Реферат Тақырыбы: П. Ф. Каптерев педагогикалық процесс туралы. Орындаған: Калкенов Бекжан 22-фкс-2-б-осд-к



Дата13.10.2022
өлшемі32,18 Kb.
#42838
түріРеферат

Қазақстан Республикасы Америкалық еркін университеті
Педагогика факультеті
Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: П.Ф. Каптерев педагогикалық процесс туралы. 
Орындаған:Калкенов Бекжан
22-ФКС-2-Б-ОСД-К
Тексерген: Саданова Ж.К.


  1. Педагогикалық процесс дегеніміз не?

Педагогиканың екі категориясы (оқыту, тәрбие) бір – бірімен өзара байланысы, тұтас педагогикалық процеске айналады.
Бірақ екі ұұғымның өзіндік ерекшеліктері бар.
Қазіргі кезендегі біртүтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш дауларының арқасында жинақталады, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, заңдылықтар туралы дербес білімдері бірте — бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртүтас туралы білім емес.
«Педагогикалық процесс» деген сөздік (термин) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс — әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Аталған авторлардың назарларына педагогикалық процестің әртүрлі жақгары білікті эмпирикалық жолмен жинақталған білімдер жайлы болады.
Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі (А.Ф. Каптерев, М.А. Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К.Бабанский) оқушылардың өзара әрекетінің ерекшеліктер қалай анықталады (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупсқая, В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (А.С.Макаренко); біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағыты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т.Лихачев) және қызет істеулерін басқару (В.С.Ильин, И.П.Радченко) және т.б. пайда болған сұрақтарға эмприкалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап.
Қазіргі кезенде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені, қоғамдық -өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді.
Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру жөне тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесс немесе оқу-тәрбие процесі — деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу — оқу-тәрбие процесінің басты шарты. Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы біржағынан тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу, төрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармасы — мен объектілері арасында
әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т.б.
Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді.
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім жөне даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.
Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптармен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылыкты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму деңгейіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары және принциптері, олардың тұтастығын, озара байланысын дәлелдейді.
Тұтас педагогикалық процестің мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары және әдістері қоғамның әлеуметтік экономикалық талаптарына, саясатына байланысты.
Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ғылыми-техникалық үдеу негізінде ұйымдастыру үшін педагогикалық процестің зандылықтарына көрсетілген міндеттерді толық іске асыруда педагогикалық ұжымға, оның әрбір мүшелерінің іскерлік, білімдарлық, шығармашылық қабілеттеріне
сүйену қажет.

Қоғамның экономикалық мүмкіншілігі өскен сайын тұлғаны әржақты дамытуға үлкен жағдай жасалады, мектептің оқу-материалдық базасы жақсарады, тәлім-тәрбие, білім беру жұмысының сапасы жоғарылайды. Қазақстан Республикасының субъектісі «Білім беру туралы» Заңында (1992 жылғы 18 қаңтар): «Мемлекет … білім беру мекемелерін дүниежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік-мәртебесін арттыруға кепілдік береді», —деп жазылған.
Оқыту мен тәрбие тұтас педагогикалық процесте табиғи өзара байланысты. Бұлардың бірлігін бір-бірінен ажыратуға болмайтындығын дәлелдейді. Оқыту және тірбие процесінің арасындағы байланысты тікелей қатынастан байқауға болады. Осындай тұтастық педагогикалық принциптердің жүйесін қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
Педагогикалық процестің басты идеясы — оқыту жоне тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымының соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтармен, оқыту машиналарымен, техникалық құралдармен, атап айтқанда, символикалық экранды — динамикалық дыбысты -техникалық құралдармен жабдықтау, оқыту және тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін арттырады.
Оқыту мен төрбие процесінде моралъдық-психологиялық жағдайдың да мәні өте зор. Сабақ үстінде, тәрбиелік шараларды өткізу процесінде тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы бір-біріне тілектестік, жанашырлық, қамқорлық және қиын жағдайларда озара көмек іс-әрекетінің сапасына, тиімді ықпал жасайды.
