Реферат Тақырыбы: Пәннің мазмұны, міндеттері. Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Орындаған



бет7/12
Дата04.03.2022
өлшемі474,53 Kb.
#27032
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ІІ. Кеңес үкіметі құрылған кезең

1920 жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:

• 1920 жылы Қазақ АССР-і Кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды.

• Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» Декреті; • Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы 22 қарашадағы «Қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізуді ендіру туралы» Декреті;

• Қазақ АССР ОАК Президиумының 1923 жылғы «Қазақ тілінде ісқағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қаулысы;

• Қазақ АССР Юстиция Халық комиссариатының 1923 жылғы 11 маусымдағы «Сот-тергеу органдарының халық соттары мен халық тергеушілерінің қазақ тілінде іс жүргізуді ендіруге байланысты» нұсқау хаты.

• 1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып танылған.

• Қазақ АССР ХКК-нің 1924 жылғы 23 сәуірдегі өлкелік мекемелерді қазақ тіліндегі жазу машинкасымен қамтамасыз ету жөніндегі өкімі;

• Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссариатының 1924 жылғы 21 маусымдағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» Қаулысы;

• Қазақ АССР ОАК-нің 1927 жылғы 17 мамырдағы «Қазақ уездері мен өлкелік мекемелердің қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізуге көшірудің соңғы мерзімін белгілеу туралы» Қаулысы;

• Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының 1930 жылғы 3 қаңтардағы Барлық өлкелік халыққа білім беру бөлімдеріндегі орыс мектептерінде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі нұсқау хаты;

• 1934 жылғы Орталық Атқару Комитетінің «Қазақ мектептерде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі» Қаулысы және т.б. құжаттар. Бірақ көп ұзамай-ақ, қазақ тілін мемлекеттің негізгі қарымқатынас құралына айналдыру мүмкіншілігіне бұғалық салына бастады. Оны төмендегі құжаттардан көруге болады:

• 1938 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақ мектептерінде орыс тілін мәжбүрлі оқыту» туралы арнайы Қаулысы;

• Қазақ АССР ОАК-нің 1938 жылғы сәуір айындағы «Ұлттық мектептерді қайта құру туралы» Қаулысы (Осы қаулыға сәйкес Қазақстандағы ұлттық мектептер «буржуазиялық-ұлттық идеологияның ошағы, балаларды Кеңес үкіметіне қарсы тәрбиелейтін мекеме» деп танылып, түгел таратылып жіберді). Еліміздегі қазақ тіліне қатысты белсенді қозғалыс 1980 жылдардың соңында етек алып, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына 1989 жылы қол жеткізілді: • 1989 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды;

• 1989 жылғы 22 қыркүйектегі Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы (Қазақ тілі – ҚазССР-нің мемлекеттік тілі болып бекітілді);

• 1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарламасы».





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет