Реферат Тақырыбы: «Пәннің оқыту объектісі және әдістер жүйесі»



бет1/7
Дата27.11.2022
өлшемі68,51 Kb.
#53066
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Тарих факультеті


Археология, этнология


және Отан тарих кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: «Пәннің оқыту объектісі және әдістер жүйесі»

Орындаған: ИО 41тобының студенті -Алпысбаева Дильназ


Тексерген: г.,ғ., м., Муратова М.Б

Қарағанды – 2022


Жоспар
Кіріспе.....................................................................................................................3б
І. І. Тарихи методология пәні және пәннің оқыту объектісі
1.1 Тарихи әдістеме ..............................................................................................7б
1.2 Тарихи зерттеудің жалпы ғылыми әдістері және арнайы әдістері.................................................... ............................................................9б
1.3 Пәнаралық зерттеу әдістері.........................................................................10б
II. Тарихи методологияның зерттеу əдістері
2.1 Тарихи методологияның зерттеу əдістері.................................................11б
2.2 Тарихи методологияның әдістері..............................................................16б
Қорытынды.........................................................................................................23бПайдаланылған әдебиеттепр тізімі...................................................................24б

Кіріспе


Өзектілігі: Қазіргі жаһандану заманында қазақ халқының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық құндылықтары насихатталып, төл деректері, құнды мұралары зерттеле түсуі қажет. Әлемдегі өркениетті елдердегі сияқты тарих ғылымының теориясы мен методологиясы біздің еліміздегі Отандық тарих ғылымы бойынша дұрыс жолға қойылуы керек. Осы аталған тақырыпқа қатысты бірқатар зерттеушілердің шағын мақалалары мен жинақтары жарық көргенімен, арнайы нұсқаулық немесе оқулық ретінде жазылған теория-методологияға қатысты іргелі зерттеу еңбектер жоқ.Себебі, қазақ елі патшалық және кеңестік империяның көп уақыт отары болды. Сондықтан, тарихы бұрмаланды және оны басқа ұлттың өкілдері жазды. Ал, қазақ зиялыларының өз тұсында елінің тарихына байланысты қалам тартып, зерттеулер жазғаны болды. Бірақ, шектеулер, қуғындаулар ұйымдастырып тежеп қойды. Тек, саяси идеология құралына айналдырылған тарих жазылды. Ескі ұғым жетегінде маркстік теория мен методологияға икемделді. Бір сөзбен айтқанда, үлкен қиянат жасалып, тарихымыз таптаурын күйге түсті. Соның салдарынан осы күнге дейін Отандық тарих ғылымының теориясы мен методологиясы қалыс қалып келді. Мысалы, Қазақстан бойынша Қаз КСР Ғылым Академиясы Төралқасының 1978 жылғы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Тарих институтында «Қазақстанның тарихнамасы» деп аталатын бөлім ғана ашылды. Оның өзі кеңестік идеология мен тар шеңберден шығып зерттеулер жасай алмады. Ал, басқа институттар мен университеттерде арнайы Отан тарихының теория-методологиясымен айналысатын кафедралар мүлдем ашылған жоқ. Сондықтан, тарихшыларымыздың алдында тұрған үлкен бір міндет осы салаға қатысты болып тұр.Қазақ елінің тарих ғылымы келесі 20 жылдықтта бұдан да биікке көтерілуі тиіс. Сондықтан, тарихшы қауым ортақ ақылдасып, іргелі зерттеу еңбектерін жарыққа шығаруы керек.Тарих ғылымының теориясы мен методологиясына қатысты ұғымдар және түсініктеріне тоқтала кетсек. Тарих теориясы – жалпы тарих туралы теория немесе ондағы нормандық теория, манор теориясы және тағы басқа да теория түрлері жайында. Қалай айтқанда да, тарих теориясы бұл жоғары, тарихи танымның дамыған деңгейі. Яғни, нақты тарихи оқиғалар мен құбылыстардың сипатталу деңгейін көрсетеді. Тарихи зерттеу теориясында тарихтың жалпы проблемалары, шындығы және танымы қарастырылады.Тарих методологиясы – (грек тіл. methodos – әдіс, таным жолы logos – сөзі) – тарих ғылымының әдістемелік таным туралы пәні және тарауы болып табылады. Әдістеме – тарихи зерттеудің құралы ретінде пайдаланылады. Әдістемелер арқылы тарихшы жаңа білім алып, оқиғалар туралы мәліметтерді нақтылайды. Осылайша, бастапқыда ХІХ ғасырда «методология» тарихи зерттеу әдістері мен тәжірибесінің негізінде қолданысқа енген. Бұл термин ең алғаш неміс тарихшыларының еңбектерінде қолданысқа еніп, кейінірек арнайы оқу пәні ретінде жүргізілген.Қазіргі заманда «методология» ұғымы бастапқы мағанадағыдай ғана аясы тар емес, тарихи танымның жалпы негізін құрайды. Мәселен, ресей тарихнамасында «методология» термині ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында университеттік оқыту жүйесі мен ғылыми зерттеудің тәжірибесінде пайда болды. Бұл методологияның құрамды бөлігі ретінде тарих философиясы да аталып жүр.Бір сөзбен айтқанда, тарих методологиясы нақты тарихи зерттеу тәжірибесінің теориялық көрінісі ретіндегі әдістемелер, ұстанымдар, ғылыми тарихи түсініктер және т.б. Тарихшының зерттеу жұмысының тәжірибесін баяндай отырып, методология танымға жетелейтін ойға мүмкіндіктер береді. Демек, методология тарихи зерттеуде жеке және жалпы проблемаларға сараптама жасайды. Бірақ, кез-келген проблемаға нақты жауапты даярлап тұрмайды. Оны қарастырудың, зерттеудің жолдарын көрсетеді.Тарих ғылымында методология мен метод бір біріне тәуелді емес. Бұл методология мен методтың өз алдына жеке танымдық формалары бар. Мәселен, методология жеке зерттеу әдістеріне қоданылмайды. Зерттеу жүйесінде техникалық әдістерді методология емес, метод деп қарастырған жөн. Ал, методология міндеті ғылыми мәселелерді шешуге жалпы теориялық ұстанымдар көрсету болып табылады. Бұл жалпы ғылыми қарым-қатынас сипатын көрінісін байқатады.Қазақ елінің тарихына қатысты өз пікірін білдірген қазақ зиялысы А. Байтұрсынов былай деп жазған еді: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел, қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады». Демек, Отан тарихын тарихшылар өз дәрежесінде зерттеу үшін тарих ғылымының теориясы мен методологиясына баса назар аударуы қажет.

Мақсаты: Тарихи методология пәнінің оқыту обьектісі мен әдістерін зерттеп, талдау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет