ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ
«АГРАРЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ
«ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА» КАФЕДРАСЫ
«Жануарлардың гинекологиялық аурулары»
пәні бойынша
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ұрықтандыру түрлері және әдістері
Қабылдаған : Cарыбаев Ы.У.
Орындаған: Партаев Е.Т
Шымкент, 2023 ж.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Малдарды жасанды ұрықтандыру, оның мәні.................................4
2.2. Қолдан ұрықтандырудың артықшылығы мен кемшілігі................9
2.3. Жануарды қолдан ұрықтандыруының техникасы.........................10
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Ветеринариялық мамандарды дайындауында жануарлар репродукциясының биотехникасы, акушерлігі және гинекологиясы ерекше мәнді роль атқарады. Олар организмнің екі жүйесі бойынша білім береді: жыныс мүшелер және сүт бездері. Олардың жүйкелінуімен жануарлар өнімділігінің барлық түрлері (сүт, ет, жүн және т.б.) тікелей немесе жанама байланысты. Бұл жүйелердің функциясы бұзылған кезде мал төлдемейді, сүті аз болады немесе болмайды. Егер малда асыл тұқымды немесе шаруашылық құндылығы болмаса, онда оны жояды. Ауыл шаруашылық мекемелерде жыл сайын сиырлардың 20 – 30% жойяды, олардың жартысының себептері әр қашан қысыр болу немесе қабынған әлде функциональді мінездемесіндегі сүт бездерінің аурулары болып табылады. Ветеринариялық мәселелерді малшаруашылығының индустриализациясы, жайылу орталарының жетіспеуі, жайылуға жібермеу және экологиясы жаман жағдайлар тудырады. Соңғы уақыттарда арнайы әдебиетте «технопатия» термині пайда болды. Ол дегеніміз техникалық заттардың арқасында аурулардың пайда болуы.
Қазіргі ХХІ ғасырдың жетістігі – биотехнология. Биотехнология жаңалықтарын ашуға қолдан ұрықтандыру, көбею фунциясын горманаль реттеу, эмбриондар трансплантациялау салаларындағы теориялық жаңалықтар негіз болды. Көбею биотехнологиясын мал шаруашылығында қолданудың болашағы орасан зор . Көптеген елдерде бұл осы күннің өзінде комерциялық жолға қойылған. Жануарлар эмбриондарын трансплантация бойынша зоотехнияда үлкен прогресс жасалған. Бұл әдіс селеукция-асылдандыру жұмыстарында мықтап орын алды. Біз қазір трансплантация әдісінің жетілдіру өзекті мәселелерден болып қалып отыр.
Гинекологиямен бірге жыныс мүшелерінің қызметінің бұзылуымен патологиялық процесстердің туындауының қысырлыққа әкеліп соғатынын да зерттейтін ғылым. Акушерлік пен гинекология қалыпты және патологиялық анатомия, физиология, зоогигиена, гистология, эмбриология, микробиология, терапия, хирургия, фармакология және басқа пәндердің ғылыми және тәжірибелік негізінде қалыптасқан.
20 ғасырдың сонында шетел елдерде акушерлікпен бірге ветеринариялық гинекологияның және жаңа туған төлдер ауруларыны сұрақтары сипатталды. Болған советтік одағы ол өте дами бастады. 1919 жылы Москвадағы ветеринариялық институтта проф. Н.Ф. Мышкин бірінші ветеринариялық акушерство кафедрасын ашты. Осы ғалым 1931 жылы малдәрігерлік акушерліктен ең алғашқы оқулық шығарды. Н.Ф. Мышкин сиырлардың буаздыққа балау мен қысыр қалу сұрақтарын зерттеп, шуы туспеуге және төлдеу кезіндегі парез ауруларының алдын алуға бірнеше әдістер ұсынды. Ресей ғылымдары Ф.Ю. Тарасевич, Ф.П. Студенцов, И.И. Иванов Л.Г. Субботина және т.б. малдәрігерлік акушерлік пен гинекологияның дамуына көп еңбектерін тигізді. Гинекологиялық ауруларға, желінсауға, төлдеу кезіндегі және төлдеуден кейінгі асқынуларға осымен қатар іш тастауға қысыр қалуға қарсы ресей мен Қазақстанның ғалымдары көп ғылыми еңбектер дайындап жазды.
Қазіргі заманның малдәрігерлік акушерлікте ең негізгі мақсатының бірі –а/ш аналық және аталық малдардың аурудан сау болып, сау төл беріп қысыр қалмауы, желінсауға, шуы түспеуге, төлдердің ауруларына қарсы шаралар өткізіп, алдын алу шаралары мен куресу жолдарын қарастыру. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда қайта құру кездерінде мал басы күрт қысқарып кетті. Сондықтанда, Республикада мал басын жылдам қарқында көбейту маңызды мәселелердің бірі. Донорлар дегеніміз – генетикалық бағалы ооциттер мен эмбриондар алынатын аналық мал басы.
Аталықтар деп отырғанымыз, донор аналықтарды ұрықтандыратын аталық жануарлар. Ол жануарларда аса бағалы генотипі ген, физиологиялық жағынан сау аталық қасиеті жақсы дамыған жануарлар түрінің аталықтары болуға тиіс. Демек, дәл осы сияқты жануарлар ғана мал басын көбейтуге қатысады. Жай шаруашылық жануарлары дегеніміз – генотипі бойынша онда бағалы емес, бірақ физиологияылқ жанынан дендері сау, көбею қабілеттері дұрыс жануарлар. Бұл топтағы жануарларға реципиенттер жатады. Реципиенттер дегеніміз – биотехнологиядағы бөгде эмбрионды қашан төл туып болғанша өсіретін жануарлар тобы.
Достарыңызбен бөлісу: |