Реферат Тақырыбы: «Рационалды тамақтану негіздері және дене салмағын бақылау.»



бет4/13
Дата14.11.2022
өлшемі69,67 Kb.
#49884
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
реферат 9

1-ші принціп. Организмге керекті барлық энергия тамақпен түседі. Биохимия курсынан белгілі ақуыздар, майлар және көмірсулар организмде өздерінің мономерлеріне дейін бөлінеді, ақырында өмірлік қажетті қосылыстардың синтезіне қолданылады немесе көмірқышқыл газ және су АТФ формасындағы энергияны береді.
Негізгі алмасу - толық тыныштық жағдайында адамның тіршілік процесін қамтамасыздандырудағы энергияның аздаған мөлшері.Өнімнің утилизациялық процесіне энергиялық шығын. Организмдегі тағам заттарының ыдырауына АТФ түріндегі белгілі энергия мөлшері жұмсалатыны биохимия курсынан белгілі. Ақуыздың қорытылуы кезінде негізгі алмасу 30-40 % жоғарылайды, майлар 4-14% , көмірсулар 4-7 %.Бұлшық еттің қызметіне жұмсалатын энергия шығыны. Әртүрлі физиологиялық іс-әрекет кезіндегі энергиялық шығын бөлінеді: физиологиялық ауыртпалығы жоқ адамдарда ол 90-100 ккал /сағ құрайды, дене шынықтыру сабағында 500-600 ккал/сағ ауыр физиологиялық еңбек және спортта одан да жоғары болады.
2-ші принціп организмнің оптимальді қажеттілігін қанағаттандыруда ақуыздың, майдың, көмірсудың рациондағы қатынасы 1:1, 2:4 болуы керек. Ақуыз орта есеппен 12% құрауы керек, рационның жалпы құндылығында майлар 30-35%, қалғандары көмірсулар. Белсенді физиологиялық еңбек кезінде ақуыздың мөлшері 11%-ке дейін төмендеуі мүмкін, майлар жоғарғы энергетикалық құндылығына байланысты .
3-принціп Тамақты қабылдау режимі тамақтану режимінің негізінде физиологы-биохимиялық реакциялар жатыр. Бас миының үлкен жартысы тағамдық орта клеткасы белгілі- бір факторлардың әсерінен қозады. Оған қанда тағамдық заттардың концентрациясы төмендеп, асқазанның босап тәбеттің жоғарылауы жатады. Сонымен қатар тәбеттің жоғарылау денсаулыққа зиянды болуы мүмкін, бірақ оның болмауы да қажет емес.

  • Тәулік ішінде тамақтану тұрақтылығы: тамақтанудағы тұрақты стереотиптің дамуы ағзаны тамақ жеуге және қорытуға шартты рефлексті дайындау үшін өте маңызды
    Тағамдық баланс: әр тағамға арналған өнімдер жиынтығы ағзаға ақуыздарды, майларды, көмірсуларды, сондай-ақ дәрумендер мен минералды заттарды ұтымды қатынаста жеткізуі керек.

    Академик А.А Покровский жасаған тепе-теңдірілген тағамның концепциясының негізінде рациондағы бөлшектелген тағам заттарының пропорциясы анықталды. Бұл пропорциялар ағзадағы ферментті жинақтарға сәйкес келеді, алмасу реакциясының жиынына және химизміне әсер етеді. Бұл концепцияның дұрыстығы объективті биологиялық заңдармен дәлелденеді, барлық тірі ағзалардың даму кезеңдеріндегі тағамының ассимиляциялық процестерімен анықталады.Тағамдағы ферменттердің химиялық құрылымындағы сәйкестігі бұзылса, онда ол нутриенттің бұзылуына әкеп соғады. Тағам заттарының ассимиляциясының белгілі бір құбылыстың әсерінен ферменттердің жұмсалуы балалардағы гидроксилаза фенилаланиннің биосинтезінің бұзылуына әкеп соғады, гидроксилаза және тағамның алмастырылмайтын факторларының қатарынан, қауіпті токсикалық қосылыстардан аминқышқылдарды тасымалдайды, олар баланың психологиялық және физиологиялық дамуының тоқтап қалуына әкеледі. Осы ауруларды емдейтін жалғыз ғана әдіс диетотерапия.Белгілі ферменттік жүйе эволюция процесіндегі жұмсалуы алмастырылмайтын тағам заттарының пайда болуымен түсіндіріледі (кейбір дәрумендер, амин қышқылдар, минералды заттар т.б). Бұл процесс өзінің өтуімен ерекшеленеді. Мысалы: адамдағы және кейбір жануарлардағы аскорбин қышқылы, алмастырылмайтын зат және басқа жануарларда болуы міндетті емес, өйткені олардың тіні С дәруменімен синтездейді.Тамақтану аумағындағы мәселелер, аурулардың таралуымен пайда болуы, тамақты жеткіліксіз қабылдау әсері көптеген жүйелердің пайда болуына әкеледі. Жаңа диеталық және теориялық тамақтану:Вегетариандық - тамақтану жүйесі, ет тағамдарын қабылдамау. Вегетариандықтың алғашқы бастаушысы ежелгі грек философы, математигі Пифагор (б.э.д VI ғ.). Көптеген атақты адамдар қатарында И.Репин және В.Н Толстой вегетариандықты ұстап көрген. Олар бұдан біріншіден этикалық және эстетикалық негізді, тірі ағзаның жоғалуын көрген, бірақ өсімдік ағзалар-осылар сияқты жердегі тірі тіршіліктер, сондықтан да олардың философиясы сын көтере алмайды. Емдік аштық - белгілі бір уақыт ішіндегі тамақтан бас тарту. Аштық уақыты әртүрлі - бір күннен бірнеше күнге дейін. Бұл жүйеде ағзаның мобилизациялық қорғау күші және олардың резервті күштерді қосу мәжбүрлігі ағзадағы түпкілікті тағам алмасуындағы тазаруына негізделген.Ата-бабаларымыздың тамақтану концепциясы. Бұл концепцияда ежелгі адамдардың тамақтану енгізіліп жатыр. Бұл бағыттың бастаушысы тағамды шикілей және құрғақтай қабылдау болып бөлінеді.
    Құрғақтай қабылдаушылар тағамды жылумен және басқалай өңдеуді қолданбаған, оған себеп өнімнің тағамдық құндылығы сау және ауру адамның организміндегі тамақтану әлдеқайда тиімді.

    1. Бөлінген тағам концепциясы-ол өнім тағамдарының сәйкессіздігін және сәйкестігін қатаң қадағалайды. Мысалы: бұл концепцияға сай ақуыз және құрамында көмірсу қосылыстары бар тағамдарын қабылдауға болмайды (ет, балық, сүт, нан, ботқа және т.б). Бұның негізін салған американдық диетолог Герберд Шелтон (1895-1985), асқазандағы тағамды қорытылу ерекшелігімен түсіндіреді. Қарастыратын болсақ, ауыз асқазанның төменгі жағындағы қышқыл ортада ферменттердің әсерінен қортылады, ал крахмал ол үстіңгі жақта сілтілік ортада сілекей ферментінің әсерінен қортылады. Асқазандағы қышқыл ортада сілекей ферменттерінің активтігі жоғалады және крахмалды қорыту тоқталады.Тәулік ішінде тағамның өлшемділік ережесі: тамақтану арасындағы интервал 4-5 сағаттан аспау, ең қолайлы - күніне 4 рет тамақтану


      Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет