Реферат Тақырыбы: «Пәннің оқыту объектісі және әдістер жүйесі»


Методологияға сүйеніп, зерттеуші іс-тəжірибелік қызметінде əдістер кешенімен жұмыс істейді. Осыған байланысты ғылыми əдістер құрылымын былайша көрсетуге болады



бет4/7
Дата27.11.2022
өлшемі68,51 Kb.
#53066
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дильназ рфеерат

Методологияға сүйеніп, зерттеуші іс-тəжірибелік қызметінде əдістер кешенімен жұмыс істейді. Осыған байланысты ғылыми əдістер құрылымын былайша көрсетуге болады:
1) танымның мазмұнын сипаттайтын дүниетанымдық ережелер мен теориялық принциптер; 2) зерттелуге тиіс мəселенің ерекшеліктеріне сəйкес əдістемелік қолданыстар;
2) ғылыми зерттеуді дəйектейтін, оның барысы мен нəтижелерін көрсетуде қолданылатын тəсілдер. Осылайша, əдіс зерттеудің теориясының, əдістемесінің жəне техникасының өзара байланысын іске асырады.
Методология əдістен де кең, ол əдістердің ілімі ретінде білімнің үш деңгейінен құралады: философиялық, ғылыми-теориялық жəне эмпирикалық.
Біздің ғылыми мақала жазудағы басты мақсатымыз — тарихнаманың зерттеу əдістерін көрсету жəне олардың əрқайсысына сипаттама беру. Мұндағы ойымыз — жас тарихнамашыларға тарихнамалық зерттеу дайындауда ғылымның теориялық-методологиялық ұстанымдары бойынша бағыт-бағдар көрсету.
Методологияның аса бір маңызды міндеттері — тарихнама ғылымының əдістерінің табиғатын, пайдаланылуын жəне ерекшеліктерін айқындау. Осы мақсатқа қол жеткізу əдістің жалпы мазмұнын, соның ішінде ғылымның əдісі ретінде түсіну арқылы мүмкін болады.
Əдістің ғылыми зерттеу үшін маңызы өте зор. Оның үстіне тарихнамалық процестің күрделілігі көптеген зерттеу тəсілдерін қолдануды талап етеді. Тарих ғылымында əдістің құндылығы сол, ол методологияны жетілдіру жəне байыту мақсатында қажетті материал бере алады.
Əдіс адамның танымдық қызметіндегі жəне тəжірибеде белгілі бір нəтижелерге қол жеткізудің тəсілдері, құралы ретінде баршаға таныс. Орыс зерттеушісі Е.М.Жуков: «Əдіс ғылымға бағыт беріп қана қоймайды, сонымен қатар қарастырылуға тиіс процестер мен құбылыстарды шырғалаңнан шығарудың дұрыс жолын көрсетеді», — деп толықтырған [10]. Осы тұрғыдан алғанда əдіс ғалымға тақырыпты зерттеуде бағыт беріп, оның танымдық қызметін рационалдандырып, тиімділігін қамтамасыз етеді əрі өзіне дейінгі зерттеушілердің жинақтаған фактілері мен мəліметтерін жүйелеуге, бағалауға жағдай жасайды. Сондықтан да əдіс өткен уақыттардағы ғылыми жұмыстың тəжірибесінен орын алып, болашақтағы зерттеудің шешуші факторы ретінде шынайы білімді қалыптастырудың тəсіліне айналады.
Айта кетерлік жайт, ғылыми əдебиеттерде əдіс өздігінен жасампаздық рөл атқара алмайды, ол тек шығармашылық қабілеттің дамуына жағдай жасайды деген пікір де кездеседі. Шындығында да тарихнамада əдіс өзінен-өзі зерттелуге тиіс материалға қосымшасыз білімге айнала алмайды, ал егер оны шеберлікпен таңдап, пайдалана білсе, тарихи білімді алдыға жылжытады. Осындай мағынада əдістің шығармашылық рөлі туралы айтуға болады. Тарихнамада əдістер тарих ғылымын дамыту үшін жаңа білімді алу мақсатында пайдаланылады.
Əдіс эвристикалы. Ол өз бойында объективтілік пен субъективтілікті сақтайды. Осы орайда орыс зерттеуші П.В.Копнин: «Танылған заңдылықтар əдістің объективті қырын құрайды, ал соның негізінде пайда болған зерттеудің тəсілдері мен құбылыстардың өзгеруі субъективті өмір сүреді», — деп санайды [11]. Əдістер жетіліп, өзгеріп, басқаларға орын беріп, анағұрлым прогрессивті əрі рационалды бола түседі. Əдіс методология арқылы теориямен астасып жатады, өйткені теория ғылыми əдістің дамуынсыз өмір сүре алмайды. Себебі əдіс теориялық білімге негізделген сайын күшее түседі. Сондай-ақ əдіс пен теорияның бөлінуі алғашқысының бұрмалануына, соңғысының мазмұнынан айырылуына əкеледі.
Осылайша теория мен əдістің диалектикалық өзара байланысының нəтижесінде олардың арасында бір-бірімен сабақтастықтағы толысу процесі жүреді. Мұның өзі тарихнаманың тəжірибесін түсіну үшін қажет.
Əдіс жəне оның сипаты зерттеу объектісіне қатысты айқындалады. Ол зерттелуге тиіс объектінің ерекшеліктерімен байланысып қана қоймайды, екі түрлі фактор арқылы оның мəні терең ашылады. Олар зерттеушілердің алдыңғы ұрпағының материалдар жинақтауы жəне талдануы, шынайылыққа жетудегі əлеуметтік принциптің рөлі.
Тарихнамадағы əдістің ерекшелігі мен атқаратын рөлін айқындау үшін жалпы ғылымдағы əдістің анықтамасын, ғылыми танымның түсінігін, сонымен қатар тарих ғылымын дамытудың жинақталған тəжірибесін білу қажет.
Тарихнамадағы зерттеу, яғни ғылыми əдістер — бұл тарихнамашының танымдық қызметіндегі тарихи білімнің шынайылығына жетудегі саналы тəсілдер мен жолдар. Əдіс — тарихи заңдылықтарды оның нақты көріністері тарихи фактлер, фактлерден жаңа білімді шығару жолдарын зерттеудің тəсілі [12]. Əдістер тарихнамашының қызметін рационалдандырып, ғылыми зерттеуде пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп тарихнамашының ғылыми ізденістерінің методологиялық бағыты айқындала түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет