершілігі және құзыреттілігі;
- сапа жүйесінің элементтерінің сипаттамасы және сапа жұйесінің құжатталған процедураларына сілтемелер;
- егер қажет болған жағдайда, «Анықтамалар» бөлімі;
- егер қажет болған жағдайда, басшылыққа сілтеме;
- егер қажет болған жағдайда, көмекші ақпараттардың қосымшасы. приложение с дополнительной информацией, если необходимо.
Атауы, тағайындалуы және қолданылу саласы
Сапа бойынша басшылықтың атауы және әрекет ету ортасы сапа бойынша басшылық қолданылатын ұйымды нақты анықтау керек. Сондай-ақ бұл бөлім сапа жүйесінің элементтерін қолдануды анықтау керек.
Мазмұны
Сапа бойынша басшылықтың мазмұнында бөлімдердің атаулары келтіріледі және оларды оңай табу үшін олар нөмерленеді.
Кіріспе бөлімі
Кіріспе бөлімінде мүдделі кәсіпорын туралы және сапа бойынша басшылық туралы жалпы мәліметтер келтіріледі. 
Сапа саласындағы саясат және мақсаттар
Сапа бойынша басшылықтың осы бөлімі кәсіпорынның сапа саласындағы саясатын және мақсаттарын бекіту керек.
Ұйымдық құрылымның сипаттамасы, жауапкершілігі және құзыреттілігі
Сапа бойынша басшылықтың бұл бөлімінде кәсіпорынның жоғарғы деңгейінің сипаттамасы келтіріледі. Сондай-ақ жауапкершілігін, құзыреттілігін және өзара байланыстарын көрсететін құрылымдық схемасын көрсетуге болады. 
Сапа жүйесінің элементтері
Сапа бойынша басшылықтың қалған бөлімдері сапа жүйесінің барлық қолданылатын элементтерінің сипаттамасынан тұруы керек.
Сапа жүйесінің жлементтеріне талаптар ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарында немесе осы кәсіпорында қолданылатын стандартта бекітілген.
Анықтамалар
Егер анықтамалардан тұратын бөлім басшылықта қажет болған жағдайда, әдетте ол «Қолданылу саласы» бөлімінен кейін орналастырылады. Бұл бөлімде осы сапа бойынша басшылықта қолданылатын терминдер мен ұғымдарға анықтамалар беріледі немесе сапа саласындағы терминологиялық құжаттарға сілтемелер көрсетіледі.
Көмекші мәліметтер үшін қосымша
Басшылыққа қажетті көмекші ақпараттардан тұратын қосымшалар кірістіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет