Реферат тақырыбы: «Полимер материалдардың негізгі өндірісі. Полимер материалдардың жіктелуі»



бет3/4
Дата24.11.2022
өлшемі33,27 Kb.
#52317
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Ðåôåðàò òà?ûðûáû «Ïîëèìåð ìàòåðèàëäàðäû? íåã³çã³ ?íä³ð³ñ³. Ïîëè

2. Полимерлердің жіктелуі 
Полимерлерді бірнеше белгілері бойынша: шығу тегі, макромолекула пішіні, негізгі тізбектің құрылысы, температураға қатысы, алу әдісіне байланысты жіктейді.
Шығу тегіне байланысты жоғары молекулалық қосылыстар төмендегідей болып бөлінеді:
· табиғи полимерлер (белоктар, нуклеин қышқылдары, крахмал, целлюлоза, табиғи каучук, лигнин т.б.);
· жасанды полимерлер – табиғи полимерлерді химиялық әдістерге ұшырату арқылы алады (нитро-, ацетоцеллюлоза, резина т.б.);
· синтетикалық полимерлер – төменгі молекулалық қосылыстардың (мономерлердің) полимерленуімен алынады.
Макромолекула пішіне қарай полимерлер:
· сызықты – (ковалентті байланыспен ұзын тізбекке қосылған мономерлер буындары); тармақталған (егер макромолекуланың негізгі тізбегінде, оған қарағанда қысқа мономер буындарынан тұратын бүйірден тармақталу пайда болғанда), торлы (кеңістікті) – макромолекула тізбектері бір-бірімен көлденең көпіршелер арқылы негізгі валенттіктермен байланысқан) – деп ажыратылады.
Негізгі тізбектің құрылысы бойынша полимерлер үш топқа бөлінеді:
· карботізбекті – негізгі тізбек көміртек атомдарынан тұратын полимерлер;
· гетеротізбекті – негізгі тізбек көміртек атомдарымен қатар N, O, S, P атомдарынан тұратын (полиэфирлер, полиамидтер, белоктар және т.б.) полимерлер;
· элементорганикалық – негізгі тізбек көміртек атомдарынан басқа да элементтерден тұратын (Al, Si, Ti т.б.) полимерлер.
Жоғары молекулалық қосылыстар алу әдісі бойынша – полимеризациялық және поликонденсациялық болып келеді.
Полимерлер температураға қатынасы бойынша термопластикалы және термореактивті болып ажыратылады. Термопластикалыға – бірнеше рет қыздырып не суытқанда қасиеттері қайтымды өзгеретін полимерлер жатады. Термореактивтіге – қыздырып не суытқанда қасиеттері қайтымсыз өзгеретін, яғни қыздырғанда кеңістіктік күйге көшетін сызықты не тармақталған полимерлер жатады.

Полимерлер жасалған негізгі материалдар болып табылады:



  • пластмассалар;

  • полипропилен;

  • полиуретандар;

  • полистирол;

  • полиакри;

  • фенол формальдегид шайырлар;

  • эпоксидті шайырлар;

  • капрона;

  • вискоза;

  • нейлон;

  • полиэстер талшықтар ;

  • тiндер;

  • фильм;

  • таниндер және басқалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет