Реферат Тақырыбы: Орта Азия мен Қазақстанның көшпенділері


Орта Азия және Қазақстан көшпенділерінің шаруашылығы



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата12.05.2023
өлшемі200,27 Kb.
#92108
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Деректану1 230511 120629

 
2.Орта Азия және Қазақстан көшпенділерінің шаруашылығы 
Ежелгі тұрғындардың далалық, таулы-далалық және жартылай шөлейт 
аймақтарды игеруі біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың 
басында басталған. Бұл дәуірде еуразиялық даланың тайпалары
шаруашылық жүргізудің жаңа нысаны - экстенсивті мал шаруашылығын 
дамытуды колға алды. Мыңжылдықтың бас кезінде Қазақстанның даласында. 
жартылай шөлейт және таулы аудандарда көшпелі мал шаруашылығы негізгі 
шаруашылыққа 
айналып, 
оны 
оркендетуге 
үлкен 
мән
берілді. Қазақстанның кошпелі тайпалары б.з.д. 1 мыңжылдығындағы 
ежелгі дүние тарихында елеулі рөл атқарды, сондықтан да ол 
саяхатшылардың, тарихшылардыті, географтардың назарын аударды. 
Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың 
болтаны туралы тарихи дерек коне шығарма Авестада кездеседі. Онда 
Қазақстан мен Орта Азиядағы барлық көшпелі тайпаларын «турлар» деп 
атаған. Кейбір зерттеушілер «турларды» коне грек жазбаларынан белгілі 
массагет тайпаларымен байланыстыра қарайды. Коне парсы сына 
жазбаларының мәтінінде шығыс ирандық тайпалардың жалпы атауы Saka деп 
аталады. Коне парсы жазбаларында сақ тайпаларының үш тобы келтіріледі, 
олар атап айтқанда, хаомоварга-сақтары, хаоманы (сусын) дайындайтындар; 
парадарайа-сақтары, теңіз бойында немесе озен жағалауындағы сақтар
тиграхауда-сақтары, шошақ бөрік киетіндер. Бүл тайпалардың нақты қай 
жерде түрғанын казір дәл айта қою қиын, ойткені, ертедегі авторлар 
еңбектерінде 
ғылыми 
географиялық 
сілтеме 
келтірмеген.Бірқатар 
зерттеушілердің пікірі бойынша, парадарайа-сақтары Арал бойында, 
Сырдария мен Әмударияның томенгі ағысында және Солтүстік Қара теңіз 
жағалауларында 
қоныстанған; 
тиграхауда-сақтары 
-
Жетісу мен Тянь-Шань аймағында; хаомоварга-сақтары - Мургаб
алқабында Солтүстік Ауғанстанды мекен еткен.
Көшпенділер өнерінде алтыннан түйін түю, қола құйма әдістері ең 
жоғарғы жетістікке жетті. Оған археологиялық қазбалардан табылған 
асыл заттар куә. Соның бірі –Украин археологтары талқан 
скиф қорғанының әр түрлі алтын әшекей заттары. Заттар “толстая 
магила” қорғанынан шыққан, ішіндегі ең бір құндысы –“пектораль”- 
алқа. Пектораль өте нақышты, нәзік соғылған әшекей бейнелер 
скифтердің ғарыштық ой жүйесінің тақырыбына құрылған. Алтын 


әшекейдің төменгі бөлігінде о дүниені, өлім табиғатын, оның қасіретін 
бедерленген, ал жоғарғы жағында адамдар өмірінен сыр шерткен. 
Екінші бір айта кетерлік дүние – Қырымдағы Күл-Оба қорғанынан 
табылған алтын құмыра. Тек саф алтыннан, күмістен құтылар, онша 
таралмаған. Құмырада скиф жауынгер батырларының бейнесі аса бір 
ынталықпен бедерленіп, өрнектелген.
«Тарихтың атасы» Геродот (б.з.д. 484-425 жж.) былай деп жазған: «Азияда 
түратын скиф-кошпенділері массагеттермен соғыс кезінде ығыстырылып, 
Аракс (Әмудария) озенінен отіп, Киммерий жеріне (Қара теңіз жағалауы. - Г.К.) 
кетті.Гиперборлардан басқасы, аримаспалардан бастап оздерінің көршілеріне 
үздіксіз 
шапқыншылық 
жасады, 
соның 
нэтижесінде 
аримаспалар 
исседондарды, исседондар скифтерді оз жерінен ығыстырып жіберді, ал 
оңтүстік теңіз жағалауында мекендейтін киммерийлер скифтердің 
шабуылынан кейін елін тастап кетті». Егер бүл оқиғалардың б.з.д. VI11-VII 
ғасырларда болғанын ескерсек, онда біз исседондардың Орталық 
Қазақстаннан Жетісудың оңтүстігіне қоныс аударғаны туралы археологиялық
деректер дәлелдеген оте қүнды тарихи фактіге қол жеткіземіз.[1, 15-16б] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет