4. Үйсіндер туралы алғашқы деректер
Б.з.д. бірінші мыңжылдығының аяқ кезінде Жетісу, Тянь-Шань мен Тарбағатай аумақтарында үйсіндердің мемлекеті қүрылды.Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.д. II ғасырдың аяғында кездеседі. Хань сарайы хундарға қарсы күресте одақтастық мақсатымен Чжан Цянь бастаған елшілігін «Батыс олкеге» аттандырды. Ол Жетісу оңірінде болып, қытай жеріне бірінші рет үйсіндер туралы тарихи деректер алып келді. Жетісу мен солтүстік Қырғызстан жерінде сэ (сақтар) және юечж тайпалары түрды.Мысалы, «Ханьшуда» былай делінеді: «Алғашқы кезде бүл ел (үйсін) сэ (сдқ) халқына жатқызылды. Үлкен юечждер сэ-нің билеушісін талқандап, қуып шықты. Ол оңтүстікке ығысты. Үлкен юечждер оның жеріне қоныстанды. Содан кейін үйсін гуньмо үлкен юечждерге шабуыл жасап, оларды талқандады, оздері батыска қоныс аударды, сосын Дасьті (Бактрияны) бағындырды». Осылай үйсін халқының қаны сэ және үлкен юечждермен араласып кетті.Үйсіндерде мемлекет билеушісін гуньмо деп атады. Үйсін гуньмосының ордасы Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласы Ыстықкол жағалауында болды. Үйсін мемлекетінің күш-қуатының кандай болғанын мынадан коруге болады: Үйсін гуньмосы Қытай ханшасына үйленді немесе қызы қытай билеушісіне түрмысқа шықты. Б.з. V ғасырының бас кезінде үйсін атауы тарихи моліметтерде кездеспейді. «Үйсін» этнонимі әлі күнге дейін сакталып келе жатқанын айта кеткен жон. Қазақтардың Үлы Жүзінің бір руы үйсін деп аталады.
Ерте кездегі Жетісу үйсіндері төрт түлік мал өсірді. Олар мал шаруашылығына айырықша көңіл бөлді, жайылымдар мен таудағы жайлауды маусымды пайдалану жүйесін енгізді. Қазбалардан алынған остеологиялық (сүйек) материалдар үйсіндердің жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандарын көрсетеді. Жетісудың ертедегі үйсіндері үй жануарларын, атап айтканда, кой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек үстаған. Жылқы шаруашылығы жақсы дамыды, асыл түқымды сәйгүліктері болды, көрші елдер бүл жылқылардың жүйріктігі мен шыдамдылығын жоғары бағалады. Теңлік қорғанынан табылған салтаттының бейнесі салынған алтын пластинкалар үйсін жылқыларының түқымының қандай болғанын көрсетеді. Суретке қарағанда аттардың бойы биік, дене бітімі шымыр, басы үлкен болғанын байқаймыз, ал қүйрық-жалдары өрілген немесе күзелген болып келеді.Мал шаруашылығымен қатар бүл өңірде егін шаруашылығы да дамыды. Өсімдіктерден жасалған тағамдарды үйсіндер күнделікті қоректенетін азықтарында пайдаланылған. Ақтастағы қыстақ-қоныс бөлмежайында бүтін 11, сынған 15 дән үккіш табылды. Оның бәрі де үзак уақыт бойы пайдаланғандықтан әбден тозығы жеткен. Б.з.Ш-IV ғасырларында суармалы егіншілік пен диқаншылық одан әрі дами түсті. Үйсін қоғамында мүліктік және әлеуметтік теңсіздік, малға жеке меншік болды. Әрбір отбасы өздерінің малын ажырататын өз таңбаларын салды. Жер иеленуге жеке меншік болғандығын жазба әдебиеттер дәлелдейді. Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің болғанына археологиялық қазбалар дәлел. Жетісудың көптеген қорғандары үш түрге бөлінеді: диаметрі 50-80 м. және биіктігі 10-12 м.; екіншісінің диаметрі 15-20 м. және биіктігі 1 м.; үшіншісі аздаған топырақ үйілген, диаметрі 10-15 м. және биіктігі 30-50 см.Үйсін мемлекетінің қалыптасуы туралы айтқанда. әдебиеттердің көпшілігінде «Усун-го» үйсін мемлекеті және «Син-го» -көшпелі мемлекет деген терминдер қолданылады, ал «Бу-цзу» -тайпа, тайпалық одақ термині сирек кездеседі. Сонымен б.з. ІІІ-Ү ғасырларында үйсін қоғамында таптық қатынастар мен мемлекеттілік қалыптасқан деп айта аламыз.[1, 19б]
Достарыңызбен бөлісу: |