Сонымен, тұтас педагогикалық процесте кешенді ықпал жасау — бұл әр түрлі іс-әрекеттерін нақты жоспарлау, әр түрлі жұмыстарды (саяси-идеялық, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек т.б.) табиғи бірлікте жүзеге асыру.
1.2 Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші. Педагогикалық процесстің дамуына әсер ететін қарама – қайшылықтар.
Педагогика ғылымында қарама-қайшылықгардың ролін XX ғасырдың барлық кезендерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А. Данилов, М.Н. Алексеев, М.Н. Скаткин, Ю.К. Бабанский , В.И. Загвязинский). Кейбір жұмыстарда коллективтің қарама — қайшылығы (Л.И. Новикова) тәрбие процесінің (И.С. Марьенко , Г.И. Щукина, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев) білім берудің мазмұнындағы қарама -қайшылықтар (Г.И.Батурина) зерттелді.
М.А. Данилов алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртүтас педагогикалық процестің диалектикасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау қызметінің күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді. Ю.К. Бабанский қарама-қайшылық көп жағдайда (нередко) кездейсоқ бір ізділікте кдрастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау процесдурасына сәйкес келмейді, окыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлер нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді.
Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталады:
— қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процесті жүйе ретінде олар зерттелетін объектінің мәнін, ашуы тиіс:
— қарама-қайшылықты ұстаздар мен оқушылар іс -әрекетін-педагогикалық процесті басты құрамын көрсеткіш ретінде сипаттау керек;
— қарама-қайшылықтар жүйесін ғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек.
Педагогикалық процесстің мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізгі қарама-қайшылықтар тобы-бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К. Костюк келесі қарама-қайшылықтарды жатқызады:
— жаңа қажеттілік, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға мүмкіншілігінің жеткен даму деңгейі арасындағы ;
— жаңа ғылымдардың міңдеттерінен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері мен іс-әрекет тәсілдері арасындағы;
— тұлға дамуындағы жеткен деңгейімен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын, оның орны, атқаратын қызметі арасындағы;
— жақсы жетістіктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы;
— дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жетіспеуі арасындағы;
— мақсаттылық, стереотиптік (еліктеушілік), тұрақтылық пен ширақтылық, өзгергіштікке ұмтылушылық арасындағы;
— тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс — әрекет арасындағы:
Өз күшіне деген сенімділікті оқушы педагогикалық процеске басқа да қатысушылар мен бірлескен іс — әрекет барысында жеткен жетістіктері арқылы алады. Бұл оқушы тұлғасының қалыптасуы ол жүйе болатын коллективтің дамуымен тығыз байланыстылығы мен анықталады. М.Ю. Красовицкийдің зерттеулерінде көрсетілгендей оқушы коллективінің тәрбиелік ролі қоғамдық пікір арқылы жүзеге асады, онда құндылық бағыттың жүйесі беліленеді. Бірақ керекті тәрбиелік деңгейдегі қоғамдық пікір ұстаздардың аса қадағалаумен қамқорлықтарын талап етеді. Оны қалыптастыру барысында мұғалім балалар коллективінің қалай даму үстінде екендігін, оған дамудың қанда қайшылықтары тән екендігін ескерілмейінше болмайды.
Олардың қатарына келесі қайшылықтарды жатқызуға болады:
— коллектив мүддесімен индивидтің жеке мүдделері арасында ;
— индивидтердің бірлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның өзінің тәуелсіздігіне өз еркімен безбеу арасындағы;
— тұтас еріктілігі мен коллективтің тәртібіне бағыну кажеттілігі арасындағы;
— коллективтің талаптары мен тұлғаның тілектері арасындағы;
— коллективтегі пайдалы әдеттерінің қажеттілігі мен формализм қауіптілігі арасындағы;
— бастапқы коллектив ұйымының кажеттілігімен топтық бөлініп шығуы қауіптілігі арасындағы .
Көрсетілген коллективтің даму қайшылықтары көптеген жылдар бойы бақылаудың негізінде қалыптасқан. Қайшылықтардың алғашқы екі топ қайшылықтарын шешу мұғалімдердің оқушылармен бірлескен іс-әрекеттерін — ұйымдастыру барысында мүмкін болады. Бірақ бұнда да мұғалім пайда болған қиындықтарға назар аудармай болмайтын көреді. Бұл қиындықтар оқушылар іс — әрекетін ұйымдастырудың мәні:
— педагогикалық басшылықтың міндеттілігі мен оқушылардың бастамасы мен қайраткерлігі арасындағы:
— мектептегі іс — әрекеттің коллективтік сипаттылығы мен әрбір оқушының адамға тән барлық өзіндік қасиеті бар тұлға ретіндегі даму қажеттілігі арасындағы;
— коллективтің қоғамдық мәні мақсатына байланысы жүйесін ййымдастыру қажеттілігі мен бір жастағы балалардың әлеуметтік тәжирбиесінің шектелгендігі арасындағы;
— оқушыларды атадан қалған ,адамға тән іс — әрекет түрлерінің (қатынас, ойын, еңбек, таным, өнер, табиғатты қорғау іс — әрекеті дайындау қажеттілігі мен оқушылардың осы іс — әрекеттер түрлерін меңгеруінің келешегі арасындағы;
— әрбір оқушының өзін — өзі билеушілігін қалыптастыру қажеттілігі мен жеке жауаптылықтың жеткіліксіздігі арасындағы;
— оқушылардың қоғамдық өмірдегі қатынасу ықыласы мен өмірде өзін жүзеге асыру тәсілдерінің жеткіліксізділігі арасындағы.
Тұлға дамуындағы қайшылықтарды білу жеткілікті дәрежеде әдісін біліп педагогикалық әрекеттің жүмыс жемісін жасауға мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, өз орнын табуға ұмтылушылдықтағы оның формалары мен әдістерін табуға көмектеседі. (Г.К. Костюк). Дұрыс педагогикалық басшылық жасай алынбаса қайшылық шешілмейді, тұйыққа кіргізеді, әкеледі, ол бұл әдетте қатты дау жанжалға әкеледі, дамуда тоқырауларға әкелетін кейбір үзілістер пайда болады. Бір құбылыстың ішінде пайда болған қайшылық оның өз ішінде шешілмейді, басқа жоғары деңгейдегі құбылыстармен байланыстары арқылы, яғни жаңа, өте күрделі даму формасы қүрылуы арқылы жүзеге асады (Э.В. Ильенков). Қайшылық дегенміз қарама -қарсылықгардың бірлігі. Егер субъектінің іс — әрекеті арқылы қарама — қарсылықгардың бірі басқаға сәйкес келсе оңда қайшылық шешіледі деген сөз. Бұл деректі анықтау қозғаушы күштерге ықпал ету әдістемесіне оқытумен тікелей байланысты.
Осы анықтамалардың көмегімен педагогикалық процестің негізгі қайшылығын шешуді қарастырайық. Кіші микро жүйеден бастайтын, яғни қатысушылар құрамы деңгейі ең аз жүйе. Оқушы өзінің тұлға ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, ол бұл оның өз іс — әрекетінсіз мүмкін емес. Бірақ, ол іс — әрекет тәсілдерін өз бетінше меңгере алмайды тек қана басқалардың көмегі арқылы ол іс — әрекеттің субъектісі бола алады. Яғни, қайшылық «адам» жүйесінде пайда болады, ол оның жетілуі жаңа «адам — адам» жүйесінің, оған бірінші жүйе қосымша жүйе ретінде кіреді, пайда болуы арқылы шешіледі.
Ұстаз көрсетілген жүйенің бір бөлігі ретінде өзінің міндеті етіп оқушыға пайда болған танымдық міндеттер мен оның өзінің ойлау тәсілдерінің және іс — әрекеттері арасындағы, қайшылықтарды оны оқушы пайда болған қиыншылық ретінде субъективті қабылдайды және жеңуге көмектеседі. Бұл қайшылық әлеуметтік тәжірибенің әртүрлі саласына қатысты болғандықтан, мұғалім оқушыға әртүрлі іс — әрекеттер түрлерінің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, олармен көптеген ұрпақтар бойы әлеуметтік тәжірибе жасалады. Негізінен, мұғалім нақтылы кезеңдегі қайшылықтың анықталған ерекшелігіне байланысты оқушыларға (педагогикалық басшылықтың мәні міне осында) өз орнын табуға керекті тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Демек, кең мағынада түсіндірілетін заттық (пәндік) іс — әрекет, оған мұғалімнің басшылығымен оқушы енгізілінеді,- қайшылықтарды шешудің құралы болады, ал ол индивидтің субъект ретінде қалыптасуына әкеледі.
Педагогикалық процестін белгілері, сапалары мен қасиеттері.
Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту (распредмечивание) мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қаблеттерінің заттық формаға ауысуының (опредмечивание) бірлігі (Ж.М. Абдильдин).
Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық жағдаят) болуы керек. Нақгылы шындыктан тыс алынған педагогикалық, тұлға қалыптасуының қас қағым сәті ретінде, бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына толық сәйкес келеді, қатынасушылар негізгі қарама — қайлықгардың ерекшеліктеріне.
Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды.
Педагогикалық шындыкқа тән көп жақы болады, нақгылықтан көңіл бөлу (орыны, уақыт, себеп- салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылдрдың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психофизиологиялық ерекшеліктері, іс — әрекеттің мазмұны мәні тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, «қалыптасудың қас қағым сәті» арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысымен дамуын көруге мүмкіндік туады (1 суретті қараңыз).
Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жән -ересектер ( ұстаздар, ата-аналар) распредмечиванияның қызметін алады, яғни, әлеуметтік тәжірибеде алынған ( опредмеченных ) іс -әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің
I — педагог
II — сынып ұжымы
III — қосаркы сыныптарының ұжымы
IV — жалпы мектеп ұжымы заттық формаға ауысуы (опредмечивание) жүзеге асады. Тұлғаның іс — әрекет субъектісіне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді.
Белгілі бір уақытқа дейін окушы өз бетімен әлеуметтік тәжірбиені іс — әрекетке ауыстыра (распредмечивание) алмайдьі, яғни мазмұннан іс — әрекет тәсілдерін ала алмайды («бұны қалай істеуге болады»). Сондықтан ол басқа «ұстаз — оқушы» жүйесінің бөлігі болады. Оқушы өз бетімен өзін — өзі бағалауды қалыптастыра алмайды. Өзін бағалау басында оның әрекет нәтижесін басқалардың бағалауы керек. Сондықтан, оған басқа адамдармен қарым — қатынаста болу қажет. Осыдан барып басқа «оқушы -оқушылар» жүйесі пайда болады. Ол бұл алғашқы ұжым сатысы, онда оқушы білімдерді және жаңа әлеуметтік ролдерді меңгеріп дайындалады, бұл алға қойған өміріне белсене қатысуын қамтамасыз етеді (И. Кон).
Барлық мәдени байлықтарды және іс — әрекеттер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағы бір жүйенің пайда болуы байланысты, оған мұғалім «сынып ұстаздары» элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы ұжымы мен өзара әрекеттері барысында жоғары деңгейдегі жүйе «сынып ұстаздары» «сынып оқушылары» пайда болады.
Қоғамдық өмірге оқушылардың қатысу тәжірибесін қалыптастыру, педагогикалық процестің оқудан тыс кеңістігіңде көптеген іс — әрекеттер түрлерін меңгеру барлық оқушылардың өзара әрекеттерін және ұстаздар тарапынан басшылық болуын қажет етеді. Сондықтан да мектеп үшін макро жүйе «мектеп ұстаздары — мектеп оқушьшар коллективі» қалыптасады. Қоғам бұл жүйеге қатысты жүйе ретінде болады, сонымен, «мектеп-оқушылар» жүйесінің өмір сүруі қызметі (жағдайыньщ өзгеруі) мектептің педагогикалық процессі болады
Педагогикалық процесті қысқаша абстрактылықтан («қалыптасу қас қағым сәті») бірінші деңгейдегі жүйеге (адам) көтерілу арқылы сипаттау және одан әрі одан да жоғары деңгейдегі жүйелерге көтерілу жалпы білім беретін мектептің олардың типтерінен тәуелсіз педагогикалық процестің жүйе ретіндегі бірқатар белгілерін көрсетеді:
-бұл әлеуметтік жүйе адамдардың өзара әрекеттері арқылы өмір сүреді;
-мектеп педагогикалық процесі көп деңгейлі және поли құрылымдық
құбылыс, себебі ол өзіне кейінгі деңгейдегі жүйелерді «жинайды;»
-жүйе тек іс — әрекетпен алмасуда ғана өмір сүреді: егер ұстаздар
әртүрлі іс — әрекеттер, тәсілдеріне (адам тегі күшін) оқытса, онда
оқушылар, оларды меңгере отырып педагогикалық процестің белсенді
қатысушылары болады, тек репродуктивті ғана емес, қайта кұру
творчестволық белсенділікке дайын болады;
-педагогикалық процесте мұғалімнің басқару объектісі оқушылардың
іс — әрекеті болады;
-іс — әрекеттің барлық элементтері ( мақсат, міндеттер мазмұны және
т.б. ) жүйе компоненттері болады, себебі іс — әрекеттің элементтерін,
бөліктерін баланың меңгеруі үшін әрине, үлкендердің, ата-аналардың,
ұстаздардың іс — әрекеті осыған бағытталуы керек; педагогикалық процестеп мұғалімнің басқару заты іс — әрекет субъектілері арасындағы қатынастар болады, олар арқылы субъектілердің өзара әрекеті мен дамуына тиімді жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық процестегі басқару катынастарынын қабаттары
II — Пән мұғалімі
III — Сынып
IV — Параллель сыныптары
V — Мектеп
Көрсетілген белгілер негізінде келесі анықтама жасауға болады: педагогикалық процесс ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың бірлескен іс — әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын қалыптастыруға бағытталған. Бұл анықтамадан педагогикалық процесс оқу және оқудан тыс аймақтарының бірліктігінің қажеттігі туады, ал ол оқушьшар үшін тұлға қалыптасуының басты жағдайы болады және сол процестің өзінің біртұтастығын көрсетеді.
Сонымен бірге ұсынылып отырған анықтаманың мазмұны тұтас педагогикалық процестің бірқатар қасиеттерінде көрсетеді: педагогикалық процесс әлеуметті жүйе оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған
қатысушылардың арасындағы іс -әрекеттері алмасуымен анықгалады;
ынтымақтастық оқушы ( тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалімдермен, бір- бірімен де) үшін әртүрлі іс — әрекеттердің
тәсілдерін тезірек меңгерудің , яғни педагогикалық процестегі іс – әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы болады;
«ұстаздар — оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
педагогикалық процестің негізгі интегративтік қасиеті әртүрлі тектегілердің бірлігі деп есептеу керек, ондағы үздіксіз өзара қиылыстағы жүйелердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс — әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады.
Объектінің (педагогикалық процесс) сапасы онын қасиеттерінде
көрінеді, оларсыз педагогикалық процесс өзіңдік ерекше.ліктерінен
айырылады:
белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың
барлық субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен дербес іс –
әрекеттері; әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы
мамандануы; субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда
болатын әртүрлі қарым — қатынастарының жиынтығы.
Педагогикалық процестің сапалары мен қасиеттері қызмет ету жағдайларын объективті талап етеді. Сонымен педагогикалық процесс, өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс — әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса,онда «ұстаздар — оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін — өзі дамыту мәселесі шешіледі.


Әдебиеттер:
1.Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.
2.С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.
3.Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.
4.Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004.
5.Дүсембекова Ш.Д. Педагогика. Семей 2004 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